«Нобель сыйлығы лауреаттары» конференция сабақ. Физика.
Сабақтың мақсаты:
1) Нобель сыйлығымен марапаттаудың тарихымен танысу;
2) А. Нобельдің өмірі мен оның ашқан жаңалықтарымен танысу;
3) Нобель сыйлығының баламаларымен танысу;
4) Нобель сыйлығымен марапатталған атақты физиктер еңбегімен танысу;
Сабаққа дайындық: қолданылатын көрнекіліктер:
Компьютер, мултим.проектор, Стокгольмнің 1903 жылғы, 2010 жылғы Нобель сыйлығын беру рәсімі өтетін жердің суреттері, лауреаттардың суреттері, Нобель сыйлығының медалі, т.б суреттер туралы слайд-презентация.
Конференция сабақ үщ бөлімнен тұрады.
Нобельші үш физик – Ж.И.Алферов, А.К.Гейм, К.Новоселов оқушылармен кездесуге келеді. Олардың алдарында аты-жөндері жазулы тұрады. Бірінші бөлімде пән мұғалімі қысқаша сөз сөйлеп ашады. Екінші бөлімде 1903 жылғы Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты көрініс етіп көрсетіледі. Ал үшінші бөлімде келген үш лауреаттарға залдан сұрақтар қою арқылы жауаптар тыңдалады.
Кіріспе бөлім.
Физика пәні мұғалімі:
Нобель сыйлығы деген сыйлықпен жыл сайын әлемнің ғалымдары Стокгольм қаласында 10 желтоқсанда марапатталады. Бүгін біз осы атаулы күннің тарихымен танысамыз. Және осы сыйлықты алған мектеп курсы фиикасында оқытылатын атақты физиктермен, олардың осы сыйлықты алған жаңалықтарымен танысамыз.
А.Нобель өзі өмір сүрген замандағы ең бай адам болған, байлық оған өзі ашқан жаңалықтарымен келген болатын. Ол үйленбеген, артында ұрпақ қалмаған. Сондықтан болар дүниеден өтер алдында өз байлығын қайда кімге қалдыратыны туралы өсиетхат жазып кеткен.
Бұл сыйлықты швед инженер-химигі, өнертапқыш және өнеркісіп иесі Альфред Бернхард Нобель ұйымдастырды. Оның есімімен аталған бұл сыйлық дүниежүзінде ең танымал, сонымен бірге ең қатты сыналады деп айтылады. Сыйлыққа А.Нобельдің кескіні бейнеленген алтын медаль, диплом және ақшалай сыйлық беріледі. Ақшалай сыйлық Нобель фондының кірісіне байланысты. Нобельдің 1895 жылы 27 қараша жазған өсиетхаты бойынша оның капиталы (алғашында 31 млн. швед кроны) акция, облигация, займдарға салынды. Осыдан түскен табыс бірдей бес бөлікке бөлінеді және физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған үздік жетістіктерге беріледі.
А.Нобель 1896 жылы 10 желтоқсанда дүниеден өтеді. Жыл сайын осы күні, яғни 10 желтоқсанда Стокгольмде әлемнің ең үздік ғалымдарын осы сыйлықпен марапаттау рәсімі өтіп келеді.
Екі жүргізуші алма кезек сөйлейді:
1-жүргізуші:
(А.Нобельдің өмірі мен еңбектері туралы):
Альфред Нобель 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Иммануэль Нобель орта қолды кәсіпкер болған. Өзі жұмысын жақсарту үшін 1837 жылы Ресейге Петербор қаласына көшіп келеді. Мұнда ол Механикалық шеберхана ашады, бес жылдан кейін шаруасы жақсы жүрген соң, жанұясын көшіріп әкеледі. Бұл кезде Альфред 9 жаста болатын, ол орыс тілін өте жақсы меңгеріп алады, сонымен қатар ол ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерін жетік білген.
