Әлеуметтік желі және ұстаз
9 Декабрь 2013 – 11:18 | Один комментарий

Сержан Қасен.  Pedsovet.kz сайтының әкімшісі.
Ең алдымен әлеуметтік желі деген не?  Осыған анықтама бере кетсек.
Бұл ұғымның ресми анықтамасы – Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып, Тәрбие сағаттар

8-наурыз – Аналар мерекесі.

Опубликовал в 17 Декабрь 2013 – 23:35Нет комментариев

Есматова Аймангүл Қинаятқызы. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,  “Парасат” мектеп-лицейі,  мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Мақсаты:
Балалардың 8 наурыз мерекесіне орай көңіл-күйлерін көтеру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен тараған.

Қадірлі аналар, көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіздің құрметіне бүгін біздің бүлдіршіндер сіздерге арнап, өз өнерлерін көрсетпекші.

Армысыздар, ару қыздар,абзал аналар!

Ән: Ардақты анажан.

Өмір сүрген әр адам, өркендеген анадан.
Аялаған өзіңіз, ардақтаймыз анажан.
Күнге бізді балаған, күнше күліп қараған.
Адам еткен өзіңіз, ардақтаймыз анажан.
Ас дәмдісін қалаған, аямаған баладан.
Ақ сүт берген өзіңіз,ардақтаймыз анажан.

1-бала Бейбарыс
Бүгін наурыздың сегізі, сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,анаға айтар лебізі.

2-бала.Мирас
Жанымызды жайнатқан, сіздерсіз ғой ,аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт, тілейді барша балалар.

3-бала.Олжас
Келеді көктем,көк көктем.
Көктемде соғар жел өктем.
Шашып жерге көк нұрын,
күлімдейді күн көктен.

4-бала.Жігер
Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,
ана деген-қайнар ыстық бұлағың.

5-бала Артур
Ана деген –өмірдегі қамқорың,
Ана деген-сүйенерің, жан құрбым.

6-бала.Талғат 
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбәт мамам, ақ мамам.
Сені көрсем қуанам,
сен керексің қайда да.

7-бала.Диас
Сырымды ұғатын, өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын, айымсың туатын.

8-бала. Жігер
Аялы алақан, әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,қатемді кешірген.

9-бала. Мейрам
Әлпештеген аялаған,
ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
мейрамымен   құттықтаймын.

                                                            Ән: Әнші балапан.

Білім, ғылым, өнерге.
Қанат қағар кездерін.
Ата-салтын ертеңге,
жеткізетін өздерің.
Әнші, биші, әнші балапан.
Әнші, жыршы, күйші балапан.

Қымбатты да,құрметті аналар мен ару қыздарға арнап, Берік ата-анамыз ән сыйлайды.

Орындауында:                                        «Қазақ қызы»

Ойын: « Кім тез сыйлайды?»

  Ойынның шарты:
-          Стақандағы жеті гүлді кім тез анасына жеткізеді,сол жеңімпаз аталады,ойын жалғасады.

Қуыршақтар сөйлейді:

Рухия
«Балалардың әлемі» деген дүкен бар еді. Әжем сатып әперді,бір қуыршақ әдемі.

Дильназ
Қуыршағым Айзада,айдай болған перизат.
Біргеміз біз қайда да,өзі сондай асыл зат.

Динара
Қуыршағым Айман, жүз көрсетер айнам, тигізетін көп пайдаң.

Жанель
Қуыршағым Әсемгүл,гүлдей болып жайна.
Жарқырағаң бейнең,ұқсайды туған айға.

Дария
Қуыршағым Айнагүл,өзімменен бірге жүр.
Биле,жырла,ән сал,өнердің бәрін біл.

Айгерім
Қуыршағым Балшекер, ойнай берме құр бекер.
Әліппеңді қолыңа ал, әріптерді біліп ал.

Іңкәр
Қуыршағым Айнұр,
ай келбетті сұлуым.
Таратқан досқа жылуын.

Альмира
Қуыршағым Ақайша, билемейсін қалайша. жарқырасын жаңа Айша.

Сабина
Қуыршағым Марфуға,
құмар өлең айтуға.
Өзі сондай әсем,
сөз сөйлеуге шешен.

                                                          Ән: Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,
бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
айтқаныңнан шықпайды.
Ал қозы мен құлыншақ ,
ұйықта десе, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,
осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
тұрғызармын бұрышқа.

Қыздардың орындауында би

Дариға
Сіздерден өскен балалар,
батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейрамымен,
аяулы біздің аналар.

Альмира
Әжең асыл ардағың,
атаң дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,б
әрі саған қуансын

Абзал
Анаң-күнің, жүрегің,
Әкең-өмір тірегін.
Сен бақытты ұлансың,
бәрі саған қуансын.

Бейбарыс
Бүгінгі күн керемет,
бүгін бізде мереке.
Күннің нұры себелеп,а
лып келді береке.

Айгерім
Көп жылдар бойы бұл мереке,
осы күні тойланады.
Аналар үшін балаларға,
неше әсем ой салады.

Сабина
Мені жақсы көреді,
күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
маған айтып береді.

Артур
Наурыз нұрын шашсын,
жылыға есік ашсын.
Қадірменді аналар,
мерейлерің ассын.

Дариға
Өмірдің сәні анада,
ананың сәні балада.
Ана мен бала қуанар,
келгенде көктем далаға.

Диас
Өмірдің қыздар гүлі ғой,
қадірін оның біліп қой.
8-наурыз-мереке,
құтты болсын ұлы той.

 Динара
Наурыз деген жыл басы,
бар жақсылық жолдасы.
Түн кемиді, жарық бол.
Наурыз салған осы жол.

«Шоқ қыздар»

Жанаев Талғаттың орындауында.

Қыздар билейді.

Ойын: « Кім мәреге тез жетеді?»

 Ойынның шарты:
-Аналары мен қыздары аяқ киімдерін ауыстырып киіп алып, мәреге тез жету керек.  Кім мәреге тез жетеді, сол жеңімпаз аталады, ойын жалғасады.

Сахналық көрініс 

 Талғат, Артур,Жігер, Бейбарыс, Диас, Мирас, Олжас, Абзал, Мейрам.

«Өзім жақсы баламын»

Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.
«Су әкеле ғой» десе,әкеле саламын.
Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.
«Ойната ғой бөбекті», ойната саламын.
Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.

 Кетсе кешке киноға, өзім жалғыз қаламын.
Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсаса, бәріне де барамын.
Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.
Үйді жинай сал десе,жинай саламын..
Өзім жақсы баламын,апа тілін аламын.
Тәртіпті, ұқыпты боламыз.

Балалар сыйлықтарын сыйлайды.

Ән: Құттықтаймын мама

Нұрын төккен маған,
шуағымсың сен.
Айналайын мама,
қуанышың мен.
Шаттандырған мені,
жұбанышым сен,
құттықтаймын сені,
салтанатыңмен.

Ля-ля

Аялаған мені,
ән қанатымен.
Құттықтаймын сені,
салтанатыңмен.
Бақытты ғой заман,
қандай көңілді,
мен тілеймін саған ұзақ өмірді.

Құрметті аналар мен ару қыздар және келген қонақтар, бүгінгі күн расында да керемет, әрқашан алдымыздан осындай керемет күндер шыға берсін, аман болайық, мерекелеріңіз құтты болсын. 

Назарларыңызға рахмет.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.