Vigrx plus dose
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
8 Апрель 2012 – 18:58 | Комментариев 59

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

И-11. World Wide Web – іздестіру жүйелерімен жұмыс.

Опубликовал в 20 Январь 2013 – 09:31Нет комментариев

Мерген Жұман. Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

Мақсаттары:
1. Білімділік: World Wide Web және Web – парақтарын қарайтын программа - браузерлер туралы білімдер беру;
2.     Дамытушылық: оқушыларды Web – іздестіру жүйелерімен еркін жұмыс жасай білуге, компьютерді кең салалы қолдануға дамыту;
3.     Тәрбиелік: қажырлы, қарапайым, ұқыпты, салауатты болуға және берекелі, ұжымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» - ның элементтерін пайдалана отырып, тірек – сызбалар, тесттер арқылы түсіндіру.
Берілген уақыт: 270 минут
Өткізілетін жер: № 10 шеберхана
Пәнаралық байланыс: Информатика. Компьютерлік желілік.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Компьютер, проектор, интербелсенді тақта, оқу-әдістемелік құралдар, тест программалар.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (3 минут).
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Шеберхананың, құрал-жабдықтардың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II Кіріспе нұсқау (42 минут).

1. Өндірістік оқыту барысында шеберханадағы  техника қауіпсіздігі туралы естеріне салу.

ДК-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЛДЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ:

1. Қоректендіргішінің өшірілген жағдайында  ДК қарап және оқшалау бұзушылығы жоқтығына және ДК корпусының, сымдарының бүтіндігіне  көз жеткізу керек.
2. Жұмыс істеу барысында төмен түсіп жатқан сымдарды қағып кету мүмкіндігін болдырмауға көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орынын пайдалануды есепке алу Журналына белгі қою керек.

ДК-МЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ:

1. ЭЕМ-да жұмыс істеу барысында экраннан көзді оптималды қашықтықта (60 - 70 см) сақтау қажет.
2. Келушілер кіргенде оқушылар орнынан тұруға тиісті емес.
3. Көздің талғандығы байқалған немесе шаршаған жағдайда, бірнеше жаттығуларды орындауға болады.
4. Оқушылар алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен өртті сөндіру әдістерін білулері тиіс.

ДК-МЕН ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІҚ ТАЛАПТАРЫ:

1. Жұмысты мұғалімнің нұсқауымен аяқтау.
2. Дискжетектен дискілерді алу.
3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
4. Мұғалімнің рұқсатымен аппаратураны өшіру .
5. Жұмыс орнын тек мұғалімнің рұқсатымен ғана қалдыру керек.
6. Лабароториялық тапсырмаларды және орындаған жұмыстарды тапсыру.
7. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу Журналына белгі  қою керек.

  1. 2.     Өткен материалдарды пысықтау.

1) Әрбір оқушы компьютерде алдыңғы компьютердік желілер тарауына  байланысты  20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындайды.

2) Тірек-сызбаларды толтыру.

(1) Желілер топология түріне байланысты нешеге бөлінеді? Олар қайсылар? Тірек-сызбаға толтырыңдар.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.