Менің Республикам! Шыгармашылық жұмыс
Бұл мақала 667 рет оқылды, 11 рет бүгін
Дайындаған: Жаңаөзен қаласындағы №10 мектептің 11 А сынып оқушысы Тұрланова Инабат
Жетекшісі: Информатика пәні мұғалімі Бисенова Айгүл
Тақырыбы: «Республикам менің»
Мақсаты : «Менің Республикам, Отаным – Қазақстанның асқақ мәртебесін көтеру, ел болашағын жасаушы ұрпақ ретінде туған елімнің табиғаты, тарихымен, тәуелсіз мемлекет ретіндегі жетістіктерін , еңселі елу елдің елім- нің және елім үшін өмір сүретін өзімнің асқарлы армандарымды бейнелеп көрсету.»
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім,-
деп Жұбан ақын жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымыз.
Менің елім –Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республика- сының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ.
Қазақстан- бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол-менің елім!
Менің Отаным- Қазақстан. Қазақстан- байтақ ел. Осы сөзді естігенде көз алдыма жазық дала, кілемдей өрнектелген көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу қаз, құлын тайы ойнақтаған үйір-үйір жылқы, жібектей толқыған ақ селеу, қоңыраулатқан бозторғай үні елестейді. Қазақстанның табиғаты да әр алуан. Онда азынай соққан аңызық жел, қоңыр салқын орманға барып тосқауыл тауып жатса, құм сусыған жазық дала көгілдір көлмен шектеседі. Асқар шыңның басынан тамшылай аққан бұлақ жылғалар сарқырамаға ұласады. Бұл мың құбылған түрі бар, сан иірім сыры бар, қазақ жері.
Махабатым! Жанымның қуаты-әнім!
Әр мезгілгі бейнеңді ұнатамын.
Мен түсімде ұшсам да қанат бітіп,
Саған сеніп ұшамын, ұлы Отаным,-
деп Күляш Ахметова жырлағандай , адамға туған Отанына ыстық не бар?! Осы Отанды сүю, оны сыртқы жаудан қорғау –әрбір азаматың парызы.
Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-баба құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Ұлы даланың жас перзенті- қалың қазақтардың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері, тағдыр талайымы алға тартқан талай тар жол, тайғақ кешулері жатыр.
Қазақ халқының даму жолына зер слатын болсақ, оны ұлттық ерлік тарихы өте бай екендігін аңғарамыз. Ата – бабаларымыз тәуелсіздік жолында қан майданға салынып, талай шайқастарға қасықтап қанын төгіп, Отан үшін отқа түсті. Тәуелсіздік жолында халқымыз тағдардың талай тәлкегіне, талай азабына шыдады, қиын күндерді бастан кешірді. Ағаларымыз бен апаларымыз найзаның ұшыменен өз Отанын қорғады. Отанын тәуелсіздік туын әперудің мақсатында ата-бабаларымыз ештеңеден де аянбады.
Отанын қорғап, азаттығы қасық қандарын аянбаған батыр бабаларымыз Бауыржан , Баубек , Шығыстың қос шынары Алия мен Мәншүктер сол бір қанқұйлы соғыста ерлікпен елімізді қорғаса, кешегі қанды желтоқсанда тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат, Жадыра, Ляззат, Ербол сынды апа-ағаларымыз алдында біз борыштармыз.
- Тарих ол – уақытқа ұқсаса толмайтұғын,
Қадайды қасыңа кеп шалғай туын ,
Тарих ол – бір ғаламат алтын көпір ,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын, -
деп Жұбан Молдағалиев ақын жырлағандай өткенімізге өкініп, қилы тағдырды басынан төңкерген шежіре тарихымызды баяндадым.
