10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Информатика. Модельдеу кезеңдері

Опубликовал Жеткизгенова Күнжақсы в 10 Июнь 2012 – 02:27Пікір жоқ
Бұл мақала 1640 рет оқылды, 8 рет бүгін

Жеткизгенова К. Т. Бейнеу гимназиясының информатика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
модельдеудің негізгі принциптерін, модельді құру ережесін және мо-дельдеу кезеңдерін меңгерту;
ә) дамытушылық:
модельдерге мысалдар келтіруді және есептер шығаруда модельдеу ке-зеңдерін тиімді қолдануды үйрету, шығармашылық және логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік:
оқушының шығармашылық білігін, танымдық қабілетін, өзі тұжырым жасауға және өзінің айтқанын дәлелдеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: геометрия, физика
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайдтар жиынтығы, әр түрлі заттардың модельдері
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
в) оқушыларды сабақ жоспарымен және мақсатымен таныстыру
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, балалар, біз бүгінгі сабағымызды Блум технологиясы бойынша өтеміз. Білім кезеңінде алдыңғы сабағымызда өткен «Модельдеу ұғымы және оның түрлері» тақырыбы бойынша сұрақтарға ауызша және жазбаша түрінде жауап берулеріңіз керек. Тү-сіну бөлімінде жаңа сабақпен танысасыздар. Қолдану бөлімінде жаңа сабақ бойынша тапсыр-малар орындайсыздар. Жинақтау бөлімінде «Модельдеу» тарауы бойынша электрондық оқу-лықтағы тест сұрақтарына компьютерде жауап бересіздер. Талдау бөлімінде үйге берілетін тапсырманың модельдеу кезеңін талдап, сабағымызды қорытындылаймыз (1, 2-слайд)

II. Білім кезеңі

Пысықтау сұрақтары
Модель дегеніміз не ?
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу дегеніміз не ?
Модельдеу дегеніміз – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Пысықтау тапсырмалары
(Оқушылар интерактивті тақтада Activ Studio бағдарламасының қаламымен толықтырады)

Пысықтау тапсырмаларының дұрыс жауаптары
Пайдалану аймағы бойынша: оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық;
Уақыт факторы бойынша: статистикалық, дина-микалық;
Білім саласы бойынша: медицина, биология, химия;
Ұсыну тәсілі бойынша: материалдық және ақпа-раттық: вербальдік және таңбалық: компьютер-лік және компьютерлік емес. Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мы-надай топтарға жіктеуге болады: геометриялық, ауызша, математикалық, құрылымдық, логика-лық, арнайы.

III. Түсіну кезеңі

І кезең. Есептің қойылуы

Есептің қойылу сипаты бойынша алуан түрлі математикалық модельдерді екі топқа бөлуге болады: «егер … болса, не болады ?» және «… болу үшін, қалай жасау керек ?».
Бірінші топқа – объектіге әсер ету нәтижесінде оның сипаттамасының өзгерісін зерттеуге арналған есептерді жатқызуға болады.
Екінші топқа – объект белгілі бір параметрлерді қанағаттандыру үшін оған қалай әсер ету керек екендігін зерттеу есептерін жатқызуға болады.
Модельдеу мақсаты анық тұжырымдалғанда ғана модель сәтті құрылады. Модельдеудің мақсаттары: қоршаған ортаны тану, берілген қасиеттеріне қарай объекті жасау, объектіні неме-се процесті басқару тиімділігі.

ІІ кезең. Модельді құру

Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады.
Көптеген зерттеулерде модельді нобайлау әдісі қолданылады. Алдымен минимал кірістік параметрлерінің жиынтығы арқылы бір элементар объект модельденеді. Кейін модель кейбір сипаттамалармен толықтырылады.
Объектілердің сандық сипаттамаларын зерттеудің маңызды қадамы, модель параметрле-рін байланыстыратын математикалық формулаларды шығару негізі болатын математикалық моделін құру.
Ақпараттық және математикалық модель негізінде компьютерлік модель құрылады. Компьютерлік модель модельдеу жасақталатын қолданбалы бағдарламамен тікелей байланысты.

ІІІ кезең. Компьютерлік эксперимент

Компьютерлік модель құрылғаннан кейін жоспарға сәйкес тестілеулер және экспери-менттер сериясы орындалады.
Эксперимент жоспары модельмен жұмыс жасау тізбегін нақты бейнелеу керек.
Мұндай жоспардың алғашқы бөлімі модельді тестілеу болып табылады.
Жоспарда модельдеу мақсаттарын қанағаттандыратын эксперимент немесе оның серия-сы ескерілуі қажет. Әрбір эксперимент, модельдеу нәтижелерін талдау негізі болатын, нәтиже-нің маңыздылығымен ерекшеленуі керек.

IV кезең. Модельдеу нәтижелерін талдау

Модельдеудің қорытқы кезеңі модельді талдау болып табылады. Есептеулер, біздің жо-бамызға және модельдеу мақсатына, қаншалықты сәйкес келетіндігі алынған деректердің есеп-теулері арқылы тексеріледі. Сандарда нақты объекті мен процесті көре білу – зерттеушінің ең басты қасиеті.

IV. Қолдану кезеңі

(1-кезеңді мұғалім интерактивті тақтада түсіндіреді. 1-оқушы орнынан b-ң мәні 6, 7, 8-ге тең болған жағдай үшін 3 қорапша жасақтай береді. 2-кезеңде 2-оқушы тақтада есептің алгоритмдік тілін жазады. 3-кезеңде 3-оқушы компьютерде Pascal бағдарламалау тілінде бағдарламасын құрып, нәтижесін шығарады. 4-кезеңде 4-оқушы тақтада есепті математикалық әдіспен шығарып, модельдеу нәтижесін тексереді. Жасақталған қорапшалардың көлемдерін салыстыру.)

Қорытынды:

V. Жинақтау кезеңі

1. Электрондық оқулықтың «Модельдеу» бөліміндегі 5, 6-тапсырмаларды орындау
2. Электрондық оқулықтағы 20 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындау

VI. Талдау кезеңі

Оқушы: 8-сыныптың физика курсынан біздер екі өткізгішті тізбек-тей және параллель жалғауға болатынын білеміз. Тізбектей жалғау-да өткізгіштердің жалпы кедергісі R=R1+R2, ал параллель жалғау кезінде өткізгіштердің жалпы кедергісі формулалары арқылы анықталады.

VII. Қорытындылау кезеңі. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.