10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Ақпараттық технологияны сабақ процесінде қолдану (мақала).

Опубликовал zhanakurylys в 13 Январь 2012 – 18:381 пікір
Бұл мақала 1436 рет оқылды, 8 рет бүгін

Ақпараттық технологияны сабақ процесінде қолдану

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту мін-деттері көзделді.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпа-раттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақ-параттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқыту-дың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақ-ты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қорша-ған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдала-ну белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз– оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология– білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық техно-логияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипатта-ғы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әреке-тінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық техно-логияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зерт-ханалық практикум; мультимедиа-технология – жаңа материалды түсіндіру-дегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер - білім жетілдіру құралы.
Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Электронды оқулық көмегімен балалар тест жауаптарын барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне болады. Бұл балаларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен ды-быстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Элек-тронды оқулық арқылы оқушылар сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта тақырыпқа сәйкес мәліметтермен танысуға, практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындауларына болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпарат-тарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электрон-ды түрге айналдырылған.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тап-сырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім ал-ғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады.
Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін да-мытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастық-қа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу-ге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқу-лықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы бі-лім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан жақты білім алуына, іс-кер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педаго-гикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • baq пишет:

    Процесс орысша, қазақшасы үдеріс. нақ-ты нақты болу керек. Бұл сияқты майда кемшілікті болдырмауға тырыссаңыз, мақаланың сауаттылығы жоғарылайды.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.