10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

11-сынып. “ХХІ ғасыр көшбасшысы”.

Опубликовал inust в 4 Ноябрь 2011 – 15:51Пікір жоқ
Бұл мақала 2740 рет оқылды, 8 рет бүгін

Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы ШҚО, Жарма ауд. Қызылағаш орта мектебі.

Армысыздар құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойынымызға хош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымызға қатысатын ойыншыларымызбен танысып өтсек. Олар:
1. ________________________
2. ________________________
3. ________________________
4. ________________________
5. ________________________
6. ________________________

Құрметті сайыскерлер барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.

Ойынымыздың бірінші кезеңі – БӘЙГЕ деп аталады.

ШАРТЫ:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 10 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

1. Ең ұзын хорда
А) диаметр в) радиус с) кесінді А)Диаметр

2.Көбейтінді қай уақытта 0-ге тең болады ?
А)1 в)0 с)-1 В)0

3.Іле Алатауының етегінде орналасқан қала ?
а)Алматы в) Қызылорда с)Шымкент А)Алматы

4. «Қар ханымы»авторы кім?
А)Герберт Уэльс в)Андерсен С)Жюль Вернн В)Андерсен

5. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал?
А) Мадагаскар в) Гренландия С)Ява А) Мадагаскар

6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?
А) Қызғалдақ в) Раушан С) Жусан С) Жусан

7. Сақтарды «Азиялық скив »деп атаған кімдер?
А) Парсылар в) Гректер С) Ирандықтар В) Гректер

8. Қан тоқтатанын элемент
А) магний в)маргнец с)иод С) Иод

9. Картоптың отаны
а) Солт. Америка с)Еуразия в) Оңтүстік Америка В) Оңт. Америка

10. Қазақтың тұңғыш профессоры
а) С Асфандаияров в)Қ Сәтбаев с) Ы Алтынсарин А)С.Асфандаияров

Ойынымыздың екінші кезеңі – ДОДА деп аталады.

ШАРТЫ:
1.Бұл сайыста 4 ойыншыға мына экрандағы
8 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.
3. Алғашқы төрт тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.
4.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 8 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Үстеудің неше түрі бар ? (7)
2. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? (Тура толықтауыш)
3. Орфография қай елдің сөзі? (грек)
4. Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер?
(Бірыңғай мүшелер)
5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? (Диалект)

МАТЕМАТИКА
1. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең?
(Гипетенузаның жартысына тең)
2. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2-4ac)
3. У=Х2 функциясының графигі қалай аталады? (Парабола)
4. Сағаттың 60/1 бөлігі (минут)
5. 2 қатынастың теңдігі (прапорция)

ОРЫС ТІЛІ
1. Сколько в русском языке падежей (6)
2. Как называется слово или сочетание слов ,называющее лицо,к которому
обращена речь? (Обращения)
3. И шоколадка и планета (Марс)
4. Что находится между небом и землей (Саюз И)
5. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств: восторга, удивления,страха (Междометие)

БИОЛОГИЯ
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер? (Пластидтер)
2. 1892 ж темекі теңбілі вирусын алғаш ашқан орыс биологы? (Д Ивановский)
3. Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан сұйықтығын түзетін ұлпа? (Дәнекер)
4. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы
(Герпетология)
5. Тимус безі орналасады ? (Кеуде бөлімінде)

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының жарғысының авторы (Сперанский)
2. Қожа Ахмет Иассауй кесенесіндегі тай қазан қай қалада соғылған ? (Қарнақ)
3. Жеті жарғы заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді ? (Қарусыз келген адам)
4. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан? (Тоғылық - Темір)
5. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы (Жошы хан)

ГЕОГРАФИЯ
1. Сотүстік жарты шардағы ең ұзақ күн? (22 желтоқсан)
2. Қазақстанның аласа тауларын ата (Мұғалжар,Сарыарқа,Маңғыстау)
3. Қалыпты атмосфералық қысым? (760 мм)
4. Температурасы бірдей нүктені қосатын сызықтар ? (Изотерма)
5. 0 градус ендік, 0 градус бойлықта орналасқан объект (Атлант мұхиты)

ХИМИЯ
1. Зат құрамынан тұрақтылық заңын ашқан ғалым? (Пруст)
2. Молекула деген корпускула, ал атом –элемент деп есептеген ғалым.
(Ломоносов)
3. Бір элемент атомдарынан тұратын заттар (Жай заттар)
4. Кез келген заттың бір молінде қанша бөлшек болады ?Бұл қандай сан? (Авагадро саны 6,02*1023)
5. Элемент атомның, басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті (Валенттілік)

ИНФОРМАТИКА
1. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы қалай аталады? (Монитор)
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы? (Мәтіналғы)
3. Әріптік және сандық ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта)
4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады? (Интерфейс)
5. Компьютердің жұмыс істеуі үшін кемінде 3 құрылғы болса болғаны, олар қалай аталады? (Жүйелік қорап, Монитор, Пернетақта)

Ойынымыздың екінші кезеңі – ЖОРҒА деп аталады.

ШАРТЫ:
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

САЛТ-ДӘСТҮР:
10. Айтыстың ең көне түрі (БӘДІК)
20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ? (Жаңа түскен келін)
30. Өмілдірік деген не (Ер тұрман әбзелі)
40. Үш қуатты ата (ақыл, жүрек, тіл)
50. Шыралғы деген не? (Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына
қоянды немесе түлкіні байлап сүйрететін болған. Сол сүйретпені шыралғы деп атаған.

ӨНЕР:
10. «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы» Операсының авторы , 36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы. (Амадей Моцарт)

20. Артына 7 мың беттен асатын қолжазба мен қалың дәптер қалдырған. Оның жазбаларының арасынан «Құс боп ұшатын аппараттар, сүңгуір қайықтар.Өзі мата тоқитын станок. Вертолет сызбалары » ұшырасты. Арада 100 жыл өткен соң әлгі заттардың бәрі жаңадан ойлап табылды. Оның ойын іске асырғуға сол кездегі мешеу техника мүмкіндік бермеді. Оның есесіне суреттерінің тағдыры бақытты болды.Кәзір оның суреттерін қарауға сағаттар бойына кезекте тұрады ?
(Леонардо До Винчи)

30. «Қыз Жібек » фильмінің қоюшы режисері (С Қожықов)
40. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ. (Ұлытау)
50. “Одиссея “ поэмасының авторы (Гомер)

ТҰЛҒАЛАР:
10. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы (Ш Уәлиханов )
20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейханұлы)
30. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын. (Жамбыл Жабаев)
40. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
50. Миллион ” ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым? (Әл-Фараби)

ЕРКІН ТАҚЫРЫП:
10. (Фудзияма. Хонсю аралында орналасқан)
20. Робин Гуд мекендеген арал (Шервуд)
30. Қай жерден бұзылмай сақталған жирен аттың денесі табылған? (Шығыс Қазақстандағы Сақ қорғанынан)
40. Алтын адамның үстіндегі және қасындағы заттардағы пластинкалардың саны жуық мөлшермен қанша? (4 мыңнан астам)
50. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл? (20 жыл)

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҒАСЫНА сөз беріп ойын қорытындысын тыңдау, сый – сыяпаттарды табыстау.

Сабақтың болық нұсқасы “Сабақтар 2011” (11-сынып)  бетінде

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.