Информатика сабақтарында жаңа технологияны пайдалану.
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, №2 Ақсуат орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Болысова Гүлмира Мақсұтқанқызы.
Гүлмира Мақсұтқанқызы 1996 жылы «С. Торайғыров» атындағы
Павлодар педагогикалық университетінің «физика және есептеу техникалық» мамандығын алып шыққан. №2 Ақсуат орта мектебінде 2002 жылдан бастап информатика пәні мұғалімі болып қызмет істейді.
Осы уақыт ішінде өзінің жан-жақты мұғалі екнін көрсете білді. Информатика пәнінің мұғалімі ретінде өзін білімді мұғалім екенін дәлелдеп, сабақтарын жоғары теориялық –әдістемелік негізде өткізе біледі. Информатика пәнінің қиындығын ескере отырып, оқушылардың нақты білім дағдыларының қалыптасуына, қызығушылықтарының оянуына назар аударады.
Гүлмира Мақсұтқанқызы оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге, шығармашылық ізденістерін дамытуға көп көңіл бөледі. Оқушылары өздерінің білімдерінің жоғары екенін дәстүрлі пән олимпиадасында көрсетіп, жүлдері орындар алады.
Мұғалім өз білімін жетілдіріп, конференцияларға, семинарларға қатысыпотырады.
2006 жылы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатсысты.
«Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында педагогикалық мамандардың кәсіби құзырлылығын арттыру» атты конференцияда жасаған баяндамасы, баяндамалар жинағына енгізілді.
2008 жылы «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» жобасы бойынша өткен облыстық конференцияға оқушымен жүргізген «Электрондық оқулық және RWCT стратегиялары» атты жұмысын апарды.
2007-2008 оқу жылында, 2011-2012 оқу жылдарында аудандық семинарларда ашық сабақтар өткізді. Сабақтарында АКТ мен жаңа технологияны үнемі үйлестіріп отырады.
Гүлмира Мақсұтқанқызы мектепте мұғалімдерге жаңа ақпараттық технологияны тиімді қолдануға көмектесіп, өз үлесін қосып жүрген білімді ұстаз.
Болысова Гүлмира Мақсұтқанқызы осындай квалификациялық мінездеме бере отырып , информатика пәнінің мұғалімі талаптарына сай.
№2 Ақсуат орта мектеп директоры: Б.М. Көшкімбаев.
”Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек”
”Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Назарбаев.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне жаңа технологияның дендеп енген дәуір.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: “Білім беру формасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі” деп атап көрсетті.
Сондықтан жасөспірімдерге жаңа технологины меңгертуде оқытудың шығармашылық деңгейін арттыру өте маңызды. Ақпараттық технология -бүкіл қоғамның ілгерлеуінің белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда мектебіміздің информатика пән мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат жаңа технология арқылы білім мазмұнын жаңарту. Оқушыларға білімді меңгерту, тәжірибеде қолдану , шығармашылықты дамыту мақсатында № 2 Ақсуат орта мектебінде «Инновациялық білім беруде жаңа ақпараттық коммуникативті технологияның тиімділігі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің аудандық семинар өтті.
Семинарға 39 информатик мұғалім қатысты.
Семинар кезінде «Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану» тақырыбында 8 сыныпта ашық сабақ өткіздім. Семинарға қатысушылар сабағымды жоғары деңгейде бағалады.
Сабағымды СТО бағдарламасымен жоспарладым.
Сабақтың сапасын арттыруда «Оқу мен жазу» арқылы сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану , оқытудың шығармашылық сипатын күшейте түсуіне маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Оқушыларыма сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында осы сабақта
RWCT жобасының: «Көп деңгейлі сұрақтар», «Ортада қаламсап»,
5 жолды өлең, Венн диаграммасы стратегияларын пайдаландым.
Осы семинар кезінде өткізген сабағымды басқада шалғайдағы әріптестеріммен бөліскім келеді.
