Музыка. Сазды аспаптар сыры.
№1 Бестөбе орта мектебі, музыка пәні мұғалімі: Нокина Арнагүл.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға қызғушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын меңгерту. Жан-жақты білімді, өткір ойлы бала тәрбиелеу.Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеті: Шығарманың көркемдік белгілерін талдап, түсінік беру. Әнге деген сүйіспеншілікпен, білімге құштарлық сезімін ояту. Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатын ұлттық музыкамен таныстыру.Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету. Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіну. Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, үнтаспа, аспаптар суреті.
Барысы:
Ұйымдастыру: Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғы өткен сабақтарымздан өзгеше, себебі бүгін бізде ашық сабақ. Сабағымызды бастамас бұрын әнұран айтып, дауыс жаттығуын жасап алайық. Ал енді қазір мен сендерге әріптер жазылған қағаздар таратамын, сендер осында жазылған әріптер бойынша сөз құрасаңдар бүгінгі тақырыбымыз ашылады. (Домбыра,қобыз,даңғыра)
«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,
Қазақ - нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра»
(Қ.Мырзалиев)
1-оқушы: Ертер заманда бір күйші ғұмыр кешіпті. Өмір бойы ұлт аспаптар жасапты. Жылдар өтіп, күйші қартайыпты. Күйші: «Кімде кім менің сиқырлы аспаптарыма тіл бітіріп шырқатса, сол адамға аспаптарымды мұра етіп қалдырамын» деп жар салыпты. Сол заманда Өнербай деген кісінің Жеті ұлы болыпты, ол Жеті ұлын ерітіп күйшіге келеді. Қария балаларға жұмбақ жасырады. Сол жұмбақты бәріміз шешіп көрейікші.
Тоғыз белбеулі
Екі тербеулі
Қос құлақты
Үшні ұнамды.
(домбыра)
Бас, құлақ, мойны бар
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар
(қобыз)
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Әуенінен жеті тарау мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі түрлі жыр шығар
Бұл қай аспап?
(жетіген)
Сызылған үні,сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі.
(сыбызғы)
Тілшікті аспап, қобыздай асқақ
Ерекше үні бар,бұл қай аспап?
(шаңқобыз)
Қоңыр сазды даусы бар
Шертсең күй, әні бар
Домбыраға ұқсайтын
Бұлқай аспап?
(шертер)
Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған.
(даңғыра)
Балалар мен сендерге бұл аспаптардың шығу аңызын айтып берейін.
(Жетіген, домбыра, қобыз аспаптарының аңызын айтып беру)
Жақсы балалар, ал енді осы аспаптар туралы қандай мағлұмат білесіңдер?
Өлең шумақтарын білесіңдерме?
Домбыра
Екі ішекке бір тиекті қондыра
Онаймыз біз қолымызды талдыра
Бәлсең егер айта қойшы балақан
Бұл қай аспап? Бұл кәдімгі домбыра
Жетіген
Асықтары шашылады бетінен
Түзетеміз асықтарды шетінен
Білсең егер айта қойшы балақай
Бұл қай аспап? Бұл әрине жетіген.
Қобыз
Жан дүниеңді тербетеді толқытып
Бұл аспаптың естігенде саз үнін
Қорқыт бабам тіл бітірген,қай аспап?
Бұл әрине, қасиетті қобызым
Шертер
Саз әлемін тербетер
Оыідыда сергітер
Домбыраға ұқсайтын
Қызық аспап шертер
Сазсырнай
Әуені қандай тамаша
Таңқалдырар бар жанды-ай
Табиғаттың сазындай
Ғажайып аспап сазсырнай
Даңғыра
Ұрасың оны, соғасың
Жиналып мұнда қаласың
Естіледі жаңғыра
Дабыл қаққан даңғыра
Асатаяқ
Кездеседі бұл аспап некен саяқ
Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ
Бақсылардың қолында жүрген талай
Қазағымның аспабы асатаяқ
Шаңқобыз
Кіп-кішкентай шаңқобыз
Аспаптарға мән берер
Шертіп қалсам тілшігін
Оркестрге сән берер
(Слайдпен көрсетіп отыру аспаптың түрлерін)
Аспаптар туралы көп біледі екенсіңдер, ал енді осы аспаптарда орындалған күйлерді тыңдап, үнін естіп көрсек қайтеді?
Музыка тыңдау:қобыз аспабында күй «Қобыз»
Құрманғазы «Балбырауын» оркестрмен, «Хафиз» күйі сыбызғы аспабында.
Сергіту сәті: «Оркестро»
Ән үйрету: «Домбыра»
Бекіту. Қорыту: Сонымен балалар қазақ ұлт аспаптарының қандай түрлері бар екен?
Ысқышты аспап қандай аспап?
Тілшікті аспапқа қай аспап жатады?
Шертпелі аспаптарды атап берші
Үрмелі аспаптарды атап беріңдерші.
Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттап, тақырыпты мазмұндап келу.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын қою.
Ұқсас тақырыптар:
- Музыка. Тақырыбы: “Сазды аспаптар сыры”
- Тарих. Қазақстан коммунистік партиясының тарихы.
- Бастауыш. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ…
- Технология: Құрақ құрау технологиясы
- химия. «Минералды тыңайтқыштар»
- Информатика 2013-2014. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 5-9 сынып.
- Математика-5. Мүмкін нұсқаларды іріктеу.
- Д/Ш. 11 сынып. Гимнастика
- Қазақ тілі 3-сынып. Етістік.
- Тарих-9. XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
жаксы жеістік тілейм сәттілік