10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Оқушылар шығармашылығы

Тілек бағы

Опубликовал inust в 8 Сентябрь 2011 – 10:126 пікір
Бұл мақала 1358 рет оқылды, 18 рет бүгін

Кемелбай Бағлан.

Жамбыл обл. Шу қаласы, “Жібек Жолы”  мектеп-лицейі. 9-сынып.

Сүй  Отанды!
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да.
М. Мақатаев

Көктем. Күн жылынып,қар еріп,тоң жібіген кез.Ағаштар  бүршік жарып,күн  шуағын  шашып,жер көгерді.Жан-жануар,жәндіктер  қысқы  ұйқыдан оянып,жыл құстары оралып ұя салды.

Біз мектеп ауласына көшет отырғыздық.Үйге келдім.Кішкене демалайын деп едім,көзім ілініп,ұйқыға кетіппін…

Айналаға анық барлап қарасам, үйде  емеспін,бір зәулім сарайға тап болыппын.Терезе жаққа қарасам,ар жағында  бір жасыл желек бақша бар екен.Лезде сарайдан шығып,бақша жаққа жүре бердім.Бақшаға жақындасам, алтынмен көмкерілген қақпа тұр.Жай қақпа емес, таңғалдыратын  қақпа.Қақпаның бетінде адамның алақаны көмкеріліп,қашап суреттелген.Осы таңбаға алақанымды қойдым.Қақпа есігі ашылып,«бері кір» деп мені шақырғандай болды.Қоңыр салқын сұлу бақша мені бір еркін демалысқа,сұлу сезімге шақырып,күтіп тұрғандай.Бақ сағат сайын жанданып,ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан секілді.

Мен  осы  бақша  сарайына  кірдім  де  жүре  бердім.Бақшадағы  қыздай  майысқан  тал  шыбықтар ,жердің көркін алып жатқан әртүрлі гүлдер «Қош келдің,біздің қиял ғажайып бағымызға» деп сыбдыр қаққандай.Бақтың ішінде қаумалап өскен жеміс-жидектер,маңында сылдыр қағып аққан мөлдір өзен бар.Бірақ,бір жалғыз жерде жеке өсіп тұрған үлкен ағашбар екен.Барлық ағаштар жеміс салып тұрғанда,бұл ағаш әлі гүлдеп тұр.Гүлдері өзгеше,түстері де біркелкі емес,неше түрлі бояуға бояп қойғандай.Осы ағашқа қарап тұрғанымда,құлағыма бір адамның келе жатқан дыбысы естілді.Не істерімді білмей сасып қалдым.Бойымда қорқыныш үрейі пайда болды.Лезде жүгіріп үлкен ағаштың артына тығылып қалдым.Орташалау бойлы,басында жаздық қалпағы бар,қолында кетпен ұстаған кісі келе жатыр.Қарт адам екен.Тығылып тұрғаным жарамас деп,алдыға қарай жүрдім.

-Саламатсыз ба,ата.

-Саламатпа,балам,-деп жауап қайырды да, біраз тұрып сөзін жалғастырды.-Қайдан жүрсің? Өзің кім боласың? Бұл жерге қалай келдің?- деп сұрақтың астынан алды.

Ата бұл бақта көп жылдан тұрып енле жатқан,бақтың күтушісі екен.Бағбан кісіге бар шындықты айттым.Бағбан кісінің көңілі жайнап сала берді.

-Осы тұрған ағаш қана гүлдеп тұр,ал қалған ағаштар жеміс салып,пісіп тұр.Бұның себебі қалай?-деп сұрадым.

-Иә,дәл солай.Бұл бақта мен бұрыннан тұрып келе жатырмын.Баққа басқа адамзат аяқ басып келген жоқ.Менің де арғы ата-бабаларым осы жерде тұрып,бақты күткен еді.Қазір бұл бақ маған аманат.Аталарымнан естігенімді айтып берейін,-деп сөзін жалғастырды.-Бұл ағаш-киелі және сиқырлы ағаш.Ағаш тұқымы еш жерде кездеспейді.Атам тұқымды алып келе жатып,сиқырлы суға түсіріп алған.Содан бері бұл ағаш өсіп-өніп,қысы-жазы гүлдеп,ешқашан жеміс салмай,мәңгілік жасайды екен.

-Ата,сіздің арқаңызда бұл ағаштың мағынасын түсіндім.

-Ендеше,мен саған өзімнің аталық батамды берейін.Сен де осы ағаш секілді өркендеп өсе бер.Өзің және сенәі отандастарын қандай боп өссеңдер,Қазақстанның болашағы сондай болмақ! Осы ағаштың бір гүлін алып,өз үш тілегіңді айт.Тілегің орындалар.

Мен барып бір үзім гүлді жұлып,ойымдағы тілегімді айттым.

-Бірінші тілегім-Қазақстанымыз көркейіп,өсе берсе екен.Екінші тілегім-барлық ел адамзаттары тату-тәтті өмір сүрсе екен деймін.Үшінші тілегім-мына тамаша бақ бүкіл елдің игілігі болса екен.

-Балам,тілектерің жақсы екен.Тілектерің орындалады деп сенем.Көріскенше сау боп тұр!-деп ата сөзін аяқтаған соң,үйге қалай келгенімді білмей қалдым.

-Тұр,қызым,тұр,айналайын!-деген дауыстан ояндым.Алдымда күлімдеп анам тұр.

-Түсім екен ғой.Қандай ғажап түс! Қуанғанымнан анамды құшақтай алдым.

Мен көпке дейін түсімді ұмытпай,қуанышты сезімде жүрдім.Түсімнің орындалуын іштей қаладым.

Ұқсас тақырыптар:

6 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.