Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Бастауыш. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ…

Опубликовал в 5 Апрель 2013 – 09:48Нет комментариев

Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицеінің бастауыш сынып мұғалімдері Момбекова Айкен, Қожагельдиева. П. М.

Сабақтың көрнекілігіктерін көшіріп алыңыз

1-жүргізуші: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен.
Бақыт тапты, шаттық көрді, қош айтысты, сан ғасырлық шерімен!
2-жүргізуші: Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егемен ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!
2-жүргізуші: 1992 жыл.
-1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-інің алғашқы Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
2-жүргізуші: 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылдады. Бұл заңды көп ұлтты Қазақстанның бүкіл халқы күткен-ді. Енді республика өз аумағында барлық билікті, ішкі сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құзыретін заңды тұрғыда рәсімдеді.
1-жүргізуші:
«Мыңжылдық саңлақтары»

  1. Ахмет Иассауи
  2. Әз Жәнібек хан
  3. Мұхаммед Хайдар Дулати
  4. Төле би
  5. Қазыбек би
  6. Әйтеке би
  7. Абылайхан
  8. Құрманғазы
  9. Шоқан
  10. Абай

1-жүргізуші:
«XX ғасыр саңлақтары»

  1. Әлихан Бөкейханов
  2. Ахмет Байтұрсынов
  3. Дина Нүрпейісова
  4. Мұхтар Әуезов
  5. Қаныш Сәтбаев
  6. Бауыржан Момышұлы
  7. Дінмұхамед Қонаев
  8. Нұрсұлтан Назарбаев
  9. Олжас Сүлейменов
  10. Тоқтар Әубәкіров

(«Менің елім» әні орындалады)

1-жүргізуші: Даңғыл …Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге 10 жыл толды.

Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік – ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің оытн маздатты.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді қаз – қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды. «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртты сүйдірді.

Демографиялық зерттеу мәліметтеріне жүгінсек, нәтижесі мынадай:

Қазақ жеріне қоныстанушылар саны
  1. Қазақтарда алғашқы қоныстандыру
  2. Патшаның отаршылдық әскерін орналастыру
  3. Орыстың шаруаларын қазақтың жеріне отарлап жер аудару
  4. Діни келімсектер мен баптистер
  5. Жер аударылған саяси сенімсіздер
  6. Жер аударылған кулактар
  7. Депортацияға ұшыраған халықтар
  8. Соғыс кезінде амалсыз көшірілгендер
  9. Тың игеру үшін келгендер
  10. Стихиялық лекпен қоныстанғандар
  11. Өктемдіктің ұйғаруымен көшіп келгендер
  12. Вахталық ағыммен көшіп келгендер
200 мың адам
100 мың адам
1 млн. 150 мың адам
50 мың адам
1 млн.300 мың адам
250 мың адам
1 млн. 500 мың адам
350 мың адам
1 млн 450 мың адам
900 мың адам
200 мың адам
50 мың адам
Шығынға ұшырағандар саны
  1. Жаугершілік заманда ел-жұртын қорғап құрбан болғандар
  2. Отаршылық қысым кезінде елден безіп кеткендер
  3. 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілістің шығындары
  4. Азамат соғысы және сол жылдары кемушілік
  5. 1928жыл. Ірі байларды конфискелеу, жер аударылғандар
  6. 1931-1933 жылы Голощекиндік қызыл қырғын құрбандары
  7. 1930-34 жыл. Жаппай ұйымдастыру қуғынынан босқандар
  8. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар
  9. Сталиндік саяси репрессия жылдарында тікелей отырғандар
  10. 1986-89 жылдары кері миграция ағымына ұшыраған жастар
25 мың адам
300 мың адам
150 мың адам
800 мың адам
10 мың адам
2 млн. 300 мың адам
615 мың адам
350 мың адам
25 мың адам
50 мың адам

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 26 жыл толды. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген оқиғаға 26 – жыл.

Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің,
Азаттық күйі кашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.

Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай ана тіліміз,
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз

Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз дем аламыз,
Хақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.

Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы,
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.

Бұл тарихи оқиға еш уақытта ұмытылмақ емес, себебі ол халық таңдырымен тікелей байланысты.

Қанша бейнет, тер төгудің арқасында, алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген ақыны, жазушыларының арқасында 1992 жылы 21 ақпанда республиканың Жоғарғы Соты алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан боздақтарын, оның ішінде марқұм болған азаматтарын да ақтап шықты. Қайрат Рысқұлбековқа Халық қаһарманы атағы берілді.

Қазақтың зиялы қауымына кімнің-кім екенін айқындайтын 1986 жылдың желтоқсаны да келіп жетті. Бұл шын мәнінде бұрынғы Кеңестер Одағының демократиялық қозғалыстардың алғашқы қарлығаштары еді. Жылдар бойы іште жиылған төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған тасқын судай ақтарылды. Студент Жастар ұлт мүддесін тұңғыш рет күн тәртібінде ашық қойды.

Сабақтың көрнекілігіктерін көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.