2-жүргізуші:
1853-1856 жылдары Қырым соғысы кезінде Нобельдің шеберханасы орыс әскери флоты үшін су астында қолданатын жарылғыш, тағы да басқа қару жасаумен айналысқан. Осы жарылғыш, қопарғыш заттарды Ресей әскері Кронштадты қорғауда тағы да басқа соғыста қолданды. Осы жылдардағы еңбегі үшін И.Нобель «Орыс өнеркәсібін дамытқаны үшін» алтын медалімен марапатталды. Соғыс аяқталған соң тапсырыс болмауына байланысты 1859 жылы И. Нобель Стокгольмге қайтып оралады.
Альфред Нобель жүйелі түрде білім алған жоқ. Басында үйде оқыды, 1849-1851 жылдары Америка мен Европаны аралап танысты. Содан кейін Парижде белгілі француз оқымыстысы Т.Пелуза зертханасында химия саласын оқыды. Әкесі Стокгольмге қайтып келген соң Альфред Нобель нитроглицериннің қасиеттерін зерттеумен айналыса бастады. Бұл іспен айналысуына оның сол кездегі талантты орыс химигі Н.Н.Зининмен жиі-жиі араласуы да әсерін тигізуі мүмкін. (1812-1880).
2-жүргізуші:
1863 жылы Стокгольмге келгеннен кейін де ол өзінің тәжірибелерін жалғастырды. Бірақ 1864 жылы 3 қыркүйекте қайғылы жағдай орын алды. Кезекті сынақ кезінде бірнеше адам қаза болды, қаза болғандардың ішінде оның 20 жастағы туған інісі Эмиль-Оскар болған еді. Бұл қайғыдан соң әкесі сал ауруына ұшырап, өмірінің соңғы 8 жылын төсекте өткізді.
1864 жылы 14 қазанда А.Нобель құрамында нитроглицерині бар жарылғыш зат жасауға патент алды. Бұдан соң детонатор, динамит, түтінсіз оқ т.б заттарға бірінен соң бірі патент алды. А.Нобель барлығы 350 затқа патент алған, оның ішінде жарылғыш заттарға қатысы жоқтар да болған. Мысалы, водомер, барометр, салқындатқыш аппарат, газ жылытқыш, (газовую горелка), күкірт қышқылын алудың жетілдірілген әдісі, соғыс ракета конструкциясы т.б. көптеген заттар.
А.Нобельдің қызығушылығы әралуан болатын. Ол электрохимия, оптика, биология, медицина салаларымен қатар автоматты тежелуді құрастыру және қауіпсіз бу қазандарын жасау, жасанды тері, жасанды резина жасаумен т.б. көптеген жұмыстармен айналысты. А.Нобель өз заманындағы ең сауатты адамдардың бірі болды. Нобель Швед ғылым академиясының, Лондон королдігі қоғамының және Париж азаматтық инженерлер қоғамының мүшесі болды.
1-Жүргізуші:
Нобель сыйлығының баламалары туралы сөз 9 класс оқушысы Абаев Рустемге беріледі.
Р.Абаев: Нобель сыйлықтары — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі 1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:
әдебиет, физика, химия және медицина, физиология бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды. 1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.
Жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі: Физика –1901 жылдан бастап, Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология – 1901 жылдан бастап, Швеция Экономика –1969 жылдан бастап, Швеция Әдебиет –1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап.
Нобель сыйлығының баламалары
Ғылымның көптеген салалары нобель сыйлығымен “қамтылмай” қалды. Нобель сыйлығының беделді және танымалдығына сәйкес, басқа салаларда ең беделді марапаттауды бейресми түрде Нобельдік деп атайды.
Математика және информатика
Алғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз; көбінесе оны швед математигінің атымен байланыстырады, сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған болатын. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдады. Сонымен қатар мынадай болжам да бар, Нобель сыйлықты тек адамзатқа нақты және көрнекті пайдасын тигізетін жетістіктерге бермек болған, ал математика жетістіктері, әлеметтің көзқарасы бойынша, мұндайға жатпайды.
Математика бойынша нобель сыйлығының “баламалары” болып Филдстық сыйлық және Абелевтық сыйлық жатады, информатика саласында – Тьюринг сыйлығы жатады.
Экономика
Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.
Сыйлыққа сынау
Іс жүзіндегі өсиетнамага сәйкессіздік.
