Математика. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Берген Ақерке Сауытқызы.
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаттары :
Білімділік : Таңбалары әр түрлі екі санды қосып үйрену . Таңбалары әр-түрлі модульдері тең емес екі санды санды қосуды берілген сандарды координаталық түзуде қосуды пайдаланып түсіндіру . Рационал сандарды қосып үйренуде интерактивті тақта мүмкіншіліктерін қолданып , бағдарлама материалдарының негізгі тақырыфбы бойынша алған білімін кеңейту .
Дамытушылығы : Оқушылардың танымдық ізденістерін , логикалық ойлау қабілетін , шығармашылық қабілеттерін дамыту , іскерлік дағдысын қалыптастыру .
Тәрбиелілігі : Оқушылардың ой-өрісін дамытып , оқушылардың топпен жұмыс істеуге , ұйымшылдыққа , математикалық мәдениетке , ұқыптылық-қа тәрбиелеу .
Сабақ түрі : Жаңа сабақты меңгерту ,сайыс сабақ .
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивтік тақта , комьпютер , слайдтық презентация .
Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі .
1)Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сабаққа әзірлігін тексеру.
2) Сабақтың құрылымы мен кезеңдерімен таныстыру .
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу . І топ : « Теріс сандар »
ІІ топ : « Оң сандар »
ІІ. Үй тапсырмасы : № 439 , № 440 есептерді интерактивті тақтада жазылған есептің жауабы бойынша көрші отырған әр оқушы бірін-бірі тексереді .
ІІІ. Біліміңді тексер : Жаңа сабаққа дайындық , өткенді қайталау .
1 ) Өткен тақырыптар бойынша оқушылар білімін сұрақтар қою арқылы тексеру .
1. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады ?
2. Қандай сандар нольден үлкен ?
3. Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады? Т.б.
2)Екі теріс санды қосу тақырыбы бойынша теріс сандарды қосып үйренудегі дағдыларын жетілдіру үшін « Фишка » ойынын ойнатамын.
Қай топ екі теріс санды көбірек қосса , соның нәтижесіне қарап ұпай беріледі .
-5 |
-2 |
-7 |
-8 |
-6 |
-0,6 |
-6 |
-15 |
-3 |
-16 |
-1,8 |
-16 |
-11 |
-1 |
-17 |
-2,5 |
-9 |
-12 |
-14 |
-30 |
-4 |
-22 |
-45 |
-10 |
-20 |
ІҮ Жаңа сабақтың тақырыбы : « Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.»
Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасында таңбалары әр түрлі сандарды қосу үшін термометр шкаласы мен координаталық түзуді пайдаланып шығаруға есептер бере отырып түсіндіру . Оқушылар термометр шкаласының көмегімен немесе координаталық түзу бойында кескіндей отырып , қосындыны табуды үйрету .
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Математика. Төртбұрыштар тарауын қайталау.
- Математика-3. Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу.
- Математика. Логарифмдер әлемінде.
- Математика 3 сынып. Қосындыны санға бөлу.
- Математика. Туынды тарауын қайталау.
- «Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау
- 5 сынып. Математика. Ондық бөлшектерді көбейту арқылы араб грамотасын меңгеру.
- Математика-6. Рационал сандарды бөлу.
- Бастауыш математика. Кері есептер.
- Математика. Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.