Оқушылардың ғылыми жобалары ұйымдастыру – шығармашылық идея
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі Гильманова Нурия Қадемқызы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология оқушылардың іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.
Жобамен жұмыс істеудің басында мұғалімге қажеттісі
• Жобаға қатысты оқу мақсаттарын, оны әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді ойластыру;
• Жобаға қатысушылардың санын анықтау;
• Бұл жоба бір пәннің арнасында, әлде бірнеше анықту;
• Жобаның орындалуын бір мұғалім, әлде мұғалімдер тобы жүзеге асыра ма, соны шешу;
• Зерттеудің орындалуының уақытын, мерзімін белгілеу;
• Ақпарат көздерін анықтау (кітапша, кеңес дәріс, анкеталар, бақылау, теледидар, арнайы әдебиет, білім беру мекемелері, т.б.)
Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:
• Жоспарлау;
• Талдау кезеңі;
• Ақпаратты жалпылау кезеңі;
• Алынған нәтижэені көрсету кезеңі.
І кезең. Жоспарлау.
Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.
ІІ кезең. Талдау.
Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:
1) Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлдей түсу және анықтау;
2) Ақпаратты іздеу және жинақтау. Ақпаратты жинақтау тәсілін оқушы мен мұғалім бірлесіп таңдайды. Оған бақылау, анкеталау, социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады. Оқушы зерттеу әдістерін пайдалануда мұғалім кеңес беріп отырады. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны жүргізудің, талдау мен синтезді тжүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді; жеке бақылу мен эксперименттен, басқа адамдармен қарым-қатынастың, әдебиетпен, жұмыстан алған пікірлерді үйлестуре үйренеді.
ІІІ кезең. Ақапаратты жалпылау.
Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.
ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.
Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
Мен әдебиетші – мұғалім ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытндағы барлық өзгерістерді қамтып, өзат педагогикалық тәжірибелерді зертртеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта «Ғылыми зерттеу жұмыстарының» бағдарламасын даярлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын. өзімнің оқушыларымның арасында «Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданының диалектілік ерекшеліктері», «Батыс Қазақстан облысының айтыскер ақыны өнер саңлағы – Хатимолла Бердіғалиев», «Қазақ романдар және М.Еслямғалиев шығармалары», «Батыс Қазақстан облысының айтыскер ақыны – Неғмет Нағымыов» т.б. тақырыптарын ала отырып, ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Ізденуші оқушылар жергілікті диалектілік ерекшіліктерді, жерлес ақындардың шығармаларын, ел аузындағы айтқандар талдй қызыға біледі. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде шығармаларды таңдайды. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышыоармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
5. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды.