Физика-11. Электро магниттік толқындар. А. С. Поповтың радионы ойлап табуы.
Шымкент қаласы №2 Колледж Ерғазы Нұрлан.
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Біліктілік: Толқынның пайда болуының негізгі шарттарын оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Нақты, қысқа әрі логикалық тұжырым жасай білуге дағдыландыру, дамыту.
Тәрбиелілік: Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Алған білімді жүйелеу және жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Бейне роликтер.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, Электротехника.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Журнал бойынша оқушыларды түгелдеу.
2. Ән-ұран орындау.
Жаңа сабақ.
1. Радионы алғаш рет кім ойлап тапты?
2. Радионы қай жылы ойлап тапты, не мақсатта пайдаланды?
3. Ең алғашқы радио жиілігі қанша қашықтықта болды?
Электромагниттiк толқындардың көмегiмен алысқа сымсыз хабар жеткiзудiң мүмкiндiгiн алғаш рет 1895 жылы 7 мамырда орыс инженерi А.С.Попов дәлелдеп көрсеттi. Бұл күн бүгiнде радионың туған күнi атап өтіледі. А.С.Попов алғашқыда өзiнiң ойлап тапқан радиоқабылдағышын найзағай ойнаған кезде туындылайтын электромагниттiк толқындарды тiркеу үшiн қолданған.
3.3 - сурет
Радиоқабылдағышты ойлап табумен қатар, 1896 жылы А.С.Попов электромагниттiк толқындарды таратқыш қондырғыны да құрастырды. Бұл радиотаратқыштың негiзгi тетiгi электромагниттiк толқындардың көзi болып табылатын ұшқын разрядтарымен жалғанған антенна болатын. Осындай радиотаратқыштан 250 м қашықтықта орналасқан радиоқабылдағышқа тұңғыш рет «Генрих Герц» деген екi сөзден тұратын радиограмма берiлдi. Радиотехниканың дамуына сонымен қатар Поповтан бөлек жұмыс iстеген итальян инженерi Г.Маркони да елеулi үлес қосты. Ол 1901 жылы алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиобайланыс орнатты. Радионы ойлап табу техниканың дамуындағы үлкен жетiстiк едi. Бұл жетiстiк адамдардың өмiрiне елеулi өзгешелiктер алып келдi. Бүгiнгi күндi радиобайланыссыз көзге елестету мүмкiн емес екендігі бәрімізге белгілі.
Сабақты бекіту:
1. А.С.Попов электромагниттiк толқындарды таратқыш қондырғыны қай жылы құрастырды?
Радиоқабылдағышты ойлап табумен қатар, 1896 жылы А.С.Попов электромагниттiк толқындарды таратқыш қондырғыны да құрастырды.
2. Ең алғаш радиотаратқыш қанша қашықтықта «Генрих Герц» деген екi сөзден тұратын радиограмма берiлдi ?
Осындай радиотаратқыштан 250 м қашықтықта орналасқан радиоқабылдағышқа тұңғыш рет «Генрих Герц» деген екi сөзден тұратын радиограмма берiлдi
3. Радиотехниканың дамуына Поповтан бөлек жұмыс iстеген ғалым ?
Радиотехниканың дамуына сонымен қатар Поповтан бөлек жұмыс iстеген итальян инженерi Г.Маркони да елеулi үлес қосты.
Қолданылған әдебиеттер. Физика 11-сынып (Мякишев Г.Я.,Буховцев Б.Б.) Электронды оқулық.
Ұқсас тақырыптар:
- Физика 11. Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.
- Алгебра.11-сынып. Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу.
- “Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу” қолданбалы курсы 11-сынып
- Күнтізбелік жоспар алгебра, геометрия11 сынып
- Д/Ш. 11 сынып. Гимнастика
- Заттың тығыздығы.
- Физика-8. Жарық құбылыстары.
- Физика. Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары
- Физика. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
- Физика-7. §43. Қысым (ашық сабақ).