10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Таңдаулы, Қазақ тілі мен Әдебиеті

6-сынып. Орфография мен орфоэпия. Орыс сыныбындағы қазақ тілі.

Опубликовал inust в 21 Декабрь 2011 – 15:33Пікір жоқ
Бұл мақала 2154 рет оқылды, 9 рет бүгін

Бегалиева Гүлжан. Жамбыл обл. Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі

Сабақтың көрнекіліктерін және презентациясын көшіріп алыңыз

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға орфография мен орфоэпия туралы түсіндіру, олдардың ерекшеліктерін білуді меңгерту.
Қабылдау, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Талдау, ауызекі және жазба тілдерін жетілдіру. Сауатты айта және жаза білуге, еңбектене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.
Кіріспе сөз: -Балалар, бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ереше болмақ, өйткені көптеген қонақтар келіп тоыр.Бүгін сабақта біз жаңа білім ала отырып, талдау, зертеу жұмыстарын жасамақпыз. Сондықтан бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін.
Алдымен сабақтың барысымен танысып алайық.

ІІ. Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ
Дыбыстардың тиістісін қою
Оқулықпен жұмыс
Талдау – табыс кілті
Өлең мазмұнын әңгімелеп жазу

Мақал – сөздің мәйегі

- Балалар бүгінгі сабаққа сендер қандай мақсат қояр едіңдер.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Сонымен үйге не берілді?
- Үйге 328-жаттығу

Сұрақтар:
1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
2. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
3. Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
4. Кейінді ықпал дегеніміз не?
5. Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

Тест тапсырмалары.

ІІІ. Жаңа сабақты сызба арқылы түсіндіру.

5-6 слайдтар.

ІҮ. Итерактивтік тақтамен жұмыс
Көп нүктенің орнына көрсетілген әріптердің тиістісін қойып көшіру.
1. н-м: от жа..бады, шам сө..беді, бір жа..бастап жату, жа.. басына бөлгенде, кү.. батыстан жел тұру, кү..бағыс егу, шөлі қа..бау, Тұрсы..бектің кітабы.
2. н-ң: тү..гі жаңбыр, жасы тоқса..ға келу, сә..қой еді, на..ға бару, кү..ге күю, дәрігенге көрі..ген еді.
3. с-ш; з-с: жұмы..шымен сөйлесу, ба..шы болу, сө..сіз орындау, тұ..сыз тамақ , есікті аш..а, су тамы..саңшы, су шаш..а.

Оқулықпен жұмыс.

338-жаттығу. Төмендегі сөздердің айтылуы бойынша жазып шығыңдар.

Үлгі : бозша торғай - бошша тоғай

- Балалар, өздеріңе белгілі қазір жылдың көктем мезгілі. Осы мезгілде өздерің қандай өзгерістерді байқайсыңдар?

Интерактивтік тақтадағы Қ. Шаңғытбаевтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқыту. Өлеңдегі қарамен жазылған «Көктем» сөзіне сатылай комплексті фонетикалық талдау, «Нұрын» сөзіне фонологиялық талдау жасау.

Көктем айы, көктемім
Күлімдеп күмбез көкте күн
Жайқалған жасыл жапанға
Қарашы нұрын төккенін

Интерактивтік тақтадағы Б.Майлиннің өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын әңгімелеп жазу

Тамыры күн көрістің –адал еңбек,
Барлық іс еңбекпенен түгелденбек.
Еңбектің кені – мейірімді Жер – анамыз,
Бар байлық содан тарап өсіп -өнбек.

Еңбектің зор майданы – көктемгі егіс,
Егіспен гүлденеді елім тегіс,
Егісті баппен егіп мәпелесең,
Мол азық, таусылмайтын берер жеміс.

Көк жібек, балауса гүл – көктем жері,
Торғындай бет желпіген көктем желі.
Қамыстай қалың егіс жайқалғанда,
Құлпырар көктемдей боп ауыл елі.

Мақал –сөздің мәйегі

Мақал –мәтелдердегі айтылуы мен жазылуындағы айырмашылық байқалатын сөздердің транскрипциясын жазу

• Көзсіз күнелтсең де, елсіз күн көру жоқ.
• Сөздің соңы басталуынан белгілі.
• Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес.
• Қаламның ұшында найзаның күші бар.
• Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Сабақты қорытындылау
Орфография дегеніміз не?
Орфоэпия дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 337-жаттығу

Көшіріп жазып, жазылуы мен айтылуында айырмашылық байқалатын сөздердің транскрипциясын жазыңдар.

Бағалау. Бағалау парақшасы әр оқуышда болады. Оқышалар бағаларын жеке компьютердегі моиторинге енгізеді.

Білім Үй тапсырмасы 2 ұ
Түсіну Жаңа сабақ 4 ұ
Қолдану Тиісті дыбысты қой 6 ұ
Талдау Оқулықпен жұмыс 8 ұ
Жинақтау Талдау жұмыстары 10 ұ
Пайымдау Өлең мазмұнын әңгімелеу мақал –сөздің мәйегі 12 ұ

8-18 ұпай – «3»

19-29 ұпай – «4»

30-42 ұпай –«5»

 

Сабақтың көрнекіліктерін және презентациясын көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.