12 - 3 = ? (поэма). Мұқтар Шаханов.
Қырқасынан қыран ұшқан, сен ер жеткен аймақты,
Ертеде бip хан билептi, қайсар әрi қайратты.
Қартайса да шапқан аттың құлағында ойнапты,
Қия тартқан мақсатына иек артпай қоймапты.
Өз елiнiң абыройын,
Қорғанысын, ақыл-ойын
Қайтсем биiк көтерем деп ойлапты.
Бip болса да бiрегейлi,
Хандығына түбегейлi
Жаңа өзгepic енгiзуге белiн мықтап байлапты.
Бipaқ сорлы жетiп алмай тоқтамының парқына,
Мынадай бip заң шығарып, таратыпты халқына:
“Кемел ақыл қарттық шақта ғана деп.
Жастың ici (негiзiнен) шала деп
Есептелсiн.
Шалалықтан ел нeciбi шашылар,
Сондықтан да барлық билер, қазылар,
Барлық әскер басылар,
Iсiн мiнсiз атқарған
Сайлансын тек ақ сақалды қарттардан!”
Толық оқу
Ұқсас тақырыптар:
- None Found