География 6 сынып - Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Мақсаттары:
I. Білімділік:
• Базалық деңгей - “вулканизм”, “жер сілкінісі”, эпицентр, жер сілкінісі ошағы, жанартаулардың, ыстық бұлақтар, гейзерлердің пайда болуы;
• Жоғары деңгей – жанартаулардың қайталануы, атқылауы түрлері бойынша жіктелуі;
• Тереңдетілген деңгей – жер сілкінісі мен жанартаулардың таралу заңдылықтары.
II. Дамытушылық:
• Базалық деңгей – жер сілкінісі мен жанартаулар үрдістерінің сипаттау және әртүрлі ақпарат көздері негізінде олардың пайда болуын түсіндіру, жер сілкінісі мен жанартаулардың таралған аудандарды тақырыптық картадан көрсету (сейсмикалық зоналар);
• Жоғары деңгей – жанартаулардың қайталануы, атқылауы түрлері бойынша жіктеу; қауіпті жағдайларда адамдардың жүріп-тұру ережесін моделдеу
• Тереңдетілген деңгей – карталарды талдау негізінде жер сілкінісі мен жанартаулардың орналасу заңдылықтарын белгілеу, алынған білімдердің негізінде жер бетінде бұл үрдістердің байқалу мүмкіндігін бағалау (болжау);
• Алған білімдерін жалпылау және жүйелеу білуді қалыптастыру
III. Тәрбиелік:
• Коммуникативтік, рефлексивтік, әлеуметтік және ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру;
• Әдебиет пен өнер туындылары мысалында оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу;
• Географиялық бағытындағы ғылымдармен байланысты мамандар туралы көзқарас қалыптастыру;
Дидактикалық мақсат: жаңа оқу мәліметтерін және жалпы сыныптық және топтық элементтермен жеке жұмыс түрінде проблемалық оқыту негізінде әрекеттердің әдістерін қабылдау, ұғыну үшін жағдай тудыру. Оны вулканизм және жер сілкіну үрдістерін болжау білуге бірге бағдарлау.
Сабақтың түрі: проблемалық мазмұндау технологиясы негізінде жаңа материалды үйрену сабағы
Оқыту әдісі: жартылай ізденіс, түсіндірмелі-иллюстративті, репродукті, мәселелік.
Таным әдістері: салыстырмалы, бағалау және болжау.
Таным әрекеттерін ұйымдастыру түрлері: шешуші құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жалпысыныптық, жұптық, жеке.
Оқыту жабдығы: оқулық, тапсырмалар берілген таратпа материалдар, атластар, мультимедиялық проектор, компьютер.
Бүгін біз литосфера тарауын одан әрі жалғастырамыз, өткен сабақтардағы литосфералық тақталардың қозғалыстары мен жер сілкінісі, сейсмикалық аймақтар жөнінде түсінік алып мазасыз ғаламшарымыздағы болып жатқан құбылыстар туралы айттық, бүгінгі сабақта сол білгендерімізді еске түсіріп және оны бүгінгі жаңа тақырыппен, жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиып кететін тағы да бір аса қауіпті табиғат құбылыстарының бірі Жанартаулармен байланысын табуға және ерекшеліктерін белгілеуге тырысамыз.
Тірек білімдерін өзекті ету
1. Алдымен түсініктер мен фактілерді еске түсірейік:
Литосфера дегеніміз не?
Литосфералық тақталар дегенімізі не?
Мұхиттық пен материктік тақталар шектескенде нелер түзіледі?
Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы Жер сілкінісі дегеніміз не?
2. Сабақтықты түсіну үшін арналған тапсырмалар – яғни себеп-салдарын тауып, өмірмен байланыстыруға тырысамыз
1. “Литосфералық тақталар”, “Жер сілкінісі” карталарын салыстырып көрелік, біз не көріп тұрмыз? Жер сілкіністер қай жерлерде болады екен?, осы карталарды талдау негізінде қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды: Жер сілкіну ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарына шоғырланғандығы байқалады.
