2 Декабрь 2012 – 18:55 | Пікір жоқ

Құрметті Ұстаздар! «Республикалық 45minut.kz» басылымы оқырмандарына және тілшілеріне арналған Республикалық педагогикалық семинар оқуға шақырамыз.
Семинар оқу тақырыбы: “Педагог қызметін жандандырудағы өзгерістер”
Ұйымдастырушы: «Республикалық 45minut.kz» басылымы және М.Баймұханов атындағы орта мектеп
Семинар оқу модераторы: БАҚ-өкілі, тілші Н.Бекбауов
Өткізілетін облысы, ауданы: …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер, Оқушылар шығармашылығы, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар, Ұстаздар шығармашылығы, Әлмерек абыз

Хазрет Әлидің Білім туралы он сөзі.

Опубликовал inust в 3 Сентябрь 2012 – 07:552 пікір
Бұл мақала 2098 рет оқылды, 19 рет бүгін

Хазреті Әлиді (р.л.ғ) сынау үшін бірнеше адам келіп, оған: «Сен шынында да білімді болсаң бір сауалыма он жауап тауып берші. Білім артық па, әлде мал-дүние артық па?” – деп сұрақ беріпті.

Сонда Хазреті Әли (р.л.ғ):

-       Біріншіден, білім артық. Өйткені білім әулие-әнибелерден қалған. Ал мал-дүние Перғаун және әр түрлі байлардан қалған.

-       Екіншіден, білім артық. Өйткені білім сені сақтайды, ал мал-дүниені сен сақтайсың.

-       Үшіншіден, білім артық. Себебі білімдінің досы көп, Ал байдың, малдының дұшпаны көп.

-       Төртіншіден, білім артық, өйткені білімді жұмсасаң арта береді. Дүниені жұмсағанда азайады.

-       Бесіншіден, білім артық, өйткені білім саған құрметті атақ алып береді. Мал-дүние «бай – қатты, сараң» деген атқа қалдырды.

-       Алтыншыдан, білім артық. Себебі білім өзін – өзі сақтайды. Ал мал-дүниені күту керек, бағу керек. Оны сен сақтайсың.

-       Жетіншіден, әлбетте білім артық. Білім иесіне қяметте шапағат етеді, мал-дүние қяметте көп сұрақ бергізеді.

-       Сегізіншіден, білім артық. Білім тозбайды. Мал-дүние қолдың кірі, ескіреді, тозады, өледі, жоғалады.

-       Тоғызыншыдан, білім артық. Білім нұрландырады. Адамға ақыл-ой қосады. Сабырлыққа жетелейді. Малдүние адамды масаттандырып, дүниеқоңыз етеді.

-       Оныншыдан, білім артық. Себебі, білім амал еттіреді. Ғибадатқа жығады. Ал, арам мал-дүние адамды аздырып, өлерінде кәпірлікпен, имансыз кетуге себепші болады – деп жауап беріпті.

Аллар Тағала баршамызға иман, адалдықты және білімді серік етсін!

 

Ұқсас тақырыптар:

2 пікір »

  • Балғынбек пишет:

    Ассалаумағалайкум, бауырларым. Мынау Әзіреті Әлидің (оған Аллаһ разы болсын) білімнің артықшылығы туралы айтқан сөздерін жариялағандарың үшін Алланың нұры жаусын! Бірақ, сурет кімдікі? Исламда сурет салуға тыйым салынады, әсіресе пайғамбарымыз бен оның сақабаларының суретін ойдан салуға да, жариялауға да болмайды. Сондықтан суретті ауыстырып орнына кітап сияқты басқа сурет қойсаңыздар екен. Рахмет.

  • inust пишет:

    Ол сурет бір дни сайттан алынған. Сайт атын умыттым.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.