Желілік қоғамдастықтың маңызы
Ермекова Қалампыр Сансызбайқызы. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ОЖББМБ, Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өткен, жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі.
Қазіргі таңда әлем қай жағынан алып қарасаңыз да қарқынды түрде даму үстінде. Сондықтан біз тер төгіп жүрген білім беру жүйесі де бүгінгі жаһандану көшінен бір адым да артта қалуға болмайды. Өйткені еліміздің тұтқасын ертең ұстайтын ұрпақ бүгін аса білімді болуы керек. Ал мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі - білім беруді түбегейлі өзгерту. Қазіргі таңда барлық мектептер үшін ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?»
Әлемдік жаһандану кезінде білім беру саласында оң реформалардың мәні мен қажеттігі анық сезіледі. Осы орайда, «Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда. Осыған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Осы бағытта «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірленген деңгейлік бағдарламалары бойынша мұғалімдерге арналған 3 айлық курстары арқылы бұл мәселені шешуде. Соның бірі «Білім беру саласында мектептер арасында желілік қоғамдастық құру» басты орын алып отыр.
Өзектілігі: Білім беру саласы мектептердің жеке ұйымдастырушылық оқшаулау саясаты дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан, мектептер арасындағы ынтымақтастық орнату, белгілі бір мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, керісінше барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.
Мектептердің желілік қоғамдастығы оқушылар жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру және оның мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер (оның үнемі интернет желісі арқылы жұмыс істеуі міндетті емес) (МАН:1-деңгей, 51 бет)
Мақсаты: мұғалімнің кәсіби қызметіне қолдау көрсету; жаңа білім беру бастамаларын жасау және қолдау; бірлескен желілік практикалық қызмет арқылы өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін беру; бірыңғай ақпараттық педагогикалық ресурс құру; мұғалімдердің желідегі практикалық қызметін ұйымдастыру; құрылатын жобаларға қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және іске асыру; мектепті басқарудың жаңа бастамаларын игеру.
Әр мектеп өз оқушыларын болашақта жақсы жетістіктерге жеткізгілері келсе, басты мәселе оқыту және оқу болуы тиіс. Мектеп басшылығы мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне, сондай-ақ мұғалімдер жұмыс істеп, оқушылар білім алатын жағдайға, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп нәтижелерін жақсартуда басты рөл атқарады.
Мектеп басшылығы ықпал ететін негізгі салалар: мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету; барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және ұйымдастыру; мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау; командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру.
Мектеп білімінің сәтті жүйелері оқыту көшбасшысы ретінде директорларға тиімді тәжірибе қоғамдастығын құруды ұсынады, оларда мұғалімдердің кәсіби даярлығы ұдайы жетілдіріліп, ол жұмыс күнінің құрылымына енеді.
Желіні дамыту проблемаларын шешерде желінің құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім береміз деген сенім болуға тиіс; олардың құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс; білім беру желілері көлемі жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ әдетте желіге кіретін мектептер саны басқаруға келетін деңгейден аспайды. Көптеген білім беру желілері бір жерде орналасқан мектептерді біріктіреді. /Әдетте 6-11 мектеп/. Мұндағы негізгі мақсат оқшауланып қалмай, білім беру ресурстарын ортақ пайдалану болып табылады. Желілік қоғамдастық табысты болу үшін мектептерден көшбасшы мұғалімдер бір-біріне барып немесе кәсіптік дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге болады.
Табысты желілер реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру арқылы жұмыс істейді. Желілік қоғамдастықта мұндай топтың 3 түрі бар:
Басшылық етуші топтар реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. /Көшбасшы мұғалімдер, директор, орынбасарлары/
Үйлестіруші топтар желінің әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.
Дамытушы топтар желінің даму жоспарларында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы желіні дамытуға өз үлестерін қосады.
Желілік қоғамдастықты қалай құрамыз?
Бұқаралық ақпарат құралдары: (вебсайттар, жарнамалар, блогтар) маңызды рөл атқарады. Бастапқы кезеңде қоғамдастықтан шет жүрген , алайда қоғамдастық үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды бола алатын адамдарды анықтап алу керек. Оларды барлық жағдайлар туралы хабардар етіп отыру және оларды іс-шаралар мен кездесулерге шақыру . Іс-шаралар түрлері бірлескен зерттеу топтары; кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар; мектеп желілері ішіндегі оқыту мақсатындағы сапарлар; бірлескен тренингтер мен тәлімгерлік / Lesson Study топтары/ болуы мүмкін.
Желілік қоғамдастық қажеттілігі мен тиімділігі Білім берудегі тиімді, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу; оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану және оның тиімділігін байқау жаңа идея, тәжірибелермен алмасу; мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау; қолда бар ресурстарды бірігіп пайдалану.
Қоғамдастықта басты назардағы ұстыным қоғамдастықтағы мектептер тең дәрежеде болуы керек; әрбір іс-шарадан кейін «Біз білім алдық па? Біз не үйрендік?» деген ұдайы сұрақтар қойылуы керек; өз мектебіңіздің даму мониторингін бақылап отырыңыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар арқылы көпшілік қауымды жетістіктер туралы хабардар етіп отыру қажет.
Болашақта қоғамдастық жұмысының жүйелі іс- шара жоспарын жасақтап, енгізіліп жатқан бұл өзгерістерге қолдау көрсету үшін оның жұмысына қатысушыларды тарту, сөйтіп қоғамдастық жұмысын одан әрі кеңейту жұмыстары тұр.
Сөзімді қорыта келе желілік қоғамдастықтың көмегімен бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемаларды шешуге, мұғалімдерді ынтымақтастырып, жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру үшін серпінді жағдайлар жасауға болады. Кәсіби ынтымақтастық балалардың өмірі мен біліміне түрлендіруші өзгеріс енгізудің дара жолы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1) Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН: І деңгей)
2) Қоғамдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы нұсқаулығы
3) Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
І деңгей 12 –бет
4) www.cpm.kz сайтынан ресурстар.
Ұқсас тақырыптар:
- Comparing the systems of education in Great Britain and Kazakhstan.
- Ағылшын тілі-11. The 11th form. The Importance of learning and knowing English.
- Ағылшын тілі.«Environment and You» «Environment and You»
- Eng-6. How much juice? How many apples?
- English: “THE FUTURE OF CYBERSPACE”
- English: A sound mind in a sound body
- Eng-6. Celebrating holidays.
- The lesson: Who is taller?
- «Информатика пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік бетті құрастыру.
- Ағылшын тілі 5- класс. Тақырыбы: My room