10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Математика, Сыныптан тыс жұмыстар

Баланы жастан баулысақ…

Опубликовал meruert gald в 16 Ноябрь 2012 – 15:01Пікір жоқ
Бұл мақала 284 рет оқылды, 2 рет бүгін

Таласбаева Меруерт Жалдықарақызы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,  Қыраш ауылы,    №180 «Қызылмақташы» орта мектебінің математика пәні  мұғалімі

Әлем бүгінде техника тілінде сөйлеп, адамзаттың даму  бағыттарының көпшілігі жаратылыстану саласына басымдық беріп жатқанда, қазақ балаларының математикалық қабілеті жайында аз айтылып жүрген жоқ. Баланың математикаға қабілетін дәл тауып, оны әрі қарай дамыта алып жүрміз бе, әлде оның қабілетін елемей, дер  кезінде анықтай алмай өшіріп алып жүрміз бе? деген сауал әрбір жанашыр ұстазды толғандыруы тиіс.Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір салаға қабілеттілігін (сурет салу, ән айту, ақындық өнер, билеу, шахмат ойнау, логикалық есептер шығару т.б.) байқатады. Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын біртіндеп жойыла бастайды да, көзі ашылмаған бұлақтай бітеліп тынады. Әр баланың өзіне ғана тән ерекшелігі дер кезінде  ашылса, оның келешекте  үлкен жетістіктерге жете  алары сөзсіз.  Ұғымтал,  ой-өрісі кең , есте сақтау қабілеті жоғары оқушыларды қалай  анықтауға болады?  Оқушының  бастауыштан бастап математикалық қабілеттілігін анықтаудың  мынадай бірнеше әдістерін атап өтуге болады: сабақ беріп жүрген сынып мұғалімімен пікірлесу арқылы, оқушымен әңгімелесу арқылы,  бақылау жұмысын алу, логикалық тапсырмалар орындату, білімі мен біліктілігін анықтайтын тестілер арқылы, көп нұсқалы тапсырмалар орындату т.б. арқылы.Жоғары сыныпқа сабақ беретін математиктер оқушы келешекте өз алдына келетін болғанннан кейін сырттан бақылап отыра бермей, олардың математикалық қабілетін ашу үшін оқушыны өз қамқорлығына бала жастан алуы тиіс. Себебі, бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығына математикалық қабілеттілік дарыған деп айта алмаймыз. Пән методикасын жақсы меңгеріп, оқушыға арифметикалық амалдарды орындауды жақсы меңгертуі мүмкін, алайда оқушының логикалық ойлауы мен шығармашылығын дамытуда ақсап жататындары аз емес. Оны  мына балам математик деп ұсынған оқушысының логикалық тапсырмаларды орындауда сүрініп жататынынан  байқауға болады, яғни бастауыштың  жақсы оқитын қабілетті баласында есептер шығаруға керекті теориялық білімдері мен оны пайдалана білуі жеткілікті болғанымен, ол логикалық ойлауға жоқ болуы мүмкін. Сондықтан біз, ауыл мектебінің математиктері, математикаға ойын баласын жастайынан баулып, пәннің қызығы мен қиындығын тең көтере білетіндей қабілетті ізбасарларымызды Тәуелсіз еліміздің гүлдене беруі үшін осы бастан даярлауымыз керек, яғни  бұлақ көзі бітелмей тұрып әрекет  жасауға тиіспіз.Елбасымыз бен үкіметіміз мұғалім беделін көтеру жайында мәселе қозғап жатқанда, келешек мектептің математик  мұғалімі тек қабілеттілер қатарынан келуі тиіс. Ол үшін бүгінгі мұғалім біздер қандй әрекет жасауға тиіспіз.Баланы ерте жасынан бастап нақты ойлауға, логикалық пайымдау мен өз ойларын жүйелі , анық баяндауға үйрету керек. Баланың жеке дарындылығын дамыту, оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру мұғалімнен педагогикалық шеберлікті, жан-жақты білімдарлықты  талап етеді. Оқушының математика пәніне деген ынта-ықыласын, қызығушылығын 5-6-сыныптан бастап емес 5-6-жастан бастап арттырсақ, олар тапқырлыққа, ой –жүйріктігіне , тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуге бейімделеді,  ал бұл олардың  ой-өрістерінің кеңейіп,  білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік береді.Математиканы терең меңгерген адамның  қай салада қызмет етсе де бәрібір, өз ісінің майталман маманы болып шығатыны жайында аз айтылып жүрген жоқ. Оған  атақты ақиық ақындар Қадыр, Мұқағалидың, «өңкей нөлден не пайда, единица болмаса» деп сан туралы  жырлаған ұлы ақын Абайдың өмірінде математиканың терең орын алғанын   дәлел етіп айтуға болады. Біздің  дайындаған шәкіртіміз математика емес басқа саланы таңдап кетеді деп өкінетін әріптестеріме  еңбектеріңіз ешқашан да еш кетпейді, барлығы да келешекте  еліміз үшін қызмет ететін  отансүйгіш азамат болса, мақсатымыздың орындалғаны  дегім келеді.

