Геометрия-10. Векторлар тақырыбына есептер шығару7
Бұл мақала 1514 рет оқылды, 5 рет бүгін
Некесова Бағила Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: «Кеңістіктегі векторлар » тарауына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қасиеттерді, теоремаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
2.Дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін,өз бетінше жұмыстану дағдысын қалыптастыру,шығармашлықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Алға қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау,жинақтау.
Сабақтың әдісі: Білімді бекіту.
Оқыту әдісі: Сатылай- кешенді талдау.
Техникалық –құралдар мен көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тестік тапсырма, активоид құралдары.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
2) Мақсатын қою
3) Білімін тексеру
4) Есептер мен жаттығулар арқылы білімін тексеру.
5) Тестілік тапсырмалар
6) Үйге тапсырма ІҮ тарауға қосымша есептер № 98,99
7) Бағалау
1-кезең Вектор анықтамасын айту,
Коллинеар векторларды сызбадан табу.
Бағыттас,қарама-қарсы векторларды сәйкестендіру арқылы көрсету.
2-кезең Вектордың координатасына есеп.
№1 А( -2;3;6), В(3;-5;6) АВ векторының координатасын тап.
Шешуі: АВ( 3+2,-5-3,6-6) АВ (5,-8,0)
Вектор ұзындығын табуға есеп.
№2 А( 1;2;3), В( 5;2;4), С( 0;2;1), Д( 0,2,3) параллелограмның төбелері,диагональдарының ұзындығын табыңыз.
Шешуі: АС(0-1,2-2,1-3) АС(-1,0,-2) │АС│= √5
Тең векторлар сызбадан: параллелограмм, трапеция,квадрат, ромб тең векторларды ауызша атау.
3-кезең Векторларды қосу. m ( 3;2;2) ,n ( -1,2,-3) m+n векторын тап.
Шешуі: m+n(2,4,-1)
Векторларды қосу қасиеттерін айту.
Векторларды азайту. m ( 6;3;2) ,n ( 2,3;-3) m - n векторын тап.
Шешуі: m - n (4,0,5)
4-кезең 1.Векторды санға көбейтуге есептер
a ( -1;1;-4) , b( 0,-2,4) векторлары берілген. 2 а –b векторын тап.
Шешуі: 2 а –b =2a (-2,2,-8) –b (0,-2,4)= 2 а –b (-2,4,-12)
2. а векторына берілген. 2а , -3а векторын салыңыз.
3.Вектордың жіктелуін жазу. a ( -2;1;-4) , b( 0,-2,0) векторларын орттар бойынша жіктеп жаз.
Шешуі: а= -2i+j-4k , b = -2j
5-кезең 1. а (1,-5,2) және b (3,1,2) векторлары берілген. 2а +b мен 3а -2 b векторларының скаляр көбейтіндісін тап.
Шешуі: 2а+b = (5,-9,6) 3a-2b=(-3,-17,2) 2а +b *3а -2 b= 150.
2. А(0,1-1);В(1,-1,2);С(3,1,0) нүктелері берілген.АВС үшбұрышының
С бұрышының косинусын тап.
Шешуі: АС(3-0,1-1,0+1) АС( 3,0,1) │АС│= √10
ВС( 3-1,1+1,0-2) ВС (2,2,-2) │ВС│= √12
Соs C = (3,0,1)*(2,2,-2) /√10*√12 = 4/√120=√30/15
6-кезең Оқушы білімдерін сауалнама жұмыстары арқылы тексеру.
Сауалнама есептері:
1. А ( -6,3,0) нүктесі қай жазықтықта орналасқан?
А) ху жазықтығы B) уz жазықтығы C) х осінде
2. m (4,0,3) , n ( -9,2,6) векторларының абсолют шамасын тап.
А) 7;4 B) 5; 6 C) 5; 11
3. m (2,-2 ,9) векторының жіктелуін жазыңыз.
А) m= 2i-2j-9k B) m = -2i-2j+9k C) m = 2i -2j+9k
4. а (-2,5,3) мен b (1,с,-1) векторлары перпендикуляр. С саны неге тең?
А) 5 B) -1 C) -2
5. Векторлардың арасындағы бұрышты тап. Егер а (3,0-1), b( 0,3,-1) тең болса,
А) 2/10 B) -1 /10 C) 1/10
Қорытындылау. Бағалау.
Ұқсас тақырыптар:
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- 11-сынып. “ХХІ ғасыр көшбасшысы”.
- Информатика 7-сыныпқа арналған аралық тест жұмысы (дицей-гимназия).
- Информатикадан 8-сыныпқа арналған тест (жаратылыстану-математикалық бағыт).
- Информатика. 8-сыныпқа арналған аралық тест жұмысы (жаратылыстану-матемаликалық).
- 8 сынып. Информатикадан 1- тоқсанға арналған тест (гуманитарлық).
- И-9. №8. Программалау тілінің қарапайым объектілері (гуманит.бағыт).
- И-8. Компьютерлік вирустардан қорғау (ашық сабақ).
- 6-сынып. Дене тәрбиесі. Көпір жасау
- 9-сынып. Шартты оператор тақырыбына жаттығу жұмыстары.