Нобель өсиетнамасы бойынша сыйлық берілетін жылы болған жаңалықтар, жетістіктер үшін сыйлық берілуі керек болған. Бұл іс жүзінде сақталмайды.
Табиғи-ғылымдық сыйлықтар
Көптеген ғалымдар олардың жаңалықтары мен ашылымдарына сыйлық берілу үшін “ уақыт сынағынан” өткенше, қайтыс болды. Сонымен қатар сыйлықтардың бір ғылыми мектептердің өкілдеріне берілетіні байқалды.
Қоғамдық сыйлықтар
XX ғасырдың басынан-ақ сыйлық лауреаттарының ресми сынақтарға сәйкестігі жөнінде сұрақ қарастырылды. Жекелеп алғанда, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының арасында бүкіләлемге танымал авторлармен қатар танымалдықты олардың қоғамдық және саяси іс-әрекеттерінің арқасында алған жазушылар да кездеседі. Әлемнің Нобель сыйлығында да осындай жағдай бар, кейбір тұлғаларға атап айтқанда Кофи Аннан, Ясир Арафат берілген болатын.
ІІ.Бөлім
1- Жүргізуші :
Ең алғаш физик ғалымдардан бұл сыйлықты 1901 жылы Рентген алған болатын. Одан кейін 1903 жылы үш физик ғалымдар-А.Беккерель, ерлі-зайыпты Пьер және Мария Кюрилер алды, яғни Нобель сыйлығын осы үш ғалым бөлісті.
Енді осы үш ғалымның Нобель сыйлығын алу сәтін оқушылар дайындаған көріністен тамашалайық.
Жүргізуші:
Қатысушылар:
1. Швеция ханзадасы (королі ) мен Швеция ханшайымы,
2. Мария Склодовская-Кюри.
3. Пьер Кюри
4. Анри Беккерель
5. Х.Р.Тернеблад.
6. В.Рентген.
Моцарттың музыкасы ойнап тұрады.
2-Жүргізуші: 1903 жыл. Стокгольм қаласы. 10 желтоқсан. Ғалымдарды Нобель сыйлығымен марапаттау рәсімі. Бетховеннің музыкасы ойап тұрады.
Швеция ханзадасы мен ханшайымы тұрады (сәйкесінше киінеді).
Үш ғалым (сәйкесінше сол уақыттағыдай киінеді) отырады. Жүргізуші оларды хабарлап шақырады.
1- Жүргізуші:
Аса құрметті ханзада және ханшайым, құрметті ғалымдар мен оқымыстылар! Бүгін 10 желтоқсанда атақты ғалым Нобельдің өтініші бойынша осы жылдың жаңалығымен ерекшеленген ғалымдарын Нобель сыйлығымен марапаттау салтанатын ашық деп жариялаймын. (қол соғады)
1.Алдымен ортаға Мария Склодовская -Кюри шақырылады.
1903 жылдың Нобель сыйлығы физика ғылымы бойынша радиоактивтілік құбылысты зерттеудегі нәтижелі еңбектері, және жаңа торий (Th), радий (Ra), полоний (Po) элементін ашқаны үшін Франция ғылым академиясының Бертело медалі және Лондон корольдігі қоғамының Дэви медалі иегері ғалым Мария Склодовская -Кюриге беріледі.
Швеция ханзадасы Марияға «Нобель сыйлығы иегері» деген жазуы бар мантия кигізеді, диплом береді.(Залдағы қатысушылар қол соғып қолдау көрсетеді.)
2-Жүргізуші :
2.Ортаға ғалым Анри Беккерель шақырылады.
Нобель сыйлығы уранның өздігінен сәуле шығару қасиеті бар екенін, және ол сәуленің интинсивтілігі уақытқа байланысты емес екенін анықтаған физик-ғалым Лондон корольдігі қоғамының Румфорд медалі, Берлин корольдігі ғылым академиясының Гельмгольц медалі, Америка ұлттық ғылым академиясының Барнарда медалі иесі, Франция ғылым академиясы мүшесі Анри Беккерельге беріледі. (Залдағы қатысушылар қол соғып қолдау көрсетеді.)
