Мен және менің отбасым
Садуакасова Арман Берікжанқызы. ШҚО Аякөз ауданы Мамырсу селосында тұрамын. С. Ғаббасов атындағы қазақ жалпы орта мектепте информатика пәні мұғалімі
Сабақтын тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Мектеп, ұстаз , ата-ана бірлігін нығайту.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
1.Оқушы: Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
« Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалманыздар!
2. Оқушы: Қастерлейміз халық боп,
Салт дәстүрді дәріптеп
Айтып кеткен бабалар,
Дәстүрінді таныт деп!
Мұғалім: Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
«Мен және менің отбасым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсың, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгергең
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға Томбаевтар отбасын шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға Бекбосыновтар отбасы шақырылады)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Төлеген,Жанна, Мейіржаң
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға Жұмахановтвр отбасы шақырылады)
Мұғалім: Той деп бүгін, көңіл шашу тасады.
Той деп бүгін халқым шашу шашады
Ортамызда бүгін болар сайыстың,
Сөзге жүйрік жыршы бетін ашады.
Бата: Уа,құдайым оңдасың жаманшылық болмасын
Аруақ біткен жар болып, аруана қолдасын
Отбасының ордасың періштелер қолдасын
Тіккен әрбір отауға тәнірім жақсылық қолдасын
Алыс-жақын илансың ақ батамды сыйға алсың
Шашыраған қазағым, шоқтай болып жиналсын
Бақыт ашып қақпасың, мәңгі-бақи жаппасын
Бәле-жала отбасың, іздсе де таппасың
Әумин!
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Слайд көрсетіледі. Отбасыларды таныстыру.
1-ші отбасы
2-ші отбасы
3-ші отбасы
1.Сайыскерлерді ретімен тұрғызу.
2.Әділқазылар алқасымен таныстыру.
3. Ойынның шартымен таныстыру.
Сайыс 6 кезеннен тұрады.
1-ші кезен . « Бүреу өнеге тартып туады,
Бүреу әкеден артып туады» (Өздерің таныстыру.топтың аты,ұраны,әні).5 мин.
2-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң»Әңгіме жазу.7 мин
Microsoft Word. (Жазу тақтасы).
3-ші кезең Өнер сайысы.
«Қай істі де өнер қолдаң, өнерлі адам жеңер болған». (әкелер мен аналар және бала өнері).Сурет салу. Paint.
4-ші кезең Өлең айту сайысы.
«Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес. ( Өлең айту және оны тындау) (Әуендерді жазу және ойнату).
5-ші кезең Кім жылдам? сайысы
Компьютерде есеп шығару. Шығындыны плакатқа жазу. (калькулятор тақырыбы) .
6-шы кезең Кім шапшан сайысы.
Көп оймен, тез жина. Кедергілерден өту. Пернетақта мен жұмыс.
Қорытынды: Женімпазды анықтау.
Марапаттау.
Қоштасу.
Ұқсас тақырыптар:
- Сабақтар көшіру-2010.
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Сабақтар көшіру-2009.
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Информатика. Компьютерлік графика (+тест).
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
Арман, суретіңізді қойыңыз сонда бұл сабаққа сертифкат алуға болады және суреті бар бетті компьютеріңізге түсіріп портфолиоңызға сақтайсыз.