10 Август 2011 – 18:58 | 54 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

И-10. Visual Basic ортасында бағдарламалау

Опубликовал в 4 Январь 2013 – 15:37Пікір жоқ
Бұл мақала 254 рет оқылды, 6 рет бүгін

ШҚО Жарма ауданы Қызылағаш орта мектебі КММ Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларға меню құру және бағдарламалау жолдарын түсіндіру;
2) Дамытушылық: теорияда алған білімдерін тәжірибемен байланыстыру;
3) Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сайыс
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Паскальдар» және «Бейсиктер». Тәуелсіз сарапшы 11 сынып оқушысы Манашева Айгерім. Әр топтың кезең бойынша орындаған тапсырмасын 5 балдық жүйеде бағалайды. Әр топтың топбасшысын тағайындалады. Топтарға сәттілік тілейміз!
Сайыс кезеңдері:
1. Бәйге:
- 1 топ элементтердің сол жақ, ал 2 топ элементтердің оң жақ бөлігіндегі сінің атын кезекпен кезек жазады.
- Басқару элементтерінің қасиетінің сипаттамасын топтар жазады.
2. Жорға:
- Компьютерде практикалық тапсырманы орындау.
1 топ – электронды тапсырманың 1-5 дейін, ал 2 топ – электронды тапсырманың 6-10 дейін орындайды.
- 2 топ та 10 сыныпқа арналған электронды оқулықтың жалпы тапсырмалар ретіндегі программалау бөліміндегі 1- 9 дейінгі тапсырманы орындайды. Ұпай дұрыс тапсырмамен есептелінеді.
3. Дода бөлімі:
- Тесті 2 топ орындайды. 1 деңгейді – Паскаль, 2 деңгейді – Бейсик тобы орындайды.
- Visual Basic элементтерін сәйкестендір. 1 топ – 1 суретті, ал 2 топ – 2 суретті сәйкестендіреді.
4. Мәре бөлімі: Тәуелсіз сарапшы 2 топтың ұпай санын есептеп, нәтижесін айтады. Мақтау қағазына жеңген топқа мақтау қағазы, ал екінші топқа алғыс хат беріледі.
5. Үйге тапсырма: 2.3 – тақырып. Басқару элементтері. Базалық элементтер анықтамасын жаттап келу.
САБАҚ АЯҚТАЛДЫ. САУ БОЛЫҢДАР!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.