10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар, Тәрбие сағаттар

«Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы

Опубликовал inust в 15 Февраль 2012 – 10:48Пікір жоқ
Бұл мақала 850 рет оқылды, 10 рет бүгін

Дайындағандар: Информатика пәнінің оқыиушысы Тасжанов Алмас Математика пәнінің оқытушысы Төребекова Айгүл
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы № 20 кәсіптік лицей,

Монолог:
Сандуғаш.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы Мадияр
Бұл қай кезде болады?

Мадияр
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Сандуғаш
Күзде ғана болады.

Сандуғаш
.Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Мадияр
Бұл қай мезгілдің келгені

Мадияр

. Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Сандуғаш бұл Алтын күздің келгені.

Гүлжан

Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп

Ердос
Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда

Гүлжан
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым

Ердос
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.

Сандуғаш
Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
Мадияр
. Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Гүлжан
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Ердос
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Сандуғаш

Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Мадияр
Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.

Гүлжан
Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1- жұп. Ахметов Еламан, Берістемова Махаббат. Қалған жұптар сахна сыртынан хабарланады.
2- жұп. Тоқанов Ерболат, Тұрлыбекова Гауһар
3- жұп. Сансызбаев Нұрсұлтан, Қасымбек Жанар
4- Жұп . Әбжанов Ұланбек, Нұрлыбекқызs Алтынай
5- Жұп. Әбдірахманов Мұрат, Шылмырзаева Толғанай
6- Жұп. Шонықбай Әсет, Рашидова Ару

Сандуғаш
Аяулы күз, Алтын күз -2010 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамасерік Қоныс ағай, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмырзаева Күлайша апай, лицей социологы Темірбеков Бақыт ағай, География пәнінің мұғалімі Серимова Гүлмират апай, «Алтын күз-2009» байқауының ханшайымы №165 –ші оқу тобының оқушысы Әшірбаева Гүлзинет.

Ердос
. Ендеше бүгігі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз
7 кезеңнен тұрады

1. – кезең. Резюме.
2. – кезең Таныстыру /3 минут /. Үміткерлер өздерін таныстырады
3. – кезең Өз өнері деп аталады. Үміткерлер өз өнерлерін көрсетеді
/5- минут/
4. – кезең Парасатты арулар мен білімді жастар
/сұрақ- жауап/ Мұнда үміткерлердің білімдері сарапқа салынады. / 2 минут/.
5. – кезең. Арулар фантазиясы және сөздің көркі мақал деп аталады. Бұл кезеңде аруларымыз қиялдан туған ас мәзірін дайындаса, ұлдарымыздың мақал – мәтелдердің жалғасын айту арқылы ой ұшқырларын байқаймыз.
6. – кезең Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады
7. – кезең Балл биі. Үміткерлердің жұптасып билеу мәнерлері бағаланады.

ЕСКЕРТУ. Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жеке- жеке шығарады. Яғни аруларға бөлек, жігіттерге бөлек баға қойылады. Ең төменгі бал -3 , ең жоғарғы бал- 5. Хаттамаға толтырасыздар.

Сандуғаш
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет- пердесін ашып, үміткерлерге сәт –сапар тілеу үшін сөз лицейіміздің директоры Мұсатаева Жанат апайға беріледі.

Алпысбаева Бағиланың орындауында «Бұлқынды жүрек» әнін тыңдаңыздар.

Гүлжан
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын …. .деп ақын жырлағандай ортамызға сыр-сымбаты мен ақыл - парасаты жарасқан өткен жылғы Алтын күз байқауында жеңіпаз атанған ханзадамыз №165 –ші оқу тобының оқушысы Асанов Нұртаспен …
Ердос
Ақылына көркі сай, ибалы да , инабатты, білім мен тәрбиенің озық үлгісін көрсетіп, ізгі қасиеттірімен дараланып, әділқазылар шешімімен «Алтын күз 2009» байқауының Ханшасы болып танылған №165 –ші оқу тобының оқушысы Әшірбаева Гүлзинетті қошеметпен сахна төріне шақырайық.
/Олар өздерінің өнерлерін көрсетеді./

Сандуғаш
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Мадияр
Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

Міралиев Бекжанның орындауында «Қазақ жігіттері»

2 тур. Өз өнері / Қол өнері,ән,би/
Гүлжан
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.

Ердос
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
. Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
Гүлжан
Өз өнерін көрсететін бірінші жұбымыз Ахметов Еламан мен Берістемова Махабатт.
Қалған үміткерлерді сахнаның сыртында хабарлап отырады.

Араб биі. Орындайтын №165 –ші оқу тобының оқушысы Теңлібаева Балайна

Сандуғаш Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.

Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.

Мадияр
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар

Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.
№1 . Жеті қазынаны атаңыздар? /Ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт /
№ 2. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
Адыраспан, дермене, қараша.
№3. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
Сабан той.
№4 Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
№ 5.Жеті атаны атаңыз?
(Ата, әке, бала, немере,
шөбере,шөпшек, немене)
№6. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
№7. Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?
(Сырым батыр)
№8. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.

№9. Күзде келетін құстарды атаңыз?
Ала қарға, үйрек, көкшымшық.
№9 Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?
(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)
№10 Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады

№11. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
(Әулет).
№12. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
/Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде/
нқұрт,қақ, Қонақ қызымыз Алданова Салтанаттың орындауында «Қазағымның ұл - қыздары» әнін тамашалаңыздар.л Алданеоолллборро
длдщддщщепкен өрік, жиде, мейіз)
ББбБ

Гүлжан
Ердос , білесің бе Ұлт тәрбиесінде дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген, Қыз баланың бойында сыпайылық пен мейірбандылық, сезімталдық пен ізгілік ,қасиеттерімен бірге, киім тіге білуге, дәмді тамақ пісіру сынды еңбекқорлыққа тәрбиелеген.
Ердос
Дұрыс айтасың Гүлжан, қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болуымен қатар, он саусағынан өнері тамған шебер болуы тиіс. Сонымен қатар «Жігітті тәрбиелеген- әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген ұлтты тәрбиелейді » деген ғой дана халық. Халықтың рухын, намысын арман- үмітін арқалайтын жігіттеріміз ұлттық тәлім- тәрбиенің тағылымдарын бойына сіңіріп отанымыздың үмітін ақтайтыны сөзсіз.

Гүлжан
Олай болса, келесі кезеңде ас мәзірін дайындаудағы «арулар фантазиясын» және ұлдарымыздың ой ұшқырлығын байқап көрсек. Бұл кезеңде аруларымыз алдын- ала дайындалған рецептер бойынша «қиял асын» дайындаса, ұлдарымыз мақал- мәтелдердің жалғасын айтулары тиіс.
Ердос
Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге Дей келе қыздарымыз қиял асын даярлап болғанша, ұлдарымыздың тапқырлығын байқап көрейік.

Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.
1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
. 12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ

Ән. Сейітбекова Сандуғаштың орындауында « »
Мадияр
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендігі кезекте аруларымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар

Сандуғаш
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық

Ән. Дәуменов Оразәлі. Сен сұлу.

Гүлжан.

Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сулулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз
Ердос
Енді әдемі шарттарымыздың бірі, Бал биі. Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз Ханзадасы мен Ханшасы екендерін көрсете білулері тиіс.

Гүлжан.
Сонымен , Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген .арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ……….
Ердос
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді , айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарамызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
Сандуғаш
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Мадияр

Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

«Аяулы күз, алтын күз-2010» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапатайды.
Ердос
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Гүлжан.
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.