5-сынып математика пәні бойынша жылдық сабақ жоспарларының жинағы.
Атырау облысы, Мақат ауданы Ескене кентінің С.Зорбаев атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Бақтылы Қоблашева.
Күні : Математика 5 сынып 1-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: 1. 1. Санды өрнектер . Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды санды өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу , өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
- Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару, сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар: «Баспалдақ», «Күн»
5-сынып математикадан жылдық сабақ жоспарлар жинағын көшіріп алыңыз.
Математика 9-сынып. Прогрессияларға раналған қызықты презентация, Блум жүйесі.
Сабақтың өту жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.
5. Дидактикалық ойындар .
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша шолу.
Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер , әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы 23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер . Математикалық өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен , әріптермен жазылады. Математикалық өрнектер қажет болған жағдайда жақшамен де жазылады.Математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады. Математикалық өрнектер белгілі бір шарттармен жазылады. Мысалы , өрнектегі көбейткіштер әріптермен беріліп , олар қатар келсе , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал сан көбейткіш жақшаның артында келсе , , жақша мен сан көбейткіш арасына көбейту таңбасы қойылады.
Математикалық өрнектер мәндері бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда қос теңсіздік пайдаланылса , қос теңсіздік солдан оңға қарай өсу ретімен жазылады.
Мысалы , 7<10<15 ; а<в +с < 20.
2. Ауызша тапсырмалар беру :
Сандық өрнектерге мысалдар келтір
Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.
Санды өрнектер мәнін салыстыру.
3.Жаттығу жұмысы.
А деңгейінің тапсырмалары
Оқулықтан № 4 .Өрнектең мәнін табыңдар.
1. 146+а, мұндағы а=14
146+14=160
№ 7. Бөлмедегі әрбір люстрада в лампадан болса , 6 люстрада 6в лампы бар.
№9. Шалқар қорығында а түрлі құс ьар , ал Аққұм қорығында в түрлі құс бар. Мұндағы а =130 6 в = 60
а+в = 130+60 =190 Шалқар және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.
а-в = 130 – 60 =70 Шалқар қорығында Аққұм қорығындағыдан 70 артық құс бар.
№ 13 Өрнекті жазып көрсет
- (65-39)*100
- (49+68):13
- а:в
- 2ав
№ 15
- А*100+5*10+7
- Х*1000+У*10+9
- 8*1000+В*100+6
№ 17 .Мысықтың массасы (а-в):2 (кг)
В деңгейінің тапсырмалары. №
4. Дидактикалық ойындар. «Блиц турнир» , «Күн» 10 -15 минут
Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
Блиц турнир ойнауға оқушыларға 5-6 жаттығу дайындалады.
1. Асқар бағасы а тенгеден 3 қарандаш сатып алды , оның өзінде 20 тенге қалды.Асқарда алғашында неше тенге болған?
А. 20-3а ; В. 3а+20; С. 20А+3.
2. Бағасы в тенгеден 12 қасық және бағасы с тенгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше тенге тұрады?
А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с
3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады . с метр матадан неше көйлек тігіледі?
А.(в:2)*с ; В. с (в:2) ; С. в :2+с.
4. 1 кг алма х тенге . 5 кг алма неше тенге?
А. 5х ; В. х:5 ; С. 5-х
Оқушылар дәптерлеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.
5. Рефлексия.
6.Үйге тапсырма. №
Жылдық сабақ жоспарлар жинағын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Математика. 6 сынып. (Аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)
- 5 сынып математика (аптасына 5 сағат). Күнтізбелік жоспар.
- 7-сыныпта оқылатын алгебра курсының тақырыптық жоспары
- Информатика. ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ОБЩЕОБЯЗАТЕЛЬНЫЕ СТАНДАРТЫ СРЕДНЕГО ОБЩЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
- Информатика. Толық жасалған күнтізбелік жоспар. 7-8-9-сынып. І-жарты жылдық.
- Химиядан күнтізбелік жоспар.
- Информатика 5-6. Тақырыптық - күнтізбелік жоспар.
- Информатикадан мемлекеттік білім стандарттары
- ИНФОРМАТИКАДАН ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР (7-11сыныптар үшін) 2011-2012 оқу жылы.
- Мәліметтерді сүзу 8-сынып
5-сынып математика пәні бойынша жылдық сабақ жоспарларының жинағын көшіріп алдым. Бақтылы апай Сізге көп-көп рахмет! Еңбегіңіз жана берсін.
Бақтылы апай сізге көп-көп рахмет. Сабақ жоспарыңызды көшіріп алдым. Еңбегіңіз жемісті болсын.