10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасау. Саяхат-сабақ

Опубликовал inust в 24 Сентябрь 2011 – 09:30Пікір жоқ
Бұл мақала 2057 рет оқылды, 8 рет бүгін

Кожакова Үміт

Атырау қаласы №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.

Саяхат-сабақ

Мақсаты:
Білімділігі:суреттерді(көшіру,орынын ауыстыру,көлеңкесін алу,айналдыру,сығу және кетіру) операцияларымен жұмысты бекіту
Тәрбиелілігі:суреттерді салу арқылы сабақта эстетикалық талғам
Дамытушылығы:ойлауын, есте сақтауын, шығармашылығы
Оқушылар білуі керек:
Графикалық редактор paint-тың іске қосылуын.
Меню жолын, саймандар тақтасын
Оқушылар жасай білуі керек:
Құру,суреттерді пайдалана отырып өзгертуді,графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалануды
Құрал жабдықтар: компьютерлік класс, интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру:Сәлемдесу,түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру(сұрақтар арқылы)

ІІІ.Жаңа сабақ

Оқушылар бүгін біздер paint графикалық редакторы әлеміне қазақтың ойларын салуға аттанамыз

Станция. Порт

Корабльге отыру үшін бізге не керек, әрине билетіміз болуы керек.Билет алу үшін кезекпен сұрақтарға жауап береміз.Сыныбымызда 12 оқушы болғандықтан 12-сұрақ қойылады.

Сұрақтар:

1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосады?
2. Графикалық редактордың қандай құрал-саймандарын білесіңдер?
3. Суреттерді қалай сақтайды?
4. Сақталған суреттерді қалай ашуға болады?
5. Салынған суреттің белгілі бір үзігін көшіру үшін қандай операцияны орындаймыз?
6. Суреттің орынын ауыстыру үшін не істейміз?
7. Салынған суреттің кішірейген көшірмесін алу үшін?
8. Суретті жою үшін қандай әрекет жасаймыз?
9. Бейнені бұру және кескінін алу үшін …..
10. Бейнені созу,құлату үшін…..
11. Бейнені үлкейтіп көру үшін….
12. Суреттің астына мәтін жазу үшін….

Енді бәріміз бірдей қолымыздағы билеттерімізді көтере қояйық

Олай болса біздің саяхатымыз басталады

Қолданбалы және сән-безендіру өнерінде оюлар үлкен роль атқарады.Ою-ол өрнек,архитектурада қандайда бір элементтерді безендіруге пайдаланылады.Бірақ оюды өрнекпен шатастырумауымыз керек:барлық өрнекті ою деп атауға болмайды.Өрнекті табиғатта сала алады мысалы