10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика

Ақпараттандыру – оқушылар мен оқытушылардың медиа-құзырлылығын көтеру негізі.

Опубликовал inust в 2 Декабрь 2011 – 20:42Пікір жоқ
Бұл мақала 2058 рет оқылды, 12 рет бүгін

Жақаев Мұқаметжан. Физика және инфорамтаика мұғалімі Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп – лицейі.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Осы тұрғыда алып қарасақ, ұлттық рухтағы әлемдік білім деңгейі талаптарына сай ұлтжанды азамат тәрбиелеу үшін әр мұғалім күнделікті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану, құзыреттілік-әрекеттілік тұрғыда оқыту, жаңаша авторлық технологиялар мен бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.

Енді білім берудегі құзырлылық тәсіл, мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы мәселесі төңірегінде нақтырақ тоқталып кетсек, қазіргі кезде педагогика мен психология саласында “құзырлылық” ұғымының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған. Ғылыми еңбектерде “құзырлылық” пен “құзыреттілік” ұғымдарына түрліше мағына беріліп жүр. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде “құзырлылық” ұғымы құзыреттілікті меңгеруші ретінде қарастырылады. “Құзыретті” сөзі французша “заңға сай”, латынша “талап қою”, ағылшынша “қабілетті” мағынасын білдіреді. Шетелдік ғалымдар құзыреттілік ұғымына білім, біліктілік, білімді тәжірибеде қолдана алу, тереңдетілген білім, кәсіби біліктілік деген сияқты түсінік береді.

Сонымен құзырлылық ұғымына мынадай анықтама беруге болады: “құзыреттілік – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилдігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер”.

Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «… өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Құзырлылық оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл ең әуелі, мектепте оқу үрдісі кезінде қалыптасады. Яғни оқытудағы құзырлылық тәсіл нәтижесі болып білім сапасының көрсеткіші бағаланады.

Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру – құзыреттілік пен әрекеттілік тұрғыда жасалған іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады.

Бүгінгі күні мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:

1. Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік – жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйені түсініп, әлеуметтік жағдайларға баға беру.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – өз халқының және әлемдік мәдениетті түсініп, рухани келісім жүргізе алу.
3. Когнитивтік құзыреттілік – зерттеушілік дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайтын өз әрекетіне талдау, қорытынды жасай алу.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – байланыстың түрлі обьектілерін қолдана отырып, түрлі әлеуметтік топта қарым-қатынас жасай алу, мемлекеттік және шет тілдерді меңгеру.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – білім мен ақпаратты ақпараттық-технологиялар көмегімен жүзеге асыра білу.
6. Әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық өмірде кәсіби бағдарын дұрыс таңдай алу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сай шешім қабылдауды қарастырады.

Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.

Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-иллюстративті технологиясы үш маңызды құраушыдан тұратыны белгілі. Олар: үйретуші, үйренуші және оқу материалы. Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті педагогикалық үрдісті айқындайтын болса, оның негізіне осы жүйедегі үш құраушының арасындағы ақпаратпен алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны жедел түрде басқара алмайды. Себебі мұндай педагогикалық жүйеде құраушылар арасындағы кері байланыс өте әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.

АКТ мынадай өзара байланысты құраушылардан тұрады: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші және оқу материалы.

Мұндай жүйеде бірнеше құраушылардың өзара әрекеті (ақпаратпен алмасу) жүзеге асырылад.

Педагогтардың АКТ пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:

- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үрдісін өзбетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде АКТ-ны кешенді пайдалану.

Ғалымдар мен зерттеушілер В.В.Семеновтың, Т.В.Васильеваның, В.В.Рубцовтың және тағы басқалардың түрлі пікірлерін зерттей келе, оқыту үрдісінде компьютер атқаратын функциялардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады:

• Үйренушілердің оқу қызметіне байланысты функциялар;
• Әлеуметтік маңызы бар функциялар.

Бірінші топқа мынадай негізгі функциялар жатады: коммуникативтік; танымдық, білімдік, құндылықты-бағдарлаушы, диагностикалық. Екінші топты мынадай маңызды функциялар құрайды: ізгіліктілік, басқарушылық, теңестірушілік, оңтайландырушылық, оңалтушылық, көңіл көтеруші-тыныштандырушылық.

Оқу үрдісіндегі компьютердің алатын орны үйретуші бағдарламаның типіне сәйкес айқындалады.

Бұл жағдайда оқыту жүйесіндегі негізгі байланыстарды ескерсек, оқу үрдісін ұйымдастыруда мынадай жоспарды басшылықа алған жөн:

 компьютерді пайдалану мақсаттарын айқындау;
 бағдарламалық жасауды (әзірлемені) сәйкесінше таңдау;
 әдістемелік көмек беретін материалдарды даярлау;
 үйренушілер топтарын ұйымдастыру.
 оқу кестесін құрастыру, компьютерді пайдалану уақытын бөлу;
 компьютердегі бақылау жұмыстарын пайдаланып немесе компьютерден тыс бақылау жүргізе отырып, тұрақты үзіліс кезеңдерінде үйренушілерге тексерулер ұйымдастырып отыру;
 енгізіліп отырған компьютерлік үйретуші бағдарламалардың табысты қолданылуын бағалап отыру;
 курс бойынша қорытынды емтихан (бақылау, курстық және т.б. жұмыстар жүргізу) алу.

АКТ пайдалана отырып өткізілетін сабақты (мейлі ол қашықтықтан оқыту болсын) әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын негізгі шарттардың бірі оқу материалын алдын ала жоспарлау, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың бағыттарын көрсету болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, АКТ қолданудың бір шарты - сабақтарды педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы өткізу үшін онымен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтардың болуы. Үйретушінің уақыты жеткілікті және жұмысты орындауға деген тілегі болған жағдайда, ол үйретуші бағдарламаның мазмұнымен тереңірек танысып, мұндай нұсқаулықтарды өзі де құра алады:

- нұсқаулық қысқа және қарапайым болуы тиіс;
-нұсқаулықтың инварианттық және вариативтік бөлімдері болуы тиіс.

Инварианттық бөлім кез келген тапсырманы орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтуы тиіс. Мысалы, талдамалы ұғымды енгізу үшін үйренуші берілген бағдарламалық құралға арналған математикалық ұғымдарды жазудың ерекшеліктерін білуі керек. Вариативтік бөлігі үйренушілерге нақты оқу жұмысы шеңберінде қажет болатын мәліметтерді ғана қамтуы тиіс.

Ғалымдар өз зерттеулерінде ақпараттық қоғам жағдайында педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру көрсеткіштерін төмендегідей анықтаған:

- білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
- ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
- ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
- ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
- ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
- ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;
- интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;
- ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.

Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл мәселе мектепке болашақ мұғалімдерді даярлаудың көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде айқындалады.

1. М.А.Ғалымжанова. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт директорының орынбасары, п.ғ.к. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары»
2. Жаңа білім беру жүйесі. Wikipedia http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа_білім_беру_жүйесі

Баяндаманың толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.