Педагогика. Оқушы портфолиосы.
Сейтқазиев Жанат, Жабыл облысы, Байқадам ауылы, Байқадам орта мектебі.
Оқушы портфолиосы туралы түсінік
- оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
- оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Оқушы портфолиосының артықшылықтары
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;
Оқушы портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;
Оқушы портфолиосының негізгі функциялары
- 1.Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы.
- 2.Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
- 3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Оқушы портфолиосының түрлері
- 1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
- 2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
Оқушы портфолиосын дайындау технологиясы
1. Оқушыларды ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін сенімді негіз бола алатындығы.
2. Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
3. Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында өткізу немесе белгілі бір уақыт сайын көрсетіп отыру.
4. Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5. Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы
Оқушы портфолиосының мазмұны
- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
- Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері.
- Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
- Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
- Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар)
- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.
- Берілген қосымша тапсырмалар.
Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері. - Дайындаған әдістемелік нұсқаулары мен дидактикалық жинақтарының қысқаша аннотациялары мен рецензиялары.
- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
- Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытындылары мен түпкі нәтижелері.
- Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
Оқушы портфолиосының маңызды бөлімдері
-“Автопортрет” бөлімі:
-“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
-“Жұмыс материалдары” бөлімі:
-“Менің жетістіктерім” бөлімі:
Оқушы портфолиосын бағалау өлшемдері
- Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай.
- Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай.
- Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай.
- Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай.
- Материалдарды безендіруі – 8 ұпай.
- Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай.
- Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай.
- Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай.
- Портфолионы көрсету – 10 ұпай.
- Барлығы – 70 ұпай.
Мысал ретінде Бексұлтанның портфолиосын көшіріп алып қарап көріңіздер (Microsoft Publisher-мен қараңыз).
Ұқсас тақырыптар:
- «Web-бағдарламалау» Ғылыми зерттеу жұмысы.
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Технология. «Организация рабочего места для выполнения ручных работ.Инструменты и приспособления»
- Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (тамыз-2008-09).)
- И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
- “Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану жолдары және оның пайдасы”
- И-10. Графикалық файлдарды ендіру (ашық сабақ).
- Сабақтар көшіру