И-7. Ақпарат тасымалдаушылар.
Ақтөбе обылысы Шалқар қаласы №5 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы
7б класс 21.11.2012ж
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер, Flesh-жадының жұмыстарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, кеспе қағаздары, флипчарт.
Сабақтың< барысы:
- Ұйымдастыру
- Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)
- Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
- 4. Сергіту кезеңі
- Аялдама (Тапсырмаларды орындау)
- Жолбекет (Сабақты бекіту)
- Үйге тапсырма
- Бағалау
1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, кезекші міндетін қадағалау.
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.
2.Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)
Интерактифті тақтада құрылғылар суреті беріледі атын жазып анықтама береді.
3.Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Ақпарат тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл - бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіріеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін катты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 дискетте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттінен жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас корапта орналасады, сол себепті олар әрі үзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады, Соңғы шығын жатқан дискіқозғағыштарда 3,5 дюймдық дискеттер ғана қолданынады.
3,5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялык жүйе командасымен жүргізіледі.
ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п - топқа кіретін дискілер саны.
Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.
Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.
Компакт-диск - бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Flesh-жадының - 64Мб – 64Гб
Сабақтың толықь нұсқасын көшіріп талыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика. Кесте құру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері
- Компьютерді вирустардан қорғау
- Информатика. «Тапқыр информатик»
- Информатика-7. Компьютерлік желілер.
- HTML тіліне түсінік
- Информатика 7 класс. Работа в графическом режиме (ұлттық мектеп).
- Информатика. Модельдеу кезеңдері
- Информатика-9. Шартты операторлар.
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Механическая, оптико-механическая, оптическая «мышь»