Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер»
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы, математика пәні мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергеновна
Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;
Дамытушылық:оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
- 1. Ұйымдастыру
- 2. Үй тапсырмасын тексеру
- 3. Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді деңгейлік тапсырмалар арқылы шығара отырып, 2 топқа бөлініп сайысқа түседі.
- 4. Әр топ қарсылас командасының жинаған ұпайын жазып отырып, соңында қорытындылайды.
I – топ «Алғырлар» II – топ «Тапқырлар»
I бөлім - «Танымдық» сайысы деп аталады. (барлығына ұпайы жазылған сұрақ қойылады, жауап бере алмай қалған оқушы үшін ұпай жойылып, басқа оқушы жауап береді).
1-деңгейлік тапсырма:
I, I I топқа:
1) Квадрат теңдеудің анықтамасын айтыңыз (3 ұпай)
2) Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз?(3 ұпай)
3) Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін? (4 ұпай)
4) Виет теоремасының тұжырымдалуы? (4 ұпай)
5) Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды? (3 ұпай)
6) Виет теоремасына кері теорема? (4 ұпай)
7) Бөлшек рационал теңдеуді қалай шешеді? (3 ұпай)
Толымсыз квадрат теңдеудің әр түрінің қанша түбірлері болады?
(3 ұпай)
I I бөлім - «Біліктілік» сайысы. ( тақтаға ілінген ұпай саны жазылған ұяшықты таңдау арқылы , оқушылар берілген тапсырмаларға жауап береді).
2-деңгейлік тапсырма: 40 ұпай
- Теңдеуді шеш:
- Теңдеуді шеш:
- 3. Теңдеуді шеш:
30 ұпай
1. Теңдеуді шешіңіз:
2. Сыйлық
3. Теңдеудің түбірлерін табыңыз:
20 ұпай
1. Квадрат теңдеудің коэффициентін атаңыз:
2. Берілген түбірлер бойынша квадрат теңдеу құрыңыз:
3. Теңдеуді шеш:
Отырған оқушыларға деңгейлік тапсырма беріледі, жауабын топ басшысы тексеріп өз ұпайын береді.
I I I бөлім «Зерде». (Мұнда мақал – мәтелдер айтылады. Оның ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері, яғни Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек. Әр дұрыс теңдеуге 10 ұпай)
3-деңгейлік тапсырма:
1. Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3. Бір тал кессең, он тал ек.
4. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
5. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал.
6.Алтау ала болса ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
7.Ұлға отыз үйден
Қызға қырық үйден тыю.
I V бөлімі «Бәйге» деп аталады. (әр команданың капитан мүшелеріне 10 сұрақ қойылады,1мин жауап беру қажет)
4-деңгейлік тапсырма:
I – топ «Алғырлар»
- Геометрия сөзін қазақша аударсақ (жер, өлшеу)
- Екі қабырғасы тең бүйірлі бұрыш? (тең бүйірлі)
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180)
- неге тең? (14)
- 4+5*2=? (24)
- Барлық қабырғалары тең параллелограмм? (ромб)
- 90 –тан кіші бұрыш? (сүйір)
- D<0 қанша түбір болады? (түбірі болмайды)
- (q)
II – топ «Тапқырлар»
- Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (квадрат)
- қандай теңдеу? (квадрат)
- 8*7=? (56)
- D>0
- Үш қабырғасы тең үшбұрыш (тең қабырғалы)
- неге тең (-р ға тең)
- Бір бұрышы тік үшбұрыш (тік бұрышты)
- = ? (18)
- Тек қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш? (трапеция)
Үйге тапсырма: Квадрат теңдеу тарауын қайталау.
Бағалау: Қорытынды тексеруде әр бөлімнің тапсырмаларын өз деңгейінде орындап жалпы 204 ұпаймен жеңіске жеткен «Алғырлар» тобы «5» деген бағамен, ал «Тапқырлар» тобы 199 ұпаймен «4» деген бағамен бағаланды.
Қорытынды: Әр топтың алған ұпай санын жинақтап жеңімпаз топты анықтадым. Жүргізілген жұмыстардың қортындысынан, оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды шығару ынтасынан олардың пәнге қызығушылығын байқадым.
Ұқсас тақырыптар:
- Имя числительное как часть речи. 7 класс.
- 7-8 сыныптарға арналаған «ФизМат» интеллектуалдық марафоны
- ф-9. «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
- Авторлық электрондық оқулықтар
- Требования к кабинету информатики и вычислительной техники.
- Төлеген Айберген туралы электрондық оқулық.
- Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)
- Ақпараттық технологияны сабақ процесінде қолдану (мақала).
- Сабақтар көшіру 2012
- Электрондық оқулық. Информатика-9-10.
Самал, изденгенин коринип тур. Сонгы кездери интеграциялаймын деп такырыпка берилген уакыттан айрылып жатамыз. Негизи жаттаткан жаксы, бирак багдарлы максаттан коп ауыткымау керек сиякты.