Оқыту мен оқудағы жаңа өзгерістер. Эссе.
Қызылорда қаласы, № 217 Батыржан Шалғынбаев атындағы орта мектептің І санатты информатика пәнінің мұғалімі Әбуова Жанар Мұратайқызы
Ұстаз жанып тұраған от сияқты болу керек. Біз «ұстаз» деген мәртебемізді жоғары көтеруіміз үшін, ұстаз атын иеленуіміз үшін біз не істеуіміз керек?
Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ұстаздар қауымының қосар үлесі зор. Ең алдымен Отанымызды, мамандығымызды, оқушыларды сүйюіміз керек. Әр қашан да білімімізді жетілдіріп, шығармашылық ізденісте болуымыз қажет. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру. Заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалануға тәрбиелеу. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Мектептегі тәжірибеме барғанда алдыма қалай оқу керектігін үйренуде оқушылардың түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттері дамытуды қалыптастыру. Диалог арқылы оқыту сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру, бірін-бірі оқыту, бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілеттерін дамытуды дағдыландыруым керек деген мақсатымды іске асыру үшін тәжірибемді бастадым.
Сындарлы оқыту бағдарламасының курсының бірінші бетпе-бет кезеңінде теорияны түсінумен ғана шектелмей, пікірлесу, презентациялар жасап, оны талдау, дәлелдемелер келтіру, өз ойымызды анық жеткізу, сыни ойлауға үйрендік.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, оқушыларды өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал жасау үшін топқа, жұпқа бөліну жұмыстарын жүргіздім.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері, болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. (МАН, 39-бет)
Информатика сабағымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілі диалогтік оқытудың барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, бір-бірінің жауабын тыңдау, ойын толық жеткізе білуге, сыйластық, түсіністікке негізделді. Оқушыларға сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын пайдалану негізінде олардың сыни тұрғыдан ойлауын, қызығушылығын, сындарлы сөйлеуін сабақ барысында диалогтің қалыптасуына ықпалы болды.
Нейл Мерсер мен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті деген. Яғни, диалог пен әңгімелесу оқушылардың сыни ойлауға, алған білімдерін өмірде қолдануға, еркін ойын жеткізуге, қалыптастырады .
Информатика сабағы болған соң сабақтарымның барлығында да электрондық оқулықты, ноутбукті, интерактивті тақтаны, сандық фотоаппаратты пайдаландым. Заман талабына сай заманауи технологияларды пайдалану қажет. Оқушылардың сандық сауаттылықтарын қалыптастыру барында сыни ойлауларын дамыту керек. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал. Сондықтан оқыту барысында бұл технологияны тиімді қолдану маңызды. (МАН, 61-б)
Сабақ барысында оқушылар оқыту барысында өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін қорытындылап отыру үшін формативті бағалау жүргізілді. Формативті бағалау оқушыларға қателерін түзей отырып, оқытуға көмектесуі мүмкін, не маңызды екенін түсінуге көмектесуі мүмкін, нені есте сақтауға көмектесуі мүмкін, білмегендерін үйренуге көмектесуі мүмкін, не нарсені істей алмайтындарын түсінуге көмектесуі мүмкін.
Осы мектептегі тәжірибе кезінде, курс барысында қандай өзгерістер болды?
Мұғалімде: оқушылардың пікірін назарға алу, сыни ойлауға үйретуге, логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіруді, бағалау түрлерін пайдалану.
Оқушыларда: байланыс орнатуға, талқылауға, ойларын еркін жеткізуді, өз-өздерін реттеуге, бірін-бірі бағалауға, балалар бойындағы басқарушылық сезім мен өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамуы қалыптаса бастады.
Ұқсас тақырыптар:
- Использование ИКТ на уроке - важный фактор повышения качества знаний на уроках казахского языка и литературы.
- Педагогика. Класс жетекші күнделігі.
- Жоғары білім беруде сараптаушы жүйелер теориясын оқытуды ұйымдастыру
- Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
- Баяндама: Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.
- Мейірімділік- бала игілігі үшін
- Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.
- Баяндама: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың өзекті мәселелері.
- Баяндама: «Ата-ана комитетінің жұмысы мен құқығы»
жаңа өзгерістер депсіз,сонда ескі өзгеріс деген де ұғым барма екен?Эссе -шағын әдеби шығарма,болған нәрсе жайында ой толғаныс.Эссе жазудың өзіндік ерекшелігі болады.Жарияланатын мақаланың сапасына назар аударылса жақсы болар еді.
Қазіргі кезде ІІІ деңгейлі курс негізіндегі оқыту мен оқудағы өзгерістерді нақты жазған.