Информатика. XXI ғасыр көшбасшысы.
7 Февраль 2014 – 08:59 | Нет комментариев

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабекқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебі Информатика пән  мұғалімі
Қымбатты «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Көрнекті …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Басты тақырып, Информатика, Таңдаулы

Информатика. XXI ғасыр көшбасшысы.

Опубликовал в 7 Февраль 2014 – 08:59Нет комментариев
Информатика. XXI ғасыр көшбасшысы.

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабекқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебі Информатика пән  мұғалімі

Қымбатты «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер

Көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз: ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Сіздерді ойынымызға шақырамыз,
Есепті шешкеніңізді ескереміз
Физика, Математика, Информатикадан,
Аз да болса білімдеріңізді тексереміз.

Бүгінгі сайысымызға 9-11 сынып оқушылары қатысып отыр. Олар:

Әділқазы армысыздар, алқалар.
Талай-талай шындық сізде бар табар!
Бағаларын ойыншының беретін
Қымбат бізге-билігі бар орталар:
Әділ қазы алқасы:
1.
2.
Енді ойынның ережесімен таныстырып өтейін. Ойын 4 айналымнан тұрады.
1 айналым  “Бәйге”
2 айналым  «Ғажайып үштік»
3 айналым «Дода»
4 айналым «Жорға»

1 кезең «Бәйгеде » берілген сұрақтарға і бірінші болып  қол көтерген   оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса,келесі  оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 баллдан есептеледі.

Ал құрметті , ойыншылар! “Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер” дегендей додамызды бастайық.

2 кезең «Ғажайып үштікте» оқушылар  тор көзді таңдап,  жауап берген жағдайда сол ұпай беріледі. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

3 кезең «Додада»  балдық жүйелермен тақырыптар беріледі.Қалаған тақырыбы және балдық жүйесі бойынша сұраққа жауап бере алады.Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.   

4 кезең «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.Ұпайы көп оқушы жеңімпаз аталады

Математика
1. Математика патшасы (неміс математигі К.Гауус)
2.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? ( 0)
3. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда    4-тен артық,5-тен кем сан шығады? ( үтір )
4. Ең кіші жай сан ( 2 )
5.  π- дің жуық мәні ( 3.14 )
6. Сыныптағы 24 оқушының 6–уы қыздар. Қыздар сыныптағы барлық оқушылардың неше пайызын құрайды?/ 25 пайызы
Физика
1. Ағаш зат па, нәрсе ме? ( Зат )
2. Күштің өлшем бірлігі ( Ньютон)
3. Бірінші космостық жылдамдық (8км∕с)
4. Еркін түсу үдеуінің мәні ( 9,8м∕с²)
5. Элементар электр зарядының абсолют мәні ( 1,6 * 10-19 Кл)
6. Ылғал топырақ жарықты жақсы өткізеді. Неліктен? (Құрғақ топыраққа қарағанда жарықты жақсы шағылдырады.)
Информатика
1. Қоршаған орта туралы мәлімет. ( ақпарат )
2. Сегіз биттен тұратын топ ( байт )
3. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат ( файл )
4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс ( интерфейс )
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ( монитор )
6. 1 килобайтта қанша байтқа тең?/ 1024 байт

Әділқазылар алқасы! Ойыншылардың бағаларын берулеріңіз сұралады. ——-
Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:
Ол————————————-
ҒАЖАЙЫП
ҮШТІК
Экран арқылы
Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:
Ол————————————-
Слайдқа карап оқу

3 айналым  ДОДА
Архимед, Паскаль, Ньютондай жаңалық ашар,
Болса үміткер, осы ойында үлес қосар.
Ұлы математик, информатик, физиктің ізін басар
Біздерде бар ма екен талапкер?!

3 айналымда (3 оқушының аты-жөні айтылады.)

Бұл айналымда 12 ұяшықта математика, физика, информатика ғылымдарына байланысты сұрақтар беріледі. Ұяшықтардың кез келгеніндегі сұрақтарға жауап беріп, сәйкес  10,20,30  ұпайларына ие боласыз.

Дайын болсаңыздар, ұпайы жоғарыдан төмен ұпай жинаған ойыншыларымыз кезекпен жауап береді. Жоғары ұпай жинаған ——————

Ойын ойналады

Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:

Ол————————————-

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтауда келесі айналымды бастайық.

4 айналым «Жорға»

Әрбір ойыншы 1 минутта 15 сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа жауап бергеніңізге байланысты ұпай жинай аласыз.

Ұпайы жоғары ойыншымыздан бастайық. Ұпайы төмен болған ойыншының  залдан шыға тұруын өтінеміз.

Дайын болсаңыздар, 4 айналымның сұрақтары:

ЖОРҒА

. Кесіндіні өлшейтін құрал?

( сызғыш )

2. Сұйықтың көлемін қандай құралмен өлшейді?

(мензурка)

3. Дыбыс жазуға арналған құрылғы

( микрофон )

4.  63 құрама сан ба?

( ия )

5.Жарық жылдамдығы нешеге тең?

(3 * 108 м\с)

6. Принтердің неше түрі бар?

( 3 түрі бар )

7.  Sin 45º мәні неге таң?

( √2∕2)

  1. Дене қызуын сипаттайтын шама

(температура)

 

9. Сол жақтағы символды өшіретін  перне

(Backspace)

10.   5-ке  қарама-қарсы сан

( -5 )

11.Ток күшін өлшейтін құрал

(амперметр)

12. Иілгіш диск қалай аталады

( дискета )

13. Ең үлкен екі таңбалы сан

( 99 )

14.Ең үлкен ғаламшар

(юпитер)

15. Жай кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?

(Word бағдарламасында орындалатын кестені жай кесте дейміз)

2- ші ойыншы

  1. Бұрышты өлшейтін құрал

(транспортир)

2. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал

(психрометр)

3. Дыбыс шығаруға арналған құрылғы

( колонка )

4. 73 жай сан ба?

(ия)

5. Судың қату температурасы

( 0  C)

6. Калькулятордың неше түрі бар?

( 2 )

7. Cos45º мәні неге тең?

( √2∕2)

8. Орын ауыстыруды сипаттайтын шама

(жол)

  1. Оң жақтағы символды өшіретін  перне

(Delete)

10.   9- ға кері сан

(1∕9)

11.Кернеуді өлшетін құрал

(вольтметр)

12.  Қатқыл диск қалай аталады?

( винчестр )

13.  Ең кіші екі таңбалы сан

(10)

14.Ең кіші ғаламшар

(плутон)

15. Электронды кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?

(Excel бағдарламасында орналасқан дайын кесте.)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз: ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.