“Журналист” деп осыны айт!
Журналист - қызметін таңдаған мектеп өрендеріне үлгі болатын маман.
Хабар арнасынан Мирамгул Мәдәлінің «Сонымен, солай дейік» деген шоу-хабарларын үзбей қарап жүрсем де, беріліп жатқан ақпаратты ғана қараппын да сол еңбекті жасап жатқан журналистің өзін, онша бағаламаппын. Жақында осы бейне-роликті кездейсоқ қарап отырып, журналистің бар-жоғы 24-ақ жаста екенін біліп қайран қалдым. Интервью беріп жатқан Мирамгулдің сөз құрауы, сөйлемдерді нүкте, үтіріне шейін заңдылықтарын сақтай отырып тыңтарманға жеткізуі, дауыс мәнері, мимкасы мен өз тұлғасын көрсте білу шеберлігі бәрі де мені таң
қалдырды. “Журналист” деп осыны айт! деген пікірге келе отырып,
жаратушымыз бұл қызды тіл-көзден сақтасын деп тілей отырып, әріптестеріме осы роликті оқушыларыңызға көрсете жүрсеңіз, оқу-тәрбие қызметіңізге үлкен көмек болады дегім келеді.
СІз сиякты журналисттер көбейе берсін! Айтканыңызбен толық келісемін. Қазір XXI ғасыр адам жан-жакты болу керек және барлығына үлгеру керек.
Менің ойымша сіз секілді журналисттерден үлгі алу керек. Мен сіздің ойыныызбен толық келісемін. Қазақстанның телевидениясын дамыту үшін сіз секілді дара туған журналисттер керек. Менің осы сайтқа шыққан өлендерім бар. Менде оқуды бітірген соң ЖОО- на журналистика факультетіне түсіп, еліміздің көптеген патриот тілшілеріміз сияқты елге еңбегім сінген тілші болғым келеді.
Мирамгүл апай сіз сияқты адамдар көбірек болса,онда біздің қазақ тіліміз ұмытылмай одан әрі дамыйды!!!! Сондықтан сіз осы журналисттік жұмысынызды жалғастырып биік шыңдарға жетіңіз!!!! Қызыныз сізден үлгі алсын!!!!!
P.S Азырақ “Э” әріпін азырақ айтыңыз…!!!! 9 рет қайталадыңыз.
Жас болғанына қарамастан өте үлкен жетістіктерге жеткеніңіз құрметтеуге тұрарлық жайт екен.
Жалпы алсақ, сіз жүргізетін “Сонымен, солай дейік” хабарыңыз аса әйгілі емес, көрермендері шектеулі. Сол хабарда қойылатын мәселелер жалпы ештеңе шешпейді, ал адамдарды хабардар етіп жатырмыз дейтін болсаңыздар, біз сондай мәселелер бар екенін сол хабарсыз ақ білеміз. Хабар телеарнасына жаңа креативті бағдарламалар ойлап табу керек деп ойлаймын. Ал Мейрамкүл өте жақсы журналист, сөйлеу мәдениеті аса жоғары деңгейде деп есептемеймін, арасында ыыыыы деген дыбыстар жалықтырып жібереді екен.
Әлі Мейрамкүлдің табысты күндері алда, болашақта үлкен табыстарға жетуіне тілектеспін.
Жәнеде ЗАГС-та атыңызды қате жазып жібергенба? Әжептеуір қазақтың әдемі атын бұзып жіберіпті.
Мейрамгүлдің жетістіктері әлі де болса алда көп болады деп ойлаймын. Фарида айтпақшы расында да “Сонымен, солай дейік” бағдарламасы аса әйгілі емес, жас, әлі де өз көрермендерін өзіне тартатын мықты бағдарламалардың бірі болады деп сенемін. Мейрамгүлге тек саттіліктер мен шығармашылық табыс тілеймін!
мира, сен туралы пікірлердің жоғары деңгейде болғанына шын көңілмен қуанып отырмын! Бұдан да биік белестерден көріне беруіңе тілектеспін! С: сыныптас құрбың.