Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Қазақ тілі мен Әдебиеті, Тарих

Қазақ әдебиеті. М.Әуезов «Көксерек».

Опубликовал в 13 Апрель 2013 – 08:02Нет комментариев
Қазақ әдебиеті. М.Әуезов  «Көксерек».

Мария. Алматы облысы, Ақсу ауданы Қуат Терібаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың  мақсаты: «Көксерек» повесін  оқу  және жазу  арқылы  сын  тұрғысынан ойлап  талқылауға  үйрету. Осы мақсатқа  жету  үшін пайданылатын  стратегиялар бізді  маңызды  істерге бастайды.
Дамытушылық  мақсат.Оқушыларды  сын  тұрғысынан ойлау  қабілетін  дамыту арқылы  өз  ойын  тұжырамдауға және  басқалардың  көзқарасын сыйлауға  үйрету, шығармашылықпен  жұмыс  істеуге ұмтылдыру.
Тәрбиелік  мақсат: Оқушыларды  адалдыққа, табиғатқа қамқор  болуға, әр қадамын ойланып  істеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: сын  тұрғысынан  ойлау  сабағы.
Сабақтың  әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, Венн диаграммасы
Пәнаралық  байланыс: қазақ  тілі, жануартану, логика
Көрнекіліктер: М.Әуезов  туралы  буклет, портреті, плакат, қасқыр туралы  мақал – мәтелдер, сюжеттік  суреттер.

Сабақ  барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі
Оқушыларды  түгендеп, 2 топқа  бөлу

І топ  «Алғырлар»
Ұраны «Талапты  бала  талпынған  құстай»

ІІ топ  «Тапқырлар»
Ұраны «Оқыған  жетер  мұратқа»

І. Ой шақыру

- Балалар, Біз  Мұхтар Әуезовтің  көркем  де  ғажайып  «Көксерек» повесімен  оқып таныстық. Тағы  бір  мезет  осы  повесть  туралы  ойланып, көз  алдымыздан  өткізейікші  қане, ми  қыртыстарын  іске қосамыз.

1. Мұхтар  Әуезов  кім?
2. Мұхтар Әуезов  қай жылы, қай  жерде  дүниеге  келді?
3. «Көксерек» повесінің  жазылу  тарихы
4. «Көксерек» повесі  нешінші  жылы  жазылған?
5. Повесть  деген  не?

2. Топтастыру  стратегиясы

Топтастыру – оқушыларды  еркін  ойлауға  және  тақырыпты  ашық  талқылауға  бағытталған  оқыту  стратегиясы.

Бұл – жаңа  идеяларды  жинақтап  бір –бірімен  сабақтастыру  үшін  қажетті  құрылым. Топтастыру  қызықтыруды  ояту  үшін, повеске  байланысты  ой  тудыруды  күшейту  үшін  қолданылып  отыр.

а) Екі  топқа  «Адам» және «Қасқыр» деген  плакат  беріледі.
ә) Сөздер  мен сөз  тіркестерін  жазу (топтық  жұмыс
б) Орфографиялық  ережелерге  мән  беріңіз
в) Екі  топ  жазғанын  тақтаға  іледі.
ғ)Жазғанын  топ  мүшесі  қорғайды.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.