10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Математика

Математика. Қарама – қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.

Опубликовал inust в 30 Март 2012 – 12:15Пікір жоқ
Бұл мақала 479 рет оқылды, 3 рет бүгін

Турманова Рыскуль Темировна, Абай Құнанбаев атындағы №2 орта мектебінің математика пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қарама – қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандар туралы түсінік беру, ақпараттық құзыреттілігін дамыту .
Дамытушылығы: Эйлер – Венн дөңгелектерін пайдалана білуі, проблеманы шешу құзыреттілігін дамыту .
Тәрбиелілігі: Оқушыларды жолдастыққа, белсенділікке тәрбиелеу, озық ойлы жеке тұлға етіп қалыптасуға жетелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: ақпараттық технологияны қолдана отырып жаңа тақырыпты игеру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, тарих т.б
Көрнекілігі: PowerPoint бағдарламасында жасалған слайдтар, 6 сыныпқа арналған электронды оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу; түгендеу
2.Психологиялық қалыптастыру (зейінін аудару). (Слайд 1)

Көңіл-күйін қандай ?
- Өте жақсы
- Жақсы
- Орташа

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Слайд 2)
1. Натурал сан деп қандай сандарды айтамыз?
2.Оң сандар деп қандай сандарды атаймыз?
3.Теріс сандар деп қандай сандарды атаймыз?
4.0 саны оң сан ба, теріс сан ба?
5.Координаталық түзу дегеніміз не?

Электронды оқулықтан деңгейлік тапсырма орындау (Электронды оқулықтан тапсырмалар көрсетіледі, оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді)
1 тапсырма

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

2 тапсырма

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Проблемалық сұрақ: Ал, енді балалар координаталық түзу сызып, оның бойынан А(-2), B(2), C(-1), D(1), нүктелерін белгілейік.Санақ басынан бірдей қашықтықтағы нүктелерді бірдей түспен бояйық. Ол нүктелердің айырмашылықтары неде? Ұқсастықтары неде?

(Слайд 3 көрсетіледі)

Оқушылардың жауабын талдау. Қорытынды: Айырмашылығы таңбаларында және санақ басынан қарама –қарсы бағытта орналасқан, ұқсастығы санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан.

Электронды оқулықтан жаңа сабақ туралы дәріс алу.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Оң санға қарама –қарсы сан теріс сан болады.
Теріс санға қарама –қарсы сан оң сан болады
0 саны өзіне өзі қарама –қарсы сан

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Бүтін, рационал сандар туралы түсінік беру. Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы жиындардың байланысын түсіндіру. (Слайд 4)

N – натурал сандар жиыны; Z – бүтін сандар жиыны; Q – рационал сандар жиыны.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
Ауызшы жаттығулар №327,
Жазбаша орындау: №332, №333, №334,№341
Логикалық есептерде жиындарды қолдану;

1.Өнерлі жастар
Ойын-сауыққа барлығы 38 жас жігіттер мен қыздар жиналған. Олардың 16-сы ән салады. Ал 17-сі би билейді, 18-і домбырада ойнайды. Ал олардың төртеуі ән де салады, би де билейді, үшеуі ән де салады, домбыра да тартады, бесеуі би де билейді, домбыра да тартады. Ал үшеуі ғана ән де салмайды, би де билемейді, домбыра да тартпайды. Сонда неше жастың бойында үш өнер де бар, неше жастың бойында тек бір ғана өнер бар?

Шешуі: Бойында үш өнер де бар жастарды x деп белгілейміз. Сонда тек әнмен шұғылданатын жастар: 16 – (4+x+3) - 9 – x, тек бимен шұғылданатын жастар:

17 – (4+x+5) = 8 – x.

Тек домбырамен шұғылданатын жастар: 18 – (3+x+5)= 10 – x.

Егер есептің шарты бойынша салынған суретті пайдаланып, теңдеу құрсақ:

3 + (9-x) + (8-x)+(10-x)+ 4 +3 + 5 +x = 38.

Теңдеуді шешіп, x = 2 аламыз. Сонда

1)9 – 2 = 7;
2)8 – 2 = 6;
3)10 – 2 = 8;
4)7 + 6 + 8 = 21.
Жауабы: Екі жастың бойында үш өнер де бар, ал жиырма бір жастың бойында тек бір ғана өнер бар.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

2. Қазақ үйдегі кілемде

Аумағы 12 шаршы болатын қазақ үйдің ішіне кілем төселген. Біреуінің ауданы 5 шаршы, екіншісінікі 4 шаршы, үшіншісінікі 3 шаршы. Әрбір екі кілем бір жарым шаршы ауданға қабатталып төселген. Ал осы бір жарым шаршының жарты шаршысы, жердің барлық үш кілем қабатталып төселген бөлігіне тура келеді. Жердің кілем төселмеген ауданы қандай?

Шешуі: Кілемдерді де және қазақ үйді де сыртқы дөңгелек ретінде қарастырсақ, суреттегі боялған бөлік үш кілем қабаттасқан жерді көрсетеді:

1)5 – 2,5 = 2,5;
2)4 – 2,5 = 1,5;
3)3 – 2,5 = 0,5;
4)2,5 + 1,5 + 0,5 + 1 + 1 + 1 + 0,5 = 8;
5)12 – 8 = 4.

Жауабы: 4 шаршы.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

V. Сабақты бекіту:
Проблемалық сұрақтың шығу жолы :

VI.Рефлексия :
Не білдім? Қарама қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Таңбалар ережесі
Не үйрендім? Қарама –қарсы сандарды координаталық түзуде белгілеу, Эйлер – Венн дөңгелектерінің мағынасын.
Осы маған қажет пе ? Өмірде қажет.

VII.Бағалау
VIII. Үйге тапсырма §2.3 №331, 338,

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.