§38. Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г.Қ
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Америка жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, биік таулары мен таулы үстірттері және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері:
1.Білімдік: Оқушыларға жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылатындығын,батысын Анд қатпарлы белдеуі,шығысын гондваналық ежелгі платформа алып жатқандығының басты себептерін жергілікті жермен байланыстыра отырып түсіндіру.Кездесетін термин сөздермен таныстыру.
2.Дамытушылық: Физикалық және саяси-әкімшілік карталарын пайдалана отырып,тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,таным қабілеттерін дамыту.Жоспар арқылы білімді өздігінен игеруге бағыттау.
3.Тәрбиелік: Оқушыларға туған жердің табиғатын,табиғи байлығын қорғауға,табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (биология,химия)
Сабақ әдісі: сөз,сұрақ-жауап,ауызша,картамен жұмыс,кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, қатармен жұмыс, кеспемен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, ҚР саяси-әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси-әкімшілік картасы, мектеп атласы, кескін карта, кеспелер, интерактивті тақта;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең.
1.Сәлемдесу.
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
География пәнінің мұғалімі:
«Лездеме сұрақтар»
Оңтүстік Американың табиғат ерекшеліктері
1.Жерінің ауданы,үлкендігі жөнінен нешінші орында?
2.Жер шарында ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен?
3.Материктің солтүстігінде орналасқан д.ж ең биік сарқырама?
4.Анд тауларында д.ж биік тау көлдерінің ең ірісі?
5.Материктегі д.ж сөнбеген жанартау?
6.Оңтүстік Америка-Жер шарындағы ең…..ең..
7.Материктегі аса ірі тау жүйесі,ең ұзын тау?
8.Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы?
9.Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі?
10.Материктің теңіз деңгейінен ең төмен жатқан нүктесі?
«Сұрақ бізден,жауап сізден»
1.Жүгеріні,кортопты,және томатты Оңтүстік Америкадан шыққанын дәлелдеген ғалым?
2.Сол саяхатшының қателігінен Американың байырғы халхын үндістер деп атап кеткен?
3.Оңтүстік Америкадағы бұғаздың біріне аты берілген саяхатшы?
4.Отты Жер аралы мен Антарктиканың арасындағы бұғаз оның есімімен аталады?
5.Колумбтан алған картаның арқасында ол Венесуэла мен Гвиананың жағалауларын бойлай жүзіп өткен?
6.Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктерін зерттеген орыс ғалымы
7.Оңтүстік Американың табиғатының ерекшеліктерін зерттеумен айналысқан ботаник.
ІІІ.Актуалдау:
-Материктің жер бедерін қалай анықтаймыз?
-Физикалық картадағы жасыл түс, сары түс, қоңырқай түс, қою қоңыр түстер қандай объектілерді көрсетеді?
Жер қыртысы деген не?Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін атаңдар.Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оңтүстік Америка материгінің жер бедері
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- География. Қазақстанды экономикалық аудандастыру
- География-67 §31.Мұхиттар мен теңіздердің маңызы.мұхиттар мен теңіздерді қорғау.
- Бастауыш. Пайдалы қазбалар.
- Бастауыш-3. Пайдалы қазбалардың түрлері.
- География-8. Биік таулар.
- 11-сынып. География әлеміне саяхат.
- География 6 сынып - Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
- Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).
- Excel бағдарламасының көмегімен тест құру
- Бастауыш. Жұрнақ пен жалғау
JOSPARLAR.KZ - Сабақ жоспарлар сайты ! Сіз бұл сайттан барлық пәннен сабақ жоспарларын ақылы түрде ала аласыз ! Бұл сайтта сіз өзіңіздің пәніңізден 1 жылға арналған сабақ жоспарын алуға болады!