2. Біздің жергілікті жерімізде жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Неге? Болады, бірақ күшінің аздығына байланысты адамдар оны сезбейді. Ал енді Қазақстанның физикалық картасын ашып маған қай жерде болуы мүмкін және неге екенін айтыңдар. Таулы аймақтарда,себебі ол жақта тау жасалу қозғалыстарына байланысты жер қыртысының қозғалыстары болады.
3. Жер сілкіну салдарынан болатын апатқа ұшырататын табиғаттағы құбылыстар: Цунами, сел, опырылулар, жартастардың құлауы, сусымалар.
3. Жер сілкіну апатынан сақтану үшін не істеу керек? әрине болжау қажет. Жер сілкінісін қалай болжауға болады? (ондаған жылда бір рет жер сілкінісі болып тұратын аймақтарда жер сілкінісінің ұзақ уақыт болмауы басты көрсеткіш болып табылады. Себебі бұл уақыт ұзақ болған сайын жер сілкінудің күші арта түсу ықтималдығы өседі. Жер сілкінер алдында белгілер: магниттік өріс, ортаның акустикалық қасиеті өзгереді, радио және телеграфтың жұмысы бұзылады, су қоймаларда судың деңгейі күрт өзгереді немесе оның лайлануы, газдың иісі, жануарлардың мазасыздығы байқалады.
4. Сейсмикалық белсенді аймақтарда ғимараттардың құрылысына қандай талап қояды?
3. Біліктілікті тексеруге арналған тапсырмалар- білгенімізді іс жүзіне асыра алатынымызды көрсетуіміз керек.
- Сейсмикалық қауіпті белдеулерді әр түрлі түспен белгіле (2баланың картасын тексеру)
- Жер сілкінісі кезінде Сіздің әрекетіңіз қандай болады?
Жер сілкінісі кезінде әр адам қауіпсіздік ережесін білу өте қажет.
1. алғашқы дүмрулерде 15-20 минут ішінде ғимараттан дереу шығуы қажет.
2. елге хабарлай отырып сатымен ғана түсуі қажет.
3. пәтерде қалып қойсаңыз есіктің жанына немесе бұрышта тұру қажет.
4. абыржуға жол бермеу керек.
- Рихтер шкаласы бойынша сейсмикалық толқындардың белсенділігін суретке қарап анықтаймыз
Мұғалім Табиғатта жер сілкінісіне, жанартаулардың атқылауына ешбір қолайсыз құбылысьары апаттылығымен тең келе алмайды. Олардың таралуы бірдей заңдылықтарға бағынады. Жер сілкінудің салдарынан жанартаудың қайта атқылауы немесе жаңа жанартаулардың түзілуі болады. Сол сияқты жанартаулар да жер сілкінісін тудыруы әбден мүмкін
Дәптерге бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар
Бүгінгі тақырыпты оқулықта көз жүгіртіп отырып сабақтың мақсатын қоюға тырысамыз.
Қандай сұрақтарды біз қарастырамыз?
- ал Сіздер не айтасыздар? «Жанартаулар» деген сөз Сіздерде қандай ассоциациялар тудырады? (балалар көбіне отты таулар деп атайды).
Әрине ең біріншіден біз оның пайда болуына яғни геологиясына үнілеміз
1. Жанартаулар қалай пайда болады
Слайд № 12
Мұғалім: Қазір мына сөздерді бір заттың екіншіге ауысу үрдісі бойынша орналастыруға көмектесесіңдер.
- Есімізге түсірейік мантия қандай күйде болады? (тұтқыр)
- Мантияда заттар неге тұтқыр келеді оның температурасы 2000- 2500гр.С дейін қызып тұрғой (оған үлкен қысым түсетіндіктен Жердің ішкі заттары сұйық күйде бола алмайды)
- мантия тұтқыр келеді, бірақ сіздің ойыңызша қай жерде мантия сұйық болады және неге (жарықтардың маңында қысым азаяды)
- мантия сұйық күйінде магмаға айналады. Ал магма сыртқа төгілгенде ол лава болады.