Міне, сондай қиын-қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Аз ғана уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдандық. Еркіндік алғаннан кейін жаңа Елбасымыз, Туымыз бекітіліп, Әнұранымыз, еліміздің Ата Заңы Конституциямыз қабылданды. Ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау
көзімізге оттай басылды. Тұңғыш рет қазақтың батыр ұлдары тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев ғарышқа ұшып, мерейіміз көтерілді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығында жаңа бас қаламыз- Астана бой көтерді. Ел ордасының –Қазақстанның кіндігі арқаға көшуі экономикалық саяси-әлеуметтік маңызы аса зор. Елбасының көрегендігінің арқасында іске асырылған шара. Астана- күн сайын көркейіп келеді. Оның ел дамуына қосар үлесі де мол болмақ. Сөйтіп, Отанымыз жаңа ғасырға жаңа Астанасымен қадам басты. Бұл да келешектен үлкен үміт күттіретін жақсы ырым, жаңа нышан.
Астанам көп қараймын мен келбетіңе,
Балғынсың жас қайындай өз тербетіле.
Жанаттай жан біткенді елжіретесің,
Біз үшін жаннат қала сен жер бетінде.
2011 жылдың 3 сәуірінде бүкіл Қазақстан бойынша Республика Президентінің сайлауы өтті. Елбасымызды қайта сайладық. Бұрынғы жалдармен салыстырғанда ел тұрмысы жақсарып келеді. Ресми мәліметтерге жүгінсек, ел экономикасының ілгерілей бастағанын көреміз. Жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күрес жолға қойылды. Елдегі инвестициялық ахуалдар жақсы, шет елдермен экономикалық байланыстардың келешегі үлкен. Элиталық мектептер ашылуда. Барлық мектептер компьютерлендіруде. Мектептерде білім сапасы жақсаруда. Жаңадан жазылған төл оқулықтар шығарылуда. Бұл балалардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына жасалған жағдай. Біздер осыны дұрыс түсініп, жақсы оқып, тәрбиелі азамат болуға тырысуымыз керек. Әлемдік деңгейдегі жиындарда біздің елдің татулық пен діндер арасындағы ынтымақты сүйетіндігін бүкіл дүние жүзі қолдап отыр. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төраға болды. Дінаралық және конференция аралық келісімді қолдаушы ел ретінде танылып отыр.
Жетінші Қысқы Азиада олимпиада ойыны 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында Алматы мен Астанада өтті. Шетелдермен достық қарым-қатынастарды орнату үшін үкімет өте үлкен жемісті жұмысты жүргізді. 120 елден астамы Қазақстанды ресми түрде мойындап, онымен дипломаттық қарым-қатынастарын орнатты. Қазақстан- Орталық Азия аймағындағы мойындалған көшбасшы болып табылды.
Қазақстанның халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдемелеріне қол жеткізуге бағытталған. Бұл нарықтық экономикасы бар, байсалды өнеркәсіптік әлеуметті мемлекет болып табылады.
Қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс- әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді. Қысқы Азиада ойындары қорытындысы бойынша Қазақстан - І орында тұр.
Қорытынды
Менің ойымша бақыт дегеніміз- еркіндік, яғни, рухыңның, жаныңның тәніңнің, катігездік пен қараулықтан, қулық пен надандық тәуелсіз болуы. Қорыта келгендегі айтарым, мен елімнің келешегін- табиғаты таңғажайып, экономикалық айғағы нығайған төл ұлт өкілдерінің саны молайған, ортақ шаруашылығы нарқы құрылған, медецина, білім беру жүйесі озат жолға қойылған мемлекет. Мен презентациямды мына өлең шумақтарымен аяқтаймын.
Елім үшін аңсаған Тәуелсіздік!
Жауға шаптың, қарсылық, қол көтеріп.
Әділет үшін күрестің ұлыларға,
Күні бүгін отырмыз бас иіп.
Бүгін де тойлағалы отырмыз берекелі,
Көңілде қуаныш , шаттық көңіл күй кернегелі.
Шын жүректен құттықтаймыз халқым менің,
20 жылдық мерекеңмен бүгін сені!