Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып, Тәрбие сағаттар

Бастауыш: «Ару бүлдіршін»

Опубликовал в 2 Июль 2013 – 10:59Нет комментариев

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ. Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы. Бастауыш сынып мұғалімі Мұсағалиева Перизат Сағынбекқызы

Байқаудың мақсаты: 8-наурыз мейрамының маңызын түсіндіру, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ананы сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, ата-аналар. Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт тілеймін. Бүгін біздің сыныбымызда ерекше күн, себебі біздің сыныптың қыздары сынға түскелі тұр. «Ару бүлдіршін» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аналарды аппақ шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп ана деген асыл затқа.

Аялаймыз ананы
Құрметтейміз бағамыз,
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз, - деп бүгінгі ертеңгілігімізді құрметті аналар сіздерге арнаймыз. Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі – әдептіліктің жан-жақты сұлулықтың белгісі ретінде таныған. Халқымыздың ауыз әдебиетінде:

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деген өлеңі де бар. Қыз бала аса сымбатты, инабатты, ибалы болған. Қыз балаға арнап әртүрлі мақал-мәтелдер де теңеулер де көп айтылған. Олай болса біздің сыныптың қыз балаларын ортаға шақырайық.

Тлеш Нұрай
Ибрайм Айназ
Емберген Алина
Асқарқызы Жансая
Оралбай Гүлжан

Мұғалім: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді,
Сол сыйлықты алады.

Ал, енді байқаудың әділ қазыларымен таныс болайық: Мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Әбішев Қасымхан, мектеп кітапханашысы А.Инкенова, педагог ұйымдастырушы Құсайынова Индира.

Олай болса «Ару бүлдіршін» байқауының бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1) Таныстыру (әр оқушы өзін таныстырады)
2) Ән-би өнері
3) Сұрақ –жауап
4) Шебер болар ұрпақпыз (ермексаздан немесе сурет)
5) «Әдемі киіне білемін» (сән үлгісі)

Мұғалім:
Білім, ғылым, өнерге
Қанат қағар кездерің
Ата салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің.

Ал, қанекей қыздар-ай,
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап ару өнерін
Алыстарға самғаңдар.

Сайысымызды бастамас бұрын қыздарымыз өздеріне тиісті нөмірлерін алады.

Беташарын сайыстың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырып өздерін
Аруларды ду қол соғып қоштайық.

1-бөлім таныстыру

Мұғалім:
Жаслан Аналарға арнап өлең жолдарын жолдайды.

Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз.

Мұғалім:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Қол соғып барша халық тамсаныпты.

2-бөлім: ән би өнері
Елдар «Түнгі қала» әнін сіздерге шашу етеді.

3- бөлім: Сұрақ жауап.
Мұғалім:
Сұраққа жауап береміз
Еш мүдірмей өтеміз,
Зейінді боп өсеміз, - дей келе келесі кезекті сұрақ жауап сайысына береміз.
Бекзат «Әке туралы әнді» сіздерге тарту етеді.

4-бөлім: «Шебер болар ұрпақпыз» Арулар өздері дайындап келген бұйымдарын немесе суреттерін таныстырады.
Құрметті аналар сіздерге Елдар мен Бекзат «Тиктанник» биін тарту етеді. Қабыл алыңыздар.

5- бөлім: «Әдемі киінейік» Ару қыздарымыз әр түрлі киім үлгілерін көрсетеді.
Әділ қазылар төрелігін айтқанша біздің 1-сынып оқушыларының аналарына арнаған шағын сыйы бар. Қабыл алыңыздар.

Елдар:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Нұрай:
Анамның орындайын бір тілегін,
Анама жетер адам жоқ деп білемін.
Алла анама ұзақ ғұмыр берші
Сенімін де селт еткізбей ақтай гөрші.

Жаслан:
Ана біздің күніміз.
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Айназ:
Ана-ұстаз, ана-дәрігер,
Ана – ғалым, ана –ақын,
Ана – қоғам қайраткері

Бекзат:
Ана деген – асылы ғой даланың
Ана деген – сағынышы баланың.
Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен
Бас иеміз алдында ананың

Гүлжан:
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі анада.

Жансая:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Әр оқушы өз аналарына сыйлықтарын табыс етеді.

Мұғалім: Ана деген қандай адам?
Елдар: Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана – тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббатпен шабыттың нәрі.
Бекзат: Ана – өмір гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде жылы естіледі.

Ана десе әр баланың тілегі ақ,
Мейірімі ұшан теңіз анамыздың,
Көңілі шат, жүзі жарқын
Дені сау болуын әрқашан тілейміз.

Жаслан: Ана әр үйдің қызығы, Ана ақылды болса, бала дана болады.
Жансая: Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Алина: Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
Айназ: Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Мұғалім:
Ана дейміз бәріміз де аңықылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ, - дей келе барлық қошемет аналар сіздерге арналады.

Оқушылар:
Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Мұғалім:
Кезекті әділ қазыларына береміз.

Марапаттау кезеңі:
Бүгін міне ақ болып әр сөзіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз!

Көрнекілігін осыны басып көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.