Қысымның арқасында магма жер қыртысының жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай көтеріледі. Бұл құбылысты магматизм деп аталады.
Слайд № 13
Ішкі магматизм жағдайында магма жер қыртысына жетпей және жер қыртысының жарықша саңылауларында қатып қалады. Егер бұл жер бетіне жақын болса онда биік емес лакколит-таулар түзіледі. Оған мысал Крымдағы Аю-Даг мысал бола алады. Сыртқы магматизмді тағы жанартаулық деп атайды
Магма қалай көтерілетінін білмек болсандар жанартаудың құрылысымен танысалық
2. Жанартаулардың құрылысы. Слайд № 15
Қысымның арқасында балқыған магма жер бетіне өңеш бойымен көтеріледі, ол жанартаудың көмейі деп аталады.
Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы – кратер түзіледі. Осыдан жер бетіне лава төгіледі, газдар, су буы шығады, тастар мен күлдер атылады. Кратерлер бірнешеу болуы мүмкін. Оларды бүйірлі деп атайды.
Мына суретке қарап жанартаудың конусі қалай пайда болатынын түсінуге болады?
Конус біртіңдеп құрылады. Жер қыртысының жарықтар бойымен лава төгіледі. Лаваның бірінші қабаты төгіліп қатады, оның үстімен екінші қабаты төгіледі және солай әрі қарай жалғаса береді. Осылай қабатты конус пайда болады. Сұйық лава төгілгенде жайпақ беткейлер, ал тұтқыр лавадан – күмбез тәрізді беткейлер түзіледі
?????Енді мына сұраққа жауап беріңдер: Сіздердің алдынызда жай тау емес жанартау тұрғаның қандай белгілер арқылы ажыратар едіңіз (жанартауда қабатты конус, көмейі және кратер бар)
Жанартаулар – атқылау өнімдерімен түзілген конус формалы таулар.
Выброс из жерла вулкана паров, газов, магмы, горных пород и есть извержение вулкана. Вулкан – это гора, которая извергает лаву.
Внешне вулкан – это возвышение, необязательно высокое. Возвышение связано каналом с магматическим очагом на глубине. Слайд 16. тереңде магмалық ошағымен көмейдің байланысы бар тау.
Вулкан – (от лат. Vulcanus – огонь, пламя), геологическое образование возникающее над каналами и трещинами в земной коре, по которым на земную поверхность извергается лава, пепел, горячие газы, пары воды и обломки горных пород.
4. Жанартау әрекеттерінің үнсіз куәлары.
Жанартаудың атқылауы әрқашан күштілігімен, қаһарлықпенкөзге түседі, сондай-ақ асқан әдемілік суреттерімен таң қалдырады, оны көріп табиғаттың алапат күшін түсінесін. Жанартаулық атқылаулар көптеген адамдарға қаза әкелетін апатты салдарға әкелді. Бұны айтқанда Помпей, Геркуланум және Стабия қаласын жойып жіберген Италиядағы Везувий жанартауының атқылауын еске алсақ жеткілікті.
Слайд № 17
Дарын бізге бұл антикалық қалалардың қайғылы тағдыры туралы қызықты мәлімет дайындап келді. (қосымша 2) Слайд № 18- 19 Везувий көрікті тау болған, ол Жерорта теңізі жанында аспанмен таласып айбынды орналасты. Тау беткейлерінде жүзім өсті, ал жиектерінде үш қала - Помпеи, Геркуланум и Стабия орналасты. Жан түршігерлік оқиға Помпейде б.ә. 79жылында 24 тамызда болды. Табиғат апатының барлық сұмдығы Карл Брюлловтың «Помпейдің соңғы күні» суретінде (1828 г.) бейнеленген. Қорқыныштан, сұмдықтан есінен айырылған адамдар қашып құтылмақшы, олар шалынып құлап тура көшеде қаза тапты. Көбісі қираған үйлердің астында қазасын тапты, күлдің ауырлығынан құлаған шатырмен жаншылды. Қала 3 метр қалындыққа дейін күл қабаты астында көмілді.