Швеция ханзадасы Анри Беккерельге «Нобель сыйлығы иегері» деген жазуы бар мантия кигізеді, диплом береді.(қол соғады.)
1-Жүргізуші:
Келесі ортаға шақырылатын ғалым- Пьер Кюри мырза.
3.Нобель сыйлығы Беккерель ашқан жаңа құбылысты зерттеп бірнеше жаңа элементтер- торий (Th), радий (Ra) элементтерді ашқаны үшін жаратылыстану ғылым докторы, Лондон корольдігі қоғамының Дэви медалі иесі Пьер Кюриге беріледі.. Швеция ханзадасы Пьерге «Нобель сыйлығы иегері» деген жазуы бар мантия кигізеді, диплом береді.(қол соғады.)
2- Жүргізуші: Енді сөзді Нобель сыйлығының лауреаттарына берелік.
Сөз Нобель сыйлығы лауреаты
Мария Склодовская Кюриге беріледі:
«Мен Польшада туып өстім. Кішкентай кезімнен бастап мені физика, математика, химия пәндері қызықтырды. Мектепті алтын медальмен бітіріп, элемдегі ең әйгілі университеттердің бірі – Сорбонн университетіне оқуға түстім. Жақсы оқыдым, мұғалімдерім менің біліміме риза болатын. Сол жерде аспирант бола жүріп, болашақ күйеуім Пьер Кюримен таныстым. Пьер Кюри сол уақытта белгілі оқымысты физик болатын. Ол өзінің 35 жасында физика оқулығына 50-100 жылдан кейін енетін жаңалық- пьезоэлектрлік эффект құбылысын ашты. Біз табиғи радиоактивтілікті ашқан Анри Беккерелмен бірге жұмыс жасадық. Радиоактивтілік терменін енгіздік.1898 жылы табанды зерттеулердің нәтижесінде екі элемент- полоний мен радийді таптық. Полоний элементі менің отаным Польшаның атымен аталды. Мен одан кейін торийдің радиоактивтілік қасиетін көрдім. 45 ай бойғы тонналаған уран кенін өңдеумен болған зерттеулердің нәтижесінде 1902 жылы 1 грамм таза радийді алдық. Осындай қиын да, денсаулыққа кері әсерін тигізетін, бірақ ғылым үшін жасалған еңбегімізді бағалағандарыңыз үшін алғыс білдіремін, бұл награда біздің алдымыздағы жұмыстарымызға үлкен заряд, үлкен материалдық көмек.»
1-Жүгізуші:
Сөз Нобель сыйлығы лауреаты Анри Беккерельге беріледі.
«Мен Антуан Анри Беккерель Парижде туып өстім. Әкем- Александр Эдмон да, оның әкесі Антуан Сезар да белгілі физик ғалымдар екенін білесіздер, ғылымға келуім де осы отбасылық өмірдің әсерінен болса кеоек. Ұлы Людовик лицейінде орта білім алған соң, 1872 жылы Париждегі политехникалық мектепке оқуға түстім. Екі жылдан кейін жоғары көпір және жол мектебіне ауыстым.Осы мектепте жүрген кезден бастап магнит өрісінің жарықтың сызықтық поляризациясына әсерін зерттей бастадым.1877 жылы әкем Александр Эдмонның ассистенті бола жүріп, төрт жылға жуық зеттеулер жасап, Жердің температурасы туралы еңбектер жаздым. Сызықтық поляризация құбылысын, салқын дененің жарық шығаруын, люминесценция облысын қамтитын еңбектер, жарық көзінен тарайтын әр түрлі ұзындықтағы толқындардың қабаттасуы кезіндегі құбылыстарды зерттедім.1888 жылы Париж университетінің жаратылыстану ғылымы факультетінде жарықтың кристалдардағы жұтылуы туралы докторлық диссертациямды қорғадым. Көп жылғы жүргізілген зерттеулерден кейін кейбір заттардың, атап айтқанда уранның өздігінен сәуле шығаратынын дәлелдедім. Бұл құбылысты Мария Кюри радиоактивтілік деп атауды ұсынды, және өзі жоғарыда айтып кеткендей, ерлі-зайыпты Кюрилер одан кейін, торий, полоний және радийдің осындай сәуле шығаратынын анықтады. Физика ғылымына қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Ғылым үшін жарқын болашақ үшін қызмет етемін.
