Бастауыш математика. Кері есептер.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ТАҒАЕВА Жанылай Владимирқызы.
Мақсаты:
1. Кері есеп ұғымымен оқушыларды таныстыру. «Үлкен – кіші» ұғымымен кері есептің құпиЯсын түсіндіру
2. Оқушы ойын, қиялын, есте сақтауын дамыту.
3. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың формасы: топтық, жұптық.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрнекілік, тест, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, схемалар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
1) Оқушыларды 3 топқа бөлу, сәлемдесуі.
- Алғырлар 2. Тапқырлар 3. Білгірлер
Санжар Ернар Наурызбай
2) Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім. Бүгінгі күнді, жаңа сабақты хабарлау.
«Кері есептер»
- Кері есептер, шығару;
- Қосынды айрманың мәндерін табу;
- Өз бетімен ойлап, сурет бойынша есеп құрастыру;
- Ойын. «Қай көлік тез келеді».
- 5 минуттық тест.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан жұмысты бастамас бұрын ереже қайталанады.
«Үлкен, кіші», «артық, кем» екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды аламыз.
|
|
|
Есепті талдау.
Ағасы 10 жаста, ал қарындасы 4 жаста. Ағасы неше жас үлкен?
|
|
|
Қарындасы 4 жаста, ал ағасы 6 жас үлкен. Ағасы неше жаста?
а) Есептің берілгенін оқыту, шартын жазу.
в) Есеп кім туралы.
Салыстыру, шартын, ұқсастығын, айырмасын ажырату.
Кіші-кем,
Үлкен – артық,
Қымбат – арзан,
Көп – аз ұғымдарына байланысты. Кері есептер – мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз. Бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын есептер.
г) Әр топқа өз бетімен жұмыс.
Қосындылар жазу. Мәні 6-ға тең болатын айырмалар жазу.
з) Азайғыш пен азайтқыш тең болатын айырма жазу.
0 – 0; 1 – 1; 2 – 2; 3 – 3; т.с.с.
Сергіту сәті: 1,2,3 Қарлығаш боп ұш
4,5,6 Аспанда ұшып қалқы
7,8,9,10 Өз орныңа қон.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- 92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.
- Математика 4 класс. «Умножение и деление вида 242*4, 968:4»
- Бастауыш. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу
- Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы
- Бастауыш. Ауа. Ауаның қасиеттері.
- Бастауыш. Дауыссыз дыбыстардың түрлері (аса көрнекті ашық сабақ).
- Информатика-3. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көзге жаттығу жасау. ДК-ді қолдану салалары және маңызы. Тінтуірмен жұмыс.
- Бастауыш. Етікші. 2 сынып әдебиеттік оқу.
- Қазақ тілі_Бастауыш 4-сынып. Уақыт. Сағат неше?
- Бейнелеу өнері-3сынып. «Сәндік қолданбалы өнер. Сырмақ.»