20 Январь 2014 – 14:33 | Нет комментариев

Қасихан Еңілік. Ақмола облысы.
Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер коучинг сессиясының соңына дейін, коучинг туралы толық мғлұматалып, коучингтің жүргізілу үдерісімен толық таныс болады.
Коучинг …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

6 сынып. Нөмерленген, маркерленген тізім. Бағандар.

Опубликовал в 27 Январь 2014 – 17:12Нет комментариев

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізім. Бағандар

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға нөмірленген және маркерленген тізім мен бағандарды қоюды түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: компьютер,интерактивтік тақта, тест, карточкалар.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Журнал толтыру. Сабақққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Ауызша сұрау. (қаптағы сұрақтар)
Ә) MS Word терезесінің элементтерін жазу

Б) Тест арқылы, оқушылар бір-бірлерін тексереді. (слайд)
Жаңа сабаққа дайындық жасау. Сөзжұмбақ шешу( тізім, баған)
1. қандай құрал ?
2. Мәтінмен жүргізілетін әрекет?
3. Экранның тік төртбұрышты аймағы?
4. Delete пернесінің қызметі?
5. Интернет желісіне қосатын құрылғы?
№1.

Мына сөзжұмбақты шешу арқылы қандай сөздерді оқи аласыңдар?
Тізім
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Міне, бүгін біз мәтіндік редакторда тізім қоюды, бағанға бөлуді үйренетін боламыз. Бұл тақырыпты меңгеру үшін маған оқушылар көмектеседі.
- нөмірленген тізім
- маркерленген тізім
- баған
Нөмірленген тізім
Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.
Маркерленген тізім
Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.
Бағандар
Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады
Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.
Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады.
Ол үшін мындай дайын мәтін аламын
мысалы мен Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған /колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін таңдауға болады.
Жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Жақсы! Онда компьютерде тапсырмалар орындаймыз.
4. а) Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау. Компьютерде 6сынып деген қапшықтағы тапсымаларды орындату
Тапсырма №1.
Мына сөзді септеңдер : информатика
Мысал:
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
Информатика сөзін өзің септе:
Атау септік: информатика
Ілік септік: информатиканың
Барыс септік: информатикаға
Табыс септік: информатиканы
Жатыс септік. информатикада
Шығыс септік: информатикадан
Көмектес септік: информатикамен
Тапсырма №2.
« Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде жазыңдар. Мысалы:
• компас;
• компьютер;
Тапсырма № 3.
1. Мәтінді белгілеп алып Разметка страницы- Колонки командасын орындап, екі бағанға бөліңдер.

Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

ә) Сергіту сәті. Көзге жаттығу
5.Үйге тапсырма: Нөмірленген және маркерленген тізім. Бағандар тақырыбын оқу. MS Word редакторына ребус құрастыру.
6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Нені үйрендік?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
7. Оқушыларды бағалау.
Алматы қаласы
М.Әуезов атындағы №128 мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі: Досполова Сәуле Аманкелдіқызы

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.