2-Жүргізуші :
Келесі сөз Нобель сыйлығы лауреаты Пьер Кюри мырзаға беріледі:
«Мен Пьер Кюри Париж қаласында дәрігер жанұясында дүниеге келдім. Жастайымнан білім мен ғылымға әуес болып өстім. 16 жасымда Сорбонн университетінің бакалавр көрсеткішіне қол жеткіздім. 1878 жылдан бастап кристалдар табиғатын зерттеумен айналыстым. Үлкен ағам Жак Пьер екеуіміз бірнеше жыл бірлесіп жасаған зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесінде пьезоэлектрлік құбылысты – яғни, кристалдардың пішінін өзгерту кезінде электр зарядтарын тудыратынын, және кері процестің яғни, электр өрісі әсерінен кристалдардың пішінің өзгеруін аштық. Заттардың магниттік қасиеттерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде магниттік қасиетке ие заттардың қасиеті белгілі температурада жойылатынын анықталынды.
Данышпан ғалым Беккерельдің кейбір заттардың өздігінен сәуле шығаруын анықтағаннан кейін біз жарым Мария екеуіміз осы құбылысқа радиоактивтілік деп ат беріп, осы құбылыспен терең айналыстық. Нәтижесінде жасанды радиоактивтілікті, бірнеше жаңа элементтерді аштық. Физика ғылымына қосқан осы еңбектерімді жоғары бағалаған замандас ғалымдарға ризашылығымды білдіремін.
(Мұндай қасиетке ие кристалдар қазіргі кездерде қолданылып жүрген радиоаппартардың, микрофон, күшейткіштердің негізгі компоненті болып табылады.)
1-Жүргізуші:
Құттықтау сөз Швед ғылым академиясы атынан Х.Р.Тернеблад мырзаға беріледі.
«Құрметті ерлі-зайыпты Мария және Пьер Кюри, құрметті Анри Беккерель мырза! Сіздер ғылым алдында өздеріңіздің табанды еңбектеріңіздің арқасында, жаңа құбылыс - аштыңыздар, осы уақытқа дейін тек газдардың разрядталуы кезіндегі электрлік разряд түрінде белгілі болған сәулеленудің табиғатына терең үңіліп, бірнеше жаңа элементтер таптыңыздар! Соның нәтижесінде материяның басқа бір түрі бар екені және оны анықтаудың жолдары ашылды. Сіздердің ашқан жаңалықтарыңның нәтижесінде энергияның жаңа қайнар көзі ашылды, бұл энергияны адамзаттың игі ісіне айналдыру алдағы күндердің еншісінде»
2-Жүргізуші:
Құттықтау сөз Мюнхен университеті жанындағы Физика институты директоры, профессор, физика ғылымы бойынша Нобель сыйлығының 1901 жылғы лауреаты Вилгельм Рентгенге мырзаға беріледі.
В.Рентген:
«Физика ғылымы жыл сайын қарыштап дамып келеді. Менің замандастарым тағы бір таңғажайып құбылысты ашты, мен ашқан өтімділігі күшті х-сәулелер медицинада кең қолданылатын болады, сол сияқты осы үш азамат ашқан өздігінен өтімділігі күшті сәуле шығару құбылысын адамзаттың пайдасына жаратуымыз керек. Ол үшін сіз бен біз аянбай еңбектеніп, оның зияны мен пайдасын ашып түсіндіруіміз керек. Құрметті ерлі-зайыпты Кюрилер, құрметті Анри Беккерель мырза, Нобель сыйлықтарыңыз құтты болсын, осы мәртебе сіздерге күш беріп жаратылыстану ғылымына тың жаңалықтар әкеліңіздер, зерттеулеріңіз әркез сәтті өтсін!»
1-Жүргізуші:
Нобель сыйлығымен марапаттау салтанатын жабық деп жариялаймын.
ІІІ. Бөлім.