Әңгімені жақсы тыңдасаңдар мына сұраққа жауап бере аласыңдар
5. Жанартау атқылауының қандай өнімдерін білесіз?
• Газдар.
• Су буы.
• Күкіртті сутегі (сероводород)
• Күл.
• Жанартаулық шыны, пемза, туф.
• Тау жыныстар
6. Табиғатта су астында, мұз астында, сондай-ақ жер бетінде де жанартаулардың атқылауының бірнеше түрі бар. Негізгі үшеуіне назар аударайық.
Гавай типі Пелей типі. Плиниан типі (Везувиялық)
Бұл жанартаулардың кратері отты көлдер тәрізді үнемі лаваға толып тұрады. Аса қуатты емес аққан сұйық базальтты лава тасқыны ондағана км-ге дейін жетеді. Гавай типтіде атқылау жарықтармен, сынықтар бойымен де болуы мүмкін. Гавайда
Жанартаудың лавасы өте тұтқыр келеді, ол көмейде қатып газды буларға шығуға мүмкіндік бермейді. Сонын салдарынан қатты жарылыс болады, сосын қызып тұрған газ бен күлдің аса зор қара бұлты сыртқа шығады. Ол беткей бойымен жолындағының бәрін жойып отырып шапшан зымырайды. Ең соңында күмбез тәрізді лавалық тығын шығады. Камчаткада, Кіші Антиль аралдары.
Везувиалық тип. (К. Брюлловтың «Помпейдің соңғы күні» суретінде көрсетілген). Бұл атқылау типіне Суматра және Ява аралдары арасында Зонд шығанағындағы Кракатау жанартауының үлкен жарылысы жатады. алдымен күл мен газдан тұратын қара бұлт өте биікке көтеріледі. Бұл атқылаудың ерекшелігі күшті және жарылысы тұтқиылдан болады және көптеген пемза мен күл тасқынын (жаңбырын) тудырады
Мұғалім:
Негізгі атқылау өнімі бойынша өзін оқыған жанартау типін тауып сипатта
7. Жанартаулардың түрлері. (3 тапсырма)
Белсенділігі бойынша жанартаулар 3 топқа бөлінеді:
Жер шарында 850 сөнбеген жанартаулар бар, сөнбеген жанартаулар Аустралиядан өзге барлық материктерде бар.
Бұл Кракатау, Фудзияма, Ключи шоқысы (Еуразияның ең биік сөнбеген жанартауы - 4750м ) және т.б.
Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнген жанартаулар дейді. Олардың бұрынғы белсенді өмірі туралы таудың конус тәрізді пішіні және төбесіндегі кратері дәлелдейді. Бұл сөнген жанартаулар. Оларға Африкадағы Килиманджаро ж., Италиядағы Везувий ж., Кавказ таулы жүйесіндегі Эльбрус ж.
Сонымен қоса ұйқыға кеткен жанартаулар бар. Олар сөнген деп есептелген жанартаулар қайтадан атқылай басталады.
Физикалық карта арқылы немесе жер қыртысы картасын ашып маған бұл жанартаулардың орналасуын табындар, оны кескін картаға белгілейміз
8. Жанартаулар құрлықта ғана емес, сондай-ақ мұхит түбінде түзіледі. Егер жанартау судың бетіне шығып тұрса, онда жанартаулық жолмен пайда болған аралды түзеді. Мысалы, Гавай, Куриль аралдары.
Жер қыртысы суретіне қарап, қалай ойлайсыз, жанартаулар қайда көп болады - материкте ме әлде мұхит түбінде ме?
( мұхит түбінде себебі онда жағуға жеңіл жұқа қыртыс орналасты.
