И-9 сынып. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу.
Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия,
Мақсаты:
Символдық айнымалылармен жұмыс істеу, функцияларды пайдалану, шамамен орындалатын амалдармен таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру.
Символдық шама дегеніміз- сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық шаманы- char түйінді сөзімен сипаттаймыз.
Мәтіндік ақпаратты енгізу:
Паскаль тілдінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кең қолданылады. Оның типін көрсету үшін string түйінді сөзі қолданылады.
Тіркестік өрнек деп- амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар және функция атауларынан құралған ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбекті айтады. Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру амалы “+” белгісімен белгіленеді.
Мыс: Тіркестік өрнек: ‘Ал’+’ма’+’ты’; Нәтиже: ‘Алматы’
Салыстыру амалдары:
Олар: =,<,>,>=,<= белгілерімен белгіленеді.
Сөз тіркестерін салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама (True немесе False) болады.
Мыс: ‘program’ <‘PROGRAM’ - TRUE
‘BBB’ <‘BB’ - false
Функциялар
Символдық шаманы- char қызметші сөзімен, символдар тізбегін –string қызметші сөзімен сипатталады.
Мыс: А: =‘X’ - char В:=‘ЭЕМ’ -string
1. Жолдың ұзындығын есептеу үшін LENGTH функциясы қолданылады. Жазылу форматы:
X:= LENGTH (A);
2. Жолдың фрагменттерін ойып алу үшін - COPY функциясы қолданылады. Жазылу форматы:
COPY(A,N,M)
3. Фрагменттерді біріктіру үшін –CONCAT функциясы қолданылады. Жазылу форматы:
CONCAT (X,A)
4. Жолдың ішінде тұрған бір фрагменттің орнын анықтау үшін –POS функциясы қолданылады. Жазылу форматы:
POS (X,A);
5. Insert(S1,S2,N)-S1 жолын S2 жолының N орнынан бастап енгізу
Символдық шаманы- char қызметші сөзімен сипаттайды.
Латын альфавитінің әріптерін экран бетіне шығару бағдарламасын құру.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика-9. Символдық мәліметтермен жұмыс тәсілдері (2 сағ).
- 2012-2013 орта мектептерге келген олимпиада есептері, шешулерімен (Ақтөбе облысы бойынша).
- 2012-2013 аудандық олимпиада есептері ІІ тур (Ауданов Махсет, Маңғыстау облысы)
- 21-22.12.2012. Информатикадан аудандық олимпиада есептері шығаруларымен. 10-11сынып. І-ІІ тур.
- Паскаль. Жолдық процедуралар мен функциялар (практикалық сабақ).
- Информатика 2010-2011. Олимпиада есептері шығарылуымен.
- Информатика пәні бойынша облыстық олимпиада тапсырмалары. (Маңғыстау облысы, 2011-2012 о.ж.)
- Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.
- ІІ-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап.
- Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).