10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. 6-сынып.

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 22 Декабрь 2011 – 20:15Пікір жоқ
Бұл мақала 2547 рет оқылды, 14 рет бүгін

Шардарбекова Меруерт.
Тараз қаласы,Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия.

Сыныбы  6

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы сурет салу тәсілдерін үйрете отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін әр түрлі суреттерді, геометриялық фигураларды салу арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың  ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара көмек беруге тез ойлауға, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдістері: Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, компьютермен жұмыс істеу.

Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, карточкалар.

Сабақтың барысы:

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
  3. Сабаққа жұмылдыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Растрлық кескіндер дегеніміз не?
  2. Векторлық графика дегеніміз не?
  3. Пиксель дегеніміз не?
  4. Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
  5. Компьютерлік графика дегеніміз не?

III.Жаңа сабақ

Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп

аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop-та графикалық бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға болады. Редакциялау дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және қосымшалар енгізу. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу үшін мына команданы орындаймыз:

Пуск→ Программы→ Adobe Photoshop

Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады:

тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып –күй қатары.

Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл→Новый командасын орындап ашылған сұхбат терезеде  Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы  шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл→Сохранить командасын орындау керек.

Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.

Adobe Photoshop  бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение → Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін Меню жолынан Изображение→Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.

Paint және Adobe Photoshop бағдарламаларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

IV. Сабақты бекіту

  1. Adobe Photoshop қандай графика?
  2. Adobe Photoshop бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  1. 3. Adobe Photoshop бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз және сақтаймыз?
  2. 5. Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал бар?
  1. Бейненің масштабын қалай өзгертеміз?

V.Практикалық жұмыс

Adobe Photoshop бағдарламасында құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату т.б.

VI. Қорытындылау, бағалау

VII. Үйге тапсырма

авторы анықталды.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.