30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

Информатика 5-сынып. Ақпарат, оның түрлері.

Опубликовал в 12 Октябрь 2013 – 11:15Нет комментариев

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Муратканова Перезат Муратовна – информатика пәні мұғалімі

Мақсат:
Білімділік – Оқушылар ақпарат ұғымымен,оның түрлерімен таныстыру
Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі  сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап, сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика,  Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.

Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген   ұғымдарды білдіретін  informatio сөзінен шыққан.   Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа ,ғылымның әр түрлі;философия экономика,физика,математика,информатика т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен  түсінігі бар.

Ақпарат деген  сөзді біз қалай түсінеміз , ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық.Ақпаратты біз  ауызша немесе жазбаша түрде,  тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.Бізді  дүние жүзіндегі  күнделікті  жаңалықтармен  таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар  арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша  хабар  келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер  бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде  жаңалық  естідің бе?» немесе  «бүгін соңғы хабарды  естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл  мысалдарда  «ақпарат» деген  сөз белгілі бір  хабардың,жаңалықтардың, өткен  оқиғалардың  мазмұнын  білдіреді.

Алматы облысының маңынан  археологиялық  қазба жұмысы  кезінде  қаз қалпында сақталған  ежелгі сақ тайпасының  жас жауынгерінің   киімі , құрал жарақтары ,үй бұйымдары т.б . табылды . Бұл  қазба  Жетісу өңірін бұрын  мекендеген  сақ  тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени   дамуы,сол кездегі жауынгерлердің  киімі, тұрмыста пайдаланған  заттары    жөніндеөте бағалы ақпарат  берді.

Тас беттерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттардың сүйектерін,өсімдіктердің жапырақтарын  зерттеу нәтижесінде  Жер  бетінде  көне заманда өмір сүрген жануарлар ,өсімдіктер, сол кездегі ауа  райы туралы көп  мәлімет  аламыз.

Тірі организмнің құрылысын зерттеу де біздге  көп  ақпарат береді. Мысалы,баласы  ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, тірі жәндіктер мен  микроорганизмдердің  түрі неге көп?  Бұл сұрақтарға  генетика   ғылымы жауап  береді,ол тұқым  қуалаушылық  болатынын , әрбір тірі  организмнің; ол адам, жануар, өсімдік,тіпті микроорганизм болсын, негізгі белгілері  ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулаларында кодталған генетикалық ақпарат арқылы берілетінін дәлелдеді. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында физиктер ,астрономдар олардан Жерге жетіп  жатқан  электрмагниттік   сигналдар арқылы  олардың құрылысы ,шығу тегі жөнінде көп  мағлұматтар алады.

XIX-XX  ғасырларда телеграфтың, радионың  пайда  болуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің  тарау  жылдамдығымен  жеткізуге ,ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде  не болып   жатқанын  көріп-біліп   отыруға мүмкіндік  берді.

Адамның  ақпаратты өңдеуі  үздіксіз процесс,тіпті  сендер ұйықтап   жатқанда  да ой процесі, яғни ақпаратты  өңдеу процесі  жалғаса  береді. Алынған  мәліметтерді  өңдеу, математикалық  есептерді  шешуді қиын жағдайдан шығу  жолын  іздегенде,  адам бұрын  өзінде  болмаған  жаңа  ақпарат  ойлап   шығарады.

Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.

Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.
Адам ақпаратпен не атқарады?:

Адам ақпараттарды сақтай алады;
Адам ақпарттарды шығарап бере алады;     Ақпараттық процестер
Адам ақпараттарды өңдей алады.

Адам қабылдайтын ақпараты таңбалы және бейнелі деп,екіге бөлуге болады.

Бейнелік ақпарат деп табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, көру, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады.
Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлесу және жазу түрінде алатын ақпараттар жатады.(қатынас тілі- табиғи,жасанды)

4)  Жаңа  тақырыпты бекіту
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
Адам ақпаратпен не атқарады?:
Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
Адам қабылдайтын ақпарат нешеуге бөлінеді?
Бейнелік ақпарат дегеніміз не?
Таңбалық ақпаратқа не жатады?

5)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға ақпарат және оны сақтау, жеткізу және ұсыну тәсілдері туралы жалпы мағлұмат беру.

6)Үйге тапсырма
Ақпарат,оның түрлері .

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.