Сабақтың тақырыбы: 8сынып
«Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіріп, дыбысты жазу және ойнату бағдарламаларын байланыстырып, интерактивті тақтада флипчарт жасау білімдері кеңейеді.
Міндеттері: 1. Кез-келген флипчарттарға суреттер салуды немесе дайын суреттер қоюды, мәтінді енгізуді еске түсіреді. |
Бағалау: 1. Көп деңгейлі сұрақтар стратегиясында сұрақтарға жауап беру, үйге берілген шығармашылық жұмысты орындау. |
2. Теориялық алған білімдерін практикада қолданып флипчарттарды өңдейді шығармашылық қабілеттерін дамытады. | 2. Ортада қаламсап стратегиясы арқылы теорияда алған білімдерін қолданып флипчарттарға объектілер қойып мәтіндер енгізіп және дауыс жазу кезінде. |
3. Оқушылар топпен жұмыс Істеуге берген тапсырманы бірігіп орындауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға | 4. Өз ойларын қортындылап, жинақтайды-5 жолды өлең жазу, венн диаграммасын толтыру арқылы. үйренеді. |
Стратегиялар:
1. Көп деңгейлі сұрақтар.
2. Ортада қаламсап.
3. 5 жолды өлең.
4. Венн диаграммасы.
Сабақ барысы:
І Қызығушылықты ояту.
1. Ата мекен әуенін тыңдату.
Оқушыларға сұрақтар беру.
-Бұл әнді тыңдағанда қандай сезімде болды?
-Әнге не жетіспейді?
-Осы әнді кім орындайды?
-Дыбысты енгізу немен орындалады?
-Өлеңнің сөзін компьютерге жазбаша енгізгіміз келсе қандай редакторға енгіземіз?
-WORD мәтіндік редакторына мәтіннен басқа тағы не енгізе аламыз?
ІІ Мағынаны ажырату.
1. -Алдар көсе мультфилмінен үзіндіні экранда көрсетіп, тоқтатып.
- Тапсырма осы көріністі WORD мәтіндік редакторына PAINT графикалық редакторына сурет салып немесе дайын суреттерді кірістіріп оларға әуен, дыбыс жазып интерактивті тақтаның көмегімен флипчарттар дайындауды тапсырғанмын.
-Тақтаға шығып үй тапсырмасына берілген флипчарттарыңды көрсетіңдер.
2 . Әр түрлі түсті карандашты алдарына тастаймын.
- Кімге қандай түс ұнайды?
- Таңдаған карандаштарыңды қолдарыңа алыңдар.
- Интерактивті тақтада түстер нені білдіретінін оқу.
3. Таңдаған түстеріне қарай сыныпты 3 топқа бөлу.
Ортада қаламсап стратегиясымен жұмыс.
Газеттер тарату.
І-топқа «Тарбағатай»
ІІ-топқа «Ұлан газеті»
ІІІ-топқа «Ұстаз үні»
- Тапсырма:
- Газеттердің 10 жылдан кейінгі басылымы қандай болатынын елестетіп компьютерде газет шығарыңдар.
Оқушыларға ескерту: тапсырманы орындап болғандарың қаламсаптарыңды ортаға қойып қойасыңдар. Мен топтағы кез-келген қаламсапты алып сұрақ беремін жауап беруге дайын болуларың керек.
Сұрақ: Жолдастарыңның қандай жұмыс істегенін айта аласың ба?
Флипчарт жасау кезінде қандай қиыншылықтар болды?
Флипчартқа суретті кім салды немесе суреттерді кім енгізді, ал мәтінді ші… т.б
- Интерактивті тақтада жасаған флипчарттарын топпен шығып қорғайды.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика. «Тапқыр информатик»
- Сабақтар көшіру
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Еxcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- MS WORD-қа мәтін енгізу
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Информатика 8-сынып. Сабақ жоспарлар жинағы.