Avto CAD -тағы массивтер, элементтерді бұру.
13 Январь 2014 – 12:56 | Нет комментариев

Жанадилова А.Т. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кенті, МКҚК «Жетібай кәсіптік колледжі», «Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының арнайы пән мұғалімі.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге бағдарлама туралы түсініктерін жалғастыра отыра, оларды сызбалардағы объектілерді редакторлауға үйрету, Оларға сызбалар жасақтау барысында ой-өрісін, шығармашылығын …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

Информатика сабағын ойын, сайыс сабақтары ретінде өткізудің тиімділігі.

Опубликовал в 17 Январь 2014 – 09:37Нет комментариев

Сатыбалдиева Гүлнара.

Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  өзінің 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деп  атап көрсеткен болатын. Бұл білім мен тәрбие беретін мемлекеттік мекеме орындарына байланысты айтылғаны белгілі. Орта мектепте толық білім алып, бағдарламаны толық  меңгерген оқушыдан болашақта көп үміт күтуге болады, олардан жақсы маман, тәрбиелі, саналы азамат шығары хақ.

Қоғамымыздың ілгері дамуы үшін әрбір адамның біліктілігі мен білімі жоғары деңгейде болуы тиіс деп есептеймін.

Мектеп – тәрбие ошағы. Болашақ ұрпақты көзі ашық,көкірегі ояу, білім сапасы жоғары, тәрбиелі, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі мектептен басталады.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басты бағыт болып табылады. Жалпы алғанда өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, космостық деп аталып жатуының өзі адамның  ақыл-ойының, санасының жемісі, яғни адам шығармашылығының жетістіктерінің көрінісі. Қазіргі заманда сабақ беру, оқытуға байланысты түрлі әдістер мен жаңа технологиялар бар. Мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту», «Деңгейлеп – саралап оқыту». Бұл әдістердің барлығының да мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Зерттеу  обьектісі:  Мектептерде информатика пәнін оқыту  үрдісі.

Зерттеу  пәні:  Орта мектептерде  информатика пәнін  оқыту  барысында оқушылардың белсенділігін  арттыру.

Зерттеу  мақсаты: Орта мектептерде информатика сабағын оқыту кезінде оқушылардың белсенділігін арттырып, теориялық тұрғыда негізге ала отырып,жүзеге асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

- мектепте информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын нығайтуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу;

- белсенділікті нығайту ерекшеліктері және оған қойылатын талаптарды анықтау; белсенділікті нығайту  жолдарын пайдалану арқылы оның тиімділігін тәжірибе барысында тексеру.

Зерттеу болжамы: Информатика пәнін оқыту барысында белсендлікті арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын нығайта түссек, онда оқушылардың белсенділік арқылы болашақ өмірге бейімділігі, шыдамдылық, ептілік сияқты қасиеттері артады деп есептеймін.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

Оқушылардың ойлауын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыратын, белсенділігін арттыратын әдістерді пайдалану мектептің негізгі сатысында білімді игертуді жүзеге асыру үшін практикалық қолданыс деңгейіне жеткізілді.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»-деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті.  Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануы міндетті. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс.

Қазіргі мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Мұғалім-ақпараттанушы, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл - мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелігі-оның сабақты түрлендіре өткізіп,оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Егер ол іс-тәжірибесінде «Информатика сабағында оқушылардың білімін»тиімді пайдалана отырып,күнделікті сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық,практикалық құндылығы жоғары болған сайын, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығымен жоғарғы деңгейде өтеді. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Сондықтан да әр информатика пәні сабағын бір-біріне ұқсатпай сайыс, конференция, өзін-өзі бақылау, жаңалық ашу, өнер табушылық, реферат қорғау сияқты түрлендіріп отыруымыз керек.

Қазіргі кезде мектеп пәндерін оның ішінде информатиканы оқытудың бүкіл әдістемелік жүйесі жаңару үстінде. Соған орай әдістемелік жүйенің бір құрамдас бөлігі-оқытудың формасын жетілдіруі мәселесіне тоқталғым келеді.Жалпы сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай іздеуіне, жауапкершілігіне байланысты.  Әр пәннің мазмұнына білімділік, тәрбиелік және балалардың ой-өрісін дамыту кіреді. Осы мақсатта оқытуды ойынмен ұштастырады. Осыған сәйкес информатика сабақтарында ұлттық ойындарды жүргізе отырып оқушылардың логикалық ойлау,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ұлттық танымын тереңдетуге болатындығы айқын. Ұлттық тәжірибелер мен тағлымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері,  ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер,  рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы-тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі. Ойын балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе,  ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақта ойын арқылы білімді шыңдап,ой-өрісін кеңейтеді.  Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшандылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сойлеуге, ептілікке, тапқырлыққа, баулиды және оқушыларды бір-бірімен жақындастырып достыққа, жолдастыққа,  адамершілікке тәрбиейді. Ойындар оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып қызығуын туғызады. Ойындар әр түрлі бағытта жүргізіліп отырады. Оқушылардың санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымғы, білімге деген ынталары үшін сабақта ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп.

Оқытудың ең бір ерекше түрі-ойын сабақтар. Мұндай ойын сабақтар біріншіден, оқушыны сергіту болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады, үшіншіден, өтілген материалдарды қайталау тұрақты түрде жүзеге асырылады. Балалар жалықпас үшін ойындарды жеке оқушылармаен, топтармен немесе бүкіл сынып оқушыларымен жүргізуге болады. Сондай-ақ ойындар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Отанын сүюге, ұлтына деген патриоттық сезімін, ыстық ықыласын оятады. Қалай десек те, оқушылар санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымға, білімге деген ынталарын арттыруда. Ұлттық ойындарды сабақта пайдалану көп нәтиже береді.

Қорыта келгенде, сайыс, ойын, жарыс сабақтар бір қырынан алып қарағанда оқушыны сергіту болса, екінші қырынан оқушылар ойынға қатысу арқылы өз білімдерін толықтырып отырады, сонымен бірге өтілген материалдарды жүйелі қайталауға мүмкіндік тудырады. Мұндай сабақтардың мақсаты оқушылардың білім деңгейін көтерумен қатар сабаққа деген  қызығушылықты арттыру. Сайыс түрлері арқылы оқушылардың қызығушылығы артып,тапқырлық, ізденімпаздылық қасиеттері қалыптасады. Оқушыларға осындай сабақтарды топпен, жеке оқушылармен немесе бүкіл сынып оқушыларымен өткізу арқылы сабақты қызықты етіп өткізуге болады. Сондай-ақ ойын барысында оқушылар бір-біріне деген сыйластыққа,білімді дұрыс бағалауға және әділдікке дағдыланады. Сонымен бірге сабақ барысында ұлттық салт-дәстүрлерімізді де қалыс қалдырмаған жөн. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ бойына білім арқылы дарыта отырып оқыту бүгінгі инновациялық дамыған қоғамда өте қажет

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.