Құрлықта Материктік жер қыртысы Жарылған жерлерде Жанартаулар
Мұхит түбінде Мұхиттық жұқа қыртыс Лава жер қыртысын жағады Жанартаулар
Слайд № 22 Жанартаулардың көбісі Тынық мұхиттың аралдарында және жағалауларында шоғырланған. Егер Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу картасына қарасан
олар мұхитты шеңбер тәрізді қоршап тұрғанын байқауға болады. жанартаулардың ең қуатты атқылаулары және жер сілкінулері осы ауданда байқалған. Токио (1923), Мехико (1985)
9. Литосфералық тақталар картасымен жанартаулар картасын салыстырып қорытынды жаса (56 беттегі астынан үшінші мәтінді оқып қорытынды жаса)
Мұхиттық және материктік жер қыртысында жанартаулардың пайда болуын түсіндіріп көріндер ( Жер бетінде жанартаулардың таралуы жер сілкіну және тау түзілу аймақтарымен байланысты болып келеді. Жанартаулар тау жасалу әрекеттері жүріп жатқан аймақтарда кеңірек тараған. Мұндай жерде магма жер бетіне шығуға оңай жол табады. Жанартаулар жарықтарды бойлап тізбектеліп орналасады. Литосфералық тақталардың бір-біріне қайшы келген яғни сынықтар зонасында. Бұл жерлерде лава жарықтар бойымен көтеріледі.)
10. Жанартаулар және жер сілкінісі жыл сайын мыңдаған Адам өмірін қиып кететін қауіпті табиғат құбылыстары , бірақ бұзу – жанартаудың сыртқы ғана көрінісі. Жанартау әрекетінің қандай оңды жақтарын атай аласыз?
Атқылаудан кейін көптеген күл- аса құнарлы топырақ қалыптасады, сондықтан жанартаулық аудандар тығыз қоныстанған. Жанартаулар минералдардар мен құрылыс материалдарды бюереді. Жанартаулық ауданға жанартау.мыс, алтын, күміс, сондай-ақ көптеген геотермалдық көздер жатады. Жердің барлық қабықтары белгілі дәрежеде жанартау әрекетінің өнімдерінен қалыптасқан.
6. . Ыстық бұлақтар және гейзерлер.
жанартаулар аудандарында ыстық бұлақтар, гейзерлер кездеседі. Олар жер асты сулары магмаға жақын орналасып қызып қайнап сыртқа оқтын-оқтын атқылайды.
Қорытынды: Апатты табиғат құбылыстардың бір-бірімен байланысын таптық па? Қандай заңдылыққа келдіңдер?.
Рефлексия кезеңі:
1. Бүгін сабақта маған…
2. мені әсіресе таң қалдырған…
3. Сабақтың басталғанға дейін мен былай деп ойладым…, ал қазір …. білемін.
4. Егерде …болғанда жақсы болар еді
5. Маған ұнамағаны…
- Сегодня на уроке вы узнали, что такое вулканы и как они образуются. Пожалуйста, скажите, что такое вулканы? Из чего состоит вулкан?
Үй тапсырмасы. §21 мазмұндау, гейзерлерді кескін картаға белгілеу
Жанартау атқылауына байланысты қауіпсіздік ережесін құру
Бағалау
Ұқсас тақырыптар:
- 11-сынып. География әлеміне саяхат.
- Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).
- Информатика 5-сынып. Ақпарат, оның түрлері.
- Математика 3 сынып. Қосындыны санға бөлу.
- 5 сынып. Математика. Ондық бөлшектерді көбейту арқылы араб грамотасын меңгеру.
- Математика-6. Рационал сандарды бөлу.
- Информатика-3. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көзге жаттығу жасау. ДК-ді қолдану салалары және маңызы. Тінтуірмен жұмыс.
- Бастауыш. Етікші. 2 сынып әдебиеттік оқу.
- Технология. 4 -сынып. Cәукеле тігу.
- Бейнелеу өнері-3сынып. «Сәндік қолданбалы өнер. Сырмақ.»