Информатика. XXI ғасыр көшбасшысы.
7 Февраль 2014 – 08:59 | Нет комментариев

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабекқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебі Информатика пән  мұғалімі
Қымбатты «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Көрнекті …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

М. Дулатов «Күз».

Опубликовал в 6 Май 2013 – 17:41Нет комментариев

Төлебаева Қалампыр. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №6 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Дулатов туралы білімдерін кеңейту. Әңгімені дұрыс түсініп оқу. Ізденіске жетелей отырып, әңгіме мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың күз туралы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекті, еңбек адамдарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Дулатовтың суреті, күзге байланысты суреттер, себетке салынған жемістер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тіл – дамыту, топтастыру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.«Ауыл күзі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
2.Себетке жемістерді салу ойыны. Жемістердің артына сұрақ жазылған, сол сұрақтарға дұрыс жауап берсе, жемістерді себетке саламыз.
Сұрақ – жауап арқылы үй жұмысын қорытындылап, жаңа сабаққа өтеміз.
Сұрақтар:
а) Бұтақты бүге балбырап тұрған не? (жемістер)
ә) Балаларды шақырып тұрған не? (мектеп)
б) Өлеңде күздің қай мезгілі суреттелген? (басы)
в) Жаздыгүнге қарағанда күзде аспан көрінісі қандай болады? (бұлтты, қоңырқай тартып тұрады)

ІІІ. Жаңа сабақ.
М.Дулатовтың сурет ілінеді.
М.Дулатов қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, ағартушы – педагог. Ол Қостанай облысының Торғай өңірінде 1885 жылы дүниеге келді. Әуелі Міржақып ауыл мектебінде мұсылманша, содан кейін орысша оқиды. Ыбырай атамыздың үлгісімен ауыл мектептерінде мұғалім болып жұмыс істейді. Ақынның «Оян, қазақ!» кітабы 1909 жылы жарық көрді. Бұл кітабы жастарды  ұлттық рухқа, елін еркіндікке, ғылым – білімге, елін сүюге үндеді. Ол жалған жаламен ұсталып, айдауда жүріп, ауыр науқастан қайтыс болады.

Суреті
Ақын - педагог
1885 жылы Қостанай облысында туған
1935 жылы қайтыс болды

ІV. Оқулықпен жұмыс.
«Оян, қазақ!» кітабы

  1. Әңгімені оқып беру.
  2. Әңгімені оқушыларға іштей өз бетімен оқыту.
  3. Тізбектей мәнерлеп оқыту.

- Оқушылар осы әңгімеде сізге таныс емес сөздер кездесті ме?

Күзем – ауыл шаруашылығында малды екі рет қырқады. Бірінші рет көктемде, екінші рет күзде. Күзде қырқылған жүннен әжелеріміз киіз басады екен.

Желі мен ноқта –
Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап алу.
а) Күздігүнгі ауа райы қалай суреттелген?
ә) Жер бетіндегі шөп – шөңгелдердің, ағаштардың көрінісі қандай?
б) Құлындар неліктен арықтады деп ойлайсың?

«Күз» сөзіне аcсоциация құрату.
Мереке, береке
молшылық
Жапырақтар сарғаяды
Жемістер піседі
Құстар ұшып кетеді
Ауа райы салқындайды
Жауын – шашын көп болады

Күз
Күн қысқарып, түн ұзарады

V. Сергіту сәті.
Оқушыларға тақпақ, мақал – мәтелдер айтқызу (күз туралы)
VІ. Ой толғаныс.
Әңгіме кестесін толтыру.

1.

Өлеңнің, әңгіменің аты

Ауыл күзі

Күз

2.

Өлеңнің, әңгіменің авторы кім?

Т.Жароков

М.Дулатов

3.

Оқиға орны

Ауыл

Ауыл

4.

Жылдың қай мезгілі жөнінде айтылған?

Күз

Күз

5.

Негізгі ой

VІІ. Топтық жұмыс.

  1. Оқушыларға табиғат көрініс туралы айтқызу.
  2. Еңбек, шаруашылық туралы айтқызу.
  3. Күз тақырыбында жұмбақ шештіру.

VІІІ. Сабақты қорытындылау.
«Күз – байлық, молшылық»
«Күз – ет пен май»
«Күз – қызу еңбек»

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Күз дегеніміз – жазира даланың дастарханы. Күз – дегеніміз береке. Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз – бұл мезгілде жеміс – жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, аңдар мен құстар да қомданып семіреді. Күзде қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да қысқа әзірлік жасайды. «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» деген халқымыз. Күз мезгілі молшылық. Күздің бір айы қыстың үш айына азық.

ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма.

Әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеу. Осы мәтіндегі көрініске сурет салу

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.