2-Жүргізуші: Кешіміздің екінші бөлімі Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесу.
Конференцияға Нобель сыйлығын 2000 жылы алған Жорес Иванович Алферов және Нобель сыйлығының 2010 жылғы алған екі физик ғалымдар қатысып отыр.
Осы мәртебелі қонақтарымызды таныстырып өтейін:
1. Кванттық электрониканың соңғы жетістіктерінің авторы, көрнекті совет және Россия ғылым академиясының академигі, және осы академияның вице президенті Жорис Иванович Алферов. Ол 2000 жылы электроника мен оптикалық электроника саласында физиканың жаңа бағыты-гетероструктураның дамуына зор үлес қосты. Адам өмірінің күнделікті қажеттілігі болып отырған мобильдік телефондардың жұмыс істеу принципі осы Альферов тапқан гетероструктуралы жартылай өткізгіштер болып табылады. Компьютерлердегі компакт-диск ойнатқыштары, диск құрылғыларының жұмысы «Альферов лазерінің» көмегімен жүзеге асырылды. Альферовтың ашқан жаңалығы автомобильдердің фарларында, бағдаршамдарда, супермаркет құрылғыларында- тауар жарлықтары декодерінде қолданылады.
1-Жүргізуші: келесі қонағымыз
2. Нобель сыйлығының 2010 жылғы лауреаттары Андрей Гейм және оның шәкірті Константин Новоселов.
2- Жүргізуші:
Мұндай өз заманының білімді, көрнекті ғалымдарымен кездесудің сәті жиі түсе бермесі анық, қонақтарға қойылатын сұрақтарыңыз бар болса қоюға рұқсат.
1-Залдан сұрақ:
Құрметті Форес Альферов сіздің ашқан жаңалықтарыңызды оқып біліп жүрміз, еліміздің саяси өміріне де белсене араласып жүрсіз, сізден сұрайтыным есіңізде ме, қанша ғалым шәкірттер тәрбиеледіңіз?
Ж.Альферов: Әрине осындай жетістіктерге шәкірттерсіз жетуім мүмкін емес те еді, мен 40 тан астам ғылым кандидаттарын, 10 ғылым докторы болған ғалымдарға ғылыми кеңесші, басшы болған екенмін. Екі шәкіртім Россия ғылым академиясының мүше-корреспонденті.
2-сұрақ:Физика сияқты қиын да күрделі ғылымға қалай келдіңіз, ата-анаңыз ғылыммен шұғылданатын ба еді?
Ж.Альферов:Менің ата-анам ғылыммен айналысқан адамдар емес, әкем қағаз картон заводы директоры болды, менің ғылымға келуіме бірден-бір ықпал еткен мектептегі физика пәнінен сабақ беретін ұстазым- Яков Мельцерзон Борисович болды. Сол кісінің бағыт беруімен Ленинград электротехникалық институтына оқуға түстім.
3-сұрақ: Сіздің еңбегіңізді бағалап Нобель сыйлығына ұсынды, сонымен қатар басқа көптеген атақтарыңызды білеміз, әдетте физиктердің есімі бір құбылысқа, немесе өзі ашқан жаңалыққа беріледі, сіздің есіміңізге де бұйырғаны бар шығар?
Ж.Альферов: Мен атақтан кенде емеспін деп ойлаймын, оның үстіне 2001 жылы менің есімімді 1997 жылы ашылған кіші планета-астеройдқа берген болатын.
2- Жүргізуші:
Рахмет, Жорис Иванович енді келесі қонақтарымызды таныстырайық:
Олар Нобель сыйлығын 2010 жылдың 10 желтоқсанында алған ғалымдар
Андрей Гейм және оның шәкірті Константин Новоселов.
1. сұрақ :
Нобель сыйлығы қандай еңбектеріңіз үшін берілді?
