10 Август 2011 – 18:58 | 28 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИК ҰСТАЗДАР!
бұрынғы сайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып еді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика, Таңдаулы

Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі

Опубликовал inust в 10 Октябрь 2011 – 12:111 пікір
Бұл мақала 857 рет оқылды, 20 рет бүгін

УДК
Садирова Назира К
«Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі»
Шығыс Қазақстан Облысы
Жарма ауданы
Қалбатау ауылы
Абай атындағы мектеп-гимназия

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз: Сабақтар 2011 бет. Педагогика.

Аннотация

Аталып отырған жұмыста білім беруді ақпараттандыру туралы түсінікті және көрнекті жазыған. Сабақта компьютерлік желіні интернет ресурстарымен толықтырып отырудың өзі білім берудегі ақпараттандыру үрдісінің іс жүзіне асқанын көрсетеді. Атаулы жұмысты қарау барысында информатиканы оқытуды ақпараттандырудың жаңа бір әдісін байқауға болады. Әдістемелер қолданылған слайдта тақырыпқа сай орынды жасалған.

В данной работе ясно, четко и наглядно раскрыт вопрос информатизации образования. Описаны методы испльзования пополнения компьютерной сети ресурсами интернета, что является одним из путей в процессе информатизации образования.

Описан новй метод использования информатизации образования при изучении информатики. Слайды, использованные в работе, дополняют и раскрывают тему доклада.

It is written clear and understandable about informatizating of the education. It is also described the methods of using internet resources at the lessons, which is one of the ways in process of informatizating education. It is showed the new method of using informatizating of the education in teaching computer studying. The slides used in this work complete and show the theme of the report.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

-оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
-оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
-мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
-оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
-мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман талабы.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Мысалы 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер.

Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға компьютерлік желілер тарауын қайталап, оқушылардың білімін тексеру.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар компьютерлік желілермен еркін байланыс жасайды;
2. Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі;
3. Электрондық пошта құра алады.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.
Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану.

Сабақтың жоспары:

1. Қызығушылығын ояту.
Венн диаграммасын толтыру.

2. Мағынаны тану.
Тест тапсырмаларын орындау.

Бағалау.

Бірінші бөлімі бойынша оқушылар компьютерлік желілердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазып, кесте толтырады.

Ұқсастығы: (презентацияға қараңыз)
Айырмашылығы:

Екінші бөлімі бойынша оқушыларға үш нұсқада тест жұмыстары үлестіріледі.

Осы сабақтың соңында оқушылардың тест жұмыстары тексеріліп, бағаланады. Cұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1. Жергілікті желі дегеніміз не?
2. Жергілікті желі қандай қызмет атқарады?
3. Компьютерлер жергілікті желіге қандай құрылғылардың көмегімен біріктіріледі?
4. Жұмыс үстеліндегі қандай белгіше жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған?
5. Қандай жағдайда өзге пайдаланушыларға қалта мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріледі?
6. Желілік басып шығарғышқа қалай қосылуға болады?
7. Компьютерлік желі неше түрге бөлінеді және әр түрін сипаттаңыздар?
8. Желімен байланыс жасау түрлерін атаңдар?
9. Ауқымды желі қанша даму кезеңіне бөлінеді?
10. Желілермен жұмыс жасаудың тиімділігі қандай?
11. Элекрондық пошта неге қажет?
12. Электрондық адресті құрғанда қандай символдарды қолданады?

Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.

Нәтижесінде оқушылар тарауды жақсы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанын көруге болады. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың желілер байланысы, электрондық пошта, жалпы компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясын жақсы меңгергенін көрсетті. Бірақ оқушылар желі топологиясын, байланыстың түрлерін, ұялы байланыс жөнінде түсініктерді әлі де кең түрде қарастыруды қажет етті. Оқушылардың барлығы тестті «4», «5» деген бағаға тапсырып, білім сапасы 100 % көрсетті. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:

- қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін.

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», - деп Дистерверг айтқан болатын. Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Ал сіздің бірнеше компьютеріңіз болса, немесе қашықтағы компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

• Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
• Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
• Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
• Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
• Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
• Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
• Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова
«Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
№3-2006 жыл - М. Ғалымжанова
«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру»
2. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл) –
3. Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»
М. А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары»
4. Информатика негіздері №2-2008 жыл
Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі»
5. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз: Сабақтар 2011 бет. Педагогика.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • М.Галимжанова пишет:

    Назира осы сабактагы окушыларга берген тапсырмаларынды косып корсетсен жаксы болар еди. Енбекте табыс, жетистиктер тилеймин. Маржан Анескызы

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.