Төменгі сынып оқушылары үшін  сыныптан тыс жұмыстардың атқарылуы маңызды орын алады. Оларға арнап  «Математика ғажайыптары», «Жас математик» пән үйірмелерін ,  «Интеллект » шахмат үйірмелерін ашып, олардың қызығушылығын  оятып, ынта-ықыласын арттырып, ойлау қабілетін дамытуымыз керек. Үйірменің ақылы, ақысыз болуы маңызды емес, ең бастысы  «ой салу –ұстаздан, ойлану -шәкірттен демекші»  оқушы ойына қозғау сала білу. Үйірме жетекшісі тек сынып жетекшісімен ғана емес,  оқушының  ата-анасымен де тығыз байланыста болу керек.Себебі кейбір ата-аналар баласының  қабілетін дұрыс бағаламай, оның математикамен айналысуы оның жүйкесіне күш түсіреді деп келісім бермейді. Ұстаз бала ерекшелігін ата-анаға түсіндіре отырып, баласының келешекте  математика саласына бейім болатынына көзін жеткізіп, келісімін ала отырып  жұмыс істеу керек. Бала қабілетінің ашылуына  ұстазбен қатар ата-ана да  жағдай жасау керек.Қалада мүмкіндік мол, бізге де жағдай жасағанша күте тұрайық  деп ойласақ, үлкен қателік жібергеніміз.Ауыл баласының қала баласынан қабілетінің еш  кемшілігі жоқ. Қалада шахмат ойнаудан оқушы  халықаралық дәрежеде жеңімпаз атанып жатса, неге бізден шықпасқа… Шахмат ойнауды бала қара танымай тұрып–ақ, 5-6 жасында–ақ меңгере алады . Бұған күнделікті өмірімізден  дәлел келтіруге болады. Демек баланың әріп, цифр танып, есептеуден бұрын  ойлау қабілетінің ерте дамитынын байқауға болады.  «Данышпандар ойыны» деп аталатын  шахмат өте байыптылықты,  шыдамдылықты,ізденуді, еңбекқорлық пен табандылықты,  үлкен төзімділікті қажет етеді.Ал бұл қасиеттер  математиканы терең меңгеру үшін де талап етіледі. Ендеше логикалық ойлауға үйрететін көптеген әдістердің бірі –шахмат ойынын меңгерту дер едім. Шахмат ойнай білген оқушы ойлана біледі, ал ойлана білген оқушы  математиканы түсінеді, терең меңгереді деген сөз. Ендеше  шахмат ойынының әліппесіне төменгі сынып оқушыларынан  бастап баулу керек деп ойлаймын. Осы мақсатта төменде шахматқа үйрету кезеңдерін былайша жоспарладым:

  1. Оқушы, ата-ана өтініштерін қабылдау
  2. Үйірме жоспарымен, мақсатымен таныстыру
  3. Үйірменің белсенді топ мүшелерін сайлау
  4. Шахмат ойынының шығу тарихын түсіндіру
  5. Шахмат тақтасы, шахмат нотациясы
  6. Фигураларының аталуымен, олардың орналасу ерекшеліктерімен таныстыру
  7. Фигуралардың  әрбірінің өзіне тән жүріс жолдарын  түсіндіру
  8. Партияның кезеңдері
  9. Шахмат ойнау ережесін түсіндіру: шах, мат, пат
  10. Дебют: тактика туралы түсінік
  11. Стратегия
  12. Шахмат дебютінің топтары
  13. Қызықтыру және көңілін басқа жаққа аудару
  14. Қорғануға және соққы  жасай білуге үйрету
  15. Қорғанысты бұзып өту
    1. Жұптар арасында шахмат ойнату
    2. Атақты шахмат ойыншыларының өмірінен мәліметтер беріп отыру, олардың партияларынан мысалдар келтіру
    3. Қазақстандық шахматшы оқушыларды үлгі ретінде көрсету
    4. Шахмат есептерін шешу, шебер ойыншылардың партияларын талдау, олардан үйрену және оны қолдана алуға машықтандыру
    5. Компьютер  және адам: «Кім мықты?» ойыны
    6. Мектепішілік  мықты ойыншыларды сайыс арқылы анықтау
    7. Аймақтық, аудан мектептері арасындағы сайыстарға қатыстыру
    8. Қабілетті оқушыларды іріктеп, одан әрі тәжірибелерін жетілдіріп, тереңдете даярлау.
    9. Облыстық, республикалық  (біріншіліктерге) шахмат сайыстарына  қатыстыру

Аптасына 1 сағаттан немесе оқушы өтінішіне байланысты.

Шахмат ойнауға оқушыны үйрету оның оқу  үлгіріміне кедергі келтірмейді, керісінше ойлауға, кез келген қиындықтан шыға білуге, жетістікке қол жеткізуде  табандылық қасиетін меңгеруге көмектеседі.

Осы сатылардан табандылықпен өтсек, 5-6 жылда бір нәтижесі байқалары даусыз.Шахматты меңгерген ауыл баласының  қаланың озық ойлы оқушылары  қатарынан көрінері сөзсіз.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына  математикалық білімнің өте қажет екендігіне күн өткен сайын көзіміз жетіп келеді. Математиканың гректің «ғылым » сөзінен алынғанын, яғни бар ғылымның бастауы математика екенін ескерсек, математика пәні мұғалімдерінің бұрынғыдан да көбірек тынымсыз әрі  жүйелі еңбектенетін кезі келді.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.