А.Гейм:
Қысқаша айтқанда біз шәкіртім Константин Новоселов екеуіміз 2004 жылдан бері графен деген зат шығардық десек болады. Графен – бұл көміртегі атомының бір кабатынан құралатын көміртегінің моноатомды қабаты болып табылады. Көміртегі атомының бір қабатынан тұратын материал, бірақ өте төзімді. Басқаша айтқанда бұл материалда көміртегі атомын гексагональдік кристалды торда орналасқан дейміз. Графен түссіз және электрлік және жылулық өткізгіштігі өте жоғары. Бұл қасиеті электроникада кең қолданыс табатын болады. Тіпті алдағы уақытта оны дисплейдің жаңа түрлерінде және күн батареяларында қолданылуы мүмкін. Графеннің өте төзімділік қасиеті болашақ суперкомпьютерлердің өтешапшаң (сверхбыстрых) микропроцессорларында қолданылуы мүмкін. Себебі қазіргі электроникада қолданылып жүрген материалдардың жылулық және механикалық төзімділігі шектеулі болғандықтан өтешапшаң микропрцессорлар құрастыруда кедергілер көптеп кездеседі.
2 -сұрақ: Қай жерде тудыңыз, қай жерде білім алдыңыз сол туралы айтып берсеңіз?
А.Гейм:
Мен 1958 жылы Сочи қаласында дүниге келдім. 1976 жылы Москва физика-техникалық институтына (МФТИ) оқуға түстім.Одан соң Совет Одағы ғылым академиясының қатты дене физикасы институтына аспирант болдым. 1987 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. Үш жыл Черноголовкідегі микроэлектроника және асқынтаза материалдар проблемасы иститутында қызмет жасадым. Мен мұнда жүргенде металлдар физикасымен айналыстым.
А.Геймге 3-сұрақ:
Россиядан білім алдыңыз енді қайтып келу жағына қалай қарайсыз?
Нобель сыйлығына ұсынылғаннан кейін Россия «Сколково» инновациялық орталығы жұмысқа шақырған болатын. Россияда қалу мен үшін өмірді босқа өткізу сияқты, қайтып келу туралы еш ойламаймын, бірақ Москва физика-техникалық институтының білімінің өте жоғары екенін айтып кетуім керек. Менің осындай дәрежеге жетуім сол оқу орнында алған білімімнің нәтижесі деп білемін.
Келесі сұрақ К.Новоселокқа қойылады.
2-сұрақ: Қай жерде тудыңыз, қай жерде білім алдыңыз сол туралы айтып берсеңіз?
К.Новоселов: Мен 1974 жылы Россияда Нижний Тагил қаласында дүниеге келдім.1997 жылы Москва физика-техникалық институтының (МФТИ) физикалық және кванттық электроника факультетін наноэлектроника мамандығы бойынша үздік бітірдім. Одан кейін 2 жыл Черноголовкідегі Россия ғылым академиясының микроэлектроника технологиясы институтында аспирантурада оқыдым. 1999 жылы Нидерландының ұстазым Андрей Гейм жұмыс жасайтын Неймеген Университетіне аспирантураға түстім. 2001 жылы шақыру бойынша ұстазым А.Гейммен Манчестор Университетіне ауыстық. Қазіргі уақытта Манчестор Университетінің профессоры және осы Университеттің Корольдік ғылым қоғамының мүшесімін.
1-Жүргізуші:
Әңгімеңізге көп рахмет, уақыт тауып келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Табиғаттың тылсым құпияларын ашып, ғылымға жаңалықтар әкеле беріңіздер.
2-Жүргізуші:
Осымен «Нобель сыйлығы лауреаты –физиктер» атты шарамызды аяқтаймыз, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Ұқсас тақырыптар:
- Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖИТС - ғасыр дерті»
- АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЙБЫНДЫ АЛАШ.
- Ана-өмірдің гүлі 2-сынып
- «Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы
- Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: “Темекі мен арақтан, аман болшы, балапан!”
- Сабақтың тақырыбы: «Д.А.Қонаев- ғасыр саңлағы»
- Ашық тәрбие сағаты: «Сақтықты сұңқардан үйрене отырып,өз-өзіңнің өміріңе балта шаппа»
- Ақпараттандыру – оқушылар мен оқытушылардың медиа-құзырлылығын көтеру негізі.
- Тәрбие сағаттар жинағы 1 сынып.
- Тәуелсіз елдің баласы. Тәрбие сағаты.