Инф-7. Информатика білімгерлері (СТС).
ШҚО, Аягөз қаласы. К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі. Информатика пәнінің мұғалімі Туманбаева Ардақ Бақытбекқызы
1. Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.
2. Ұлттық әшекейлер. Тәрбие сағаты.
Мақсаты:
1. Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, практика жүзінде қолдана білу, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру,Ұйымшылдыққа, шапшандыққа, ептілікке, информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Танымдық қызығушылығын арттыру.
3. Логикалық ойлау қабілетін шындау
Түрі: Сайыс
Армысыңдар, бүгінгі «Информатика білгірлері» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Жақсылық:
Уа, жараңдар жараңдар
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Информатика жайында
Ойын сайысты бастаймыз
Ақзер:
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Информатика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың бәрін де
Мүмкін емес компьютерсіз түсіну
Программаңыз дүние кілті әлі де.
Жүргізушілерді таныстыру:
Ақзер:
Сіздерге зор ықылас білдіретін,
Керек кезде сіздерді күлдіретін,
Жақсылықтай құрдаспен танысыңдар,
Бұл сайысты қызықты жүргізетін.
Жақсылық:
Ақылына көркі сай, көңілді ол жүретін,
Езу тартып әрқашан жәй ғана бір күлетін,
Ақзер құрбым ақылды да білімді,
Әрбір кешті қызықты жүргізе де білетін.
Әділқазылармен таныстыру.
Ақзер:
Ал кәне іске көшіп жарысайық,
Сынайық білімдіні сайысайық,
Сайыста әділ баға беретұғын,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Жақсылық:
Асхат мұғалім
Компьютерді шашып, қайта құрайтын,
Бұл сайыста білімдеріңді сынайтын,
Сайранбекұлы Асхат мұғалім ортада
Білмесеңдер құлақтарыңды бұрайтын.
Ақзер:
МАРЖАН:
Алтын белгіге үміткер,
Жүретін ол күліп тек,
Ғылыми жоба жеңімпазы,
Маржан апайды біліңдер.
Жақсылық:
Жансая
Аудандық олимпиада жүлдегері,
Мұндай адам жүз жылда бір келеді.
Ақылына көркі сай Жансая қыз,
Әділ баға сіздерге ол береді.
Ақзер:
Сымбат
Ғылыми жоба жазған зерексің сен,
Ешкімге ұқсамайтын бөлексің сен.
Сымбаттай ағамызға бір қошемет,
Әділ баға беруге керексің сен.
Жоспар:
І. Таныстыру
ІІ. «Көсемдікке ұмтылу» (Әр құрылға астында сұрақ жасырылады)
ІІІ. «Бейнені есте сақтай біл» (Іс – қимыл арқылы көрсету)
ІV. «Сәйкесін тап»
V. «Сиқырлы перне сырлары» (Пернетақта жинау)
VІ. «Адасқан сөздер»
VІІ. «Тұлғаны танып біл»
Капитандар сайысы.
VІІІ. «Поэзия сәті» (Ой –толғаныс)
ІХ. «Информатика әлемінде» (Әзіл – қалжыны аралас көрініс)
І. Таныстыру
Әр команда өздерін таныстырады.
«Дүниенің кілті өнер білімде»
Абай.
ІІ. «Көсемдікке ұмтылу» (Әр құрылға астында сұрақ жасырылады)
1.Рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. ( ж- бы: Пароль)
2. Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын қасиеті бар, мәлімет жинақтауыш құрылғы ( ж – бы: Диск)
3. Алғашқы есептеу құрылғысы. (ж– бы: абак)
4. Программадағы немесе құрылғыдағы ақау. (ж– бы; Қате)
5. Есептеу таяқшасын ойлап тапқан кім? (ж– бы; Непер)
6. Компьютер жады сыйымдылығының өлшем бірлігі. (ж– бы;Мегебайт)
ІІІ. «Бейнені есте сақтай біл» (Іс – қимыл арқылы көрсету) (3 ұпай)
Бұл сайыстан қандай әсер алдыңдар?
Біліммен қатар байқампаз да болыңдар.
Бейнені есте сақтайсыздар,
Ал біздер іс қимылмен көрсетеміз табыңдар.
1) «Компьютерде әуен тыңдап,ойын ойнап отырған адам»
2) «Вирустың жойылуы»
3) «Ақпаратты қағазға басып шығару»
4) «ДК-ның қосылуы»
ІV. «Сәйкесін тап» (5 ұпай)
Келесі кезеңге барайық,
Мақалға мұқият қарайық.
Берілген мақалдың ішінен,
Біз артық сөздерді табайық.
1. «Байт биттен құрылады» (Теңге тиыннан құралады)
2.«Білмесен,«анықтадан»-дан сұра (Білмесен білгеннен сұра)
3.«Компьютердің жұмысы,иесіне мәлім» (Аттың сыры иесіне мәлім)
4.Антивирусы күштіні –Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні –жау алмайды)
5.(Жігітті компьютеріне қарап,бағала)
(жігітті досына қарап бағала)
6.Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
V. «Сиқырлы перне сырлары» (Пернетақта жинау)
Пернетақта, көп перне,
Шашылып жатыр үстелде,
Жиып бәрін, дұрыста.
Санаулы сәтте, бір демде.
Екі топқа пернетақта беріледі,пернелерді орындалуына қойып,пернетақтаның блоктарын атау.(10 ұпай)
VІ. «Адасқан сөздер» (2 ұпай)(Әр сөзге )
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.
1. Терчесвин-винчестер
2.Соресцпро-процессор
3.Рептьюком-компьютер
4. Терапад-адаптер
5. Марамнгпор-программа
6. Лайф-файл
7.)Торп-порт
Текжекдис-дискжетек
VІІ. «Тұлғаны танып біл»
Капитандар сайысы.
Ал енді қазір сұраққа жауап берейік,
Сұрақ тұрған бөліктерді бөлейік.
Сол сұрақтың сырын ашып артында,
Қандай тұлға жасырылғанын көрейік.
VII. «Тұлғаны танып біл»
1) Ол алғашқы программашы ғалым (Ада Лавлейс)
2) Бірінші Советтік ЭЕМ-ға 1948 жылдары басшылық жасаған академик ғалым. (С.А.Лебедев)
3) Есепші-перфорациялық машина құрастырылған ғалым. (Герман Холлерит)
4) Алғашқы «Қосу машинасын»ойлап тапқан ғалым (Блез Паскаль)
VІІІ. «Поэзия сәті» (Ой –толғаныс)
Информатика әлемін, ұштастырып өлеңмен,
Жыр жазыңдар жалынды, қол соқсын бір көрермен.
Өнеріңді көрсетіп, бақ сынайық қанекей,
Шабытыңды тексеріп, өтіңдер бұл белеңнен.
ІХ. «Информатика әлемінде» (Әзіл – қалжыны аралас көрініс)
Келесі бөлімге келейік,
Өнерді көрсетіп, жеңейік.
Информатика әлемі туралы,
Қызықты көрініс көрейік.
Жұмбақ тас
Ал сайысқа келіңдер,
Кім білімді көріңдер.
Білімдерін тексеріп,
Әділ баға беріңдер.
Деңгейін көр, ақылың мен санаңның,
Қызықтарын шешейік бұл ғаламның.
Көңіл аудар, бір сәтке бұл тақтаға,
Тамашалап таңғажайып алаңының.
Көрермендер бар екенін ескерейік,
Көрерменге бар уақыт дем берейік,
Жанкүйердің жағдайын бақылап бір,
Көрермендер білімін тексерейік.
Көрермендермен ойын.
« Кім жылдам» ( Қалам, ұстаз, вирус, интернет, мой мир, агент, математика, информатика, бума, корзина, терезе, тышқан, сканер, принтер.флешка, джойстик)
«Ойлан тап» Суретке қарап мақал – мәтел құрастыру.
(Кітап, тіл, 7 , ұстаз, 100 тг)
Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика кемесі-білім теңізінде (сахналы-көрініс).
- Технология. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Шебер қолдар»
- Конференция сабағы. «Әлемді білегінде ойнатқан палуан».
- Математика. Озық ойлы оқушы. Сыныптан тыс жұмыс (9-10 сынып).
- Технология. Ою-өрнектің классификациялық мәнері.
- Математика-6. «Біздің сәті күніміз» сайысы (стс).
- Технология 5-сынып. Ашық сабақ: «Тігін машинасын жұмысқа жайындау.»
- Информатика. Графикалық файлдарды енгізу. Слайдтарды демонстрациялау.
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
- Информатика-7. Компьютерлік желілер.