10 Август 2011 – 18:58 | 54 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

FrontPage-де веб парақша жасау

Опубликовал в 27 Декабрь 2012 – 00:571 пікір
Бұл мақала 248 рет оқылды, 1 рет бүгін

MS FrontPage программасына кіріспе. FrontPage-де бастапқы жұмыс.

MS FrontPage программасы Web-құжаттар жасауға арналған көп мүмкіншіліктері бар және қолдануға ыңғайлы программа. FrontPage программасы Office құрамына кіретін басқа да программалармен үйлесімді, демек қажетті жағдайда басқа программалармен деректерді ауыстыру жеңіл орындалады. Microsoft Word-қа өте ұқсас келеді. Front Page – кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Редакторды іске қосу үшін мынандай әрекеттер орындалады: Іске қосу (Пуск)→ Программалар → Microsoft Office →MS FrontPage

Редактор іске қосылғанда Конструктор, Бөліп көрсету (С разделением), Код, Алдын ала қарау (Просмотр) терезелерінен тұратын терезе ашылады. Терезенің жоғарғы бөлігінде Office қолданбаларының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және аспаптар тақтасы орналасқан. Сол жақтағы меню арнайы FrontPage үшін жасалған, бұл -жұмыс түрлері немесе режимдер менюі.

Конструктор бетшесінде веб-бет дайындалады, яғни негізгі мәтін, графикалық суреттер, кесте, тізімдер орнатылады, мәтінді форматтау жүргізіледі, олардың қасиеттері мен әрекеттерін беруге болады. Немесе бетті фреймдерге, макеттік кестелерге бөлу де осы бетшеде жүргізіледі. Бөліп көрсету бетшесінде Конструктор және Код бетшелері қатар бір терезеге ашылады, Конструктор бетшесіндегі бет мазмұны төменгі бөлікке, ал Код бетшесіндегі HTML коды жоғарғы бөлікке көрінеді. Бұл бет арқылы әрбір объектінің HTML тегін қарап алуға, өзгертуге, атрибуттар қосуға болады. Егер төменгі бөліктен қандай да бір объектіні белгілесек, оның HTML коды автоматты түрде белгіленеді, және керісінше терезенің жоғарғы бөлігіндегі HTML кодтты белгілеу арқылы объектіні белгілеуге болады. Код бетшесі арқылы беттің HTML тілінде жазылған программасын көруге болады. Бұл беттен кодты өзгерту арқылы бет мазмұнын түзетуге болады. Алдын ала қарау бетшесі – веб-бетті интернетке орнатқанда қалай көрінетін болса, солай көрсетеді.

Web-парақтар редакторы

MS FrontPage программасында бетке мәтін орнату Конструктор бетшесінде жүргізіледі. Конструктор бетшесі MS Word программасына өте ұқсас. Word программасында мәтінді қалай енгізіп, өңдесек, MS FrontPage программасында да солай орындалады. Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Шрифт қасиеттерін аспаптар тақтасының көмегімен немесе Формат→Шрифт командасы арқылы береміз. Формат→Шрифт командасын орындағанда шрифт сызылымын, өлшемін, түсін, түрөзгерісін таңдауға болатын келесі сұхбат терезе ашылады.

Кесте орнату үшін келесі команда орындалады, сол кезде Кесте қою сұхбат терезесі ашылады. осы терезе кестенің жолдары мен бағандарының санын, ұяшық мәтіндерін туралау жолдарын, жол биіктігі мен баған енін, кесте шекараларының қалыңдығын, фон түсін қоюға мүмкіндік береді.

Веб-бетке тізім орнату үшін Формат→Тізім командасын орындап, Тізім сұхбат терезесін ашамыз. Кәдімгі маркерлер бетшесінен маркер түрін таңдаймыз, Нөмірлеу бетшесінен нөмірлену түрін таңдаймыз. Қойылған маркердің немесе нөмірдің тұсына тізімнің бірінші мәтіні енгізіп, Enter пернесін басамыз, сол кезде келесі маркер немесе нөмір автоматты түрде қойылады да, тұсына мәтін жазылады. Осылай тізім толтырылады, соңғы мәтін енгізілгеннен кейін Enter пернесі екі рет басылады.

Гиперсілтеме құру: ашылатын құжат адресін беру, олардың түстерін анықтау, беттердің ашылу анимациясын беру. Сілтемелер панелін құру.

MS FrontPage программасында гиперсілтеме құру үшін алдымен гиперсілтеме болатын мәтінді белгілеп алып, Қою (Вставка) → Гиперсілтеме командасын орындаймыз. Сол кезде Гиперсілтеме орнату сұхбат терезесі ашылады. Байқап отырсақ, жоғарыда белгіленген мәтін терезенің Мәтін бөлігіне жазылады. Бұл сілтемені басқан кезде ашылу қажет бетті төмендегі ағымдағы бума бөлігінен іздейміз. Ал гиперсілтемені басқан кезде басқа құжат ашылу қажет болса, оны Бума бөліне басып ашылатын құжатты белгілейміз. ОК батырмасына басамыз. Гиперсілтеменің жұмыс жасап тұрғандығын тексеру үшін бетті сақтап алып, F12 батырмасына басамыз. Тексеріп болғаннан кейін жабу батырмасына басып, FrontPage программасына қайтып келеміз.

Бетті фреймдерге бөлу, фреймдерге әртүрлі құжаттарды жүктеу.

FrontPage программасында бетті фреймдерге бөлу үшін алдымен Құру (Создание) есептер аймағындағы Беттің басқа шаблондары (Другие шаблоны страниц) сілтемесіне басамыз.

Сол кезде Беттер шаблондары сұхбат терезесі ашылады, оның Рамалар беті бетшесін ашып алып, қажет фреймдерді таңдаймыз. Төменгі Үлгі (Образец) бөлігінде беттің бөліктерге қалай бөлінетіні көрсетіледі. Қажет фреймдерді таңдағаннан кейін ОК батырмасына басамыз.

Бет фреймдерге бөлінгеннен кейін оларға Бастапқы бетті беру (Задать начальную страницу) дайын беттерді жүктеуге болады немесе Бетті құру (Создать страницу) батырмасын басу арқылы жаңа бет ашып, мазмұнын толықтырады.

MS FrontPage программасында форма құру,
форма элементтерін жасақтау.

MS FrontPage программасында форма құру үшін Қою (Вставка) → Форма→ Форма командасын орындаймыз да, төртбұрышты аймақ сызып аламыз. Ішіне қажетті форма элементтерін толтырамыз. Мәтіндік өріс, айырғыштар, батырма, төменге ашылатын меню, сияқты тағы басқа форма элементтері де Қою (Вставка) → Форма командасы арқылы қойылады.

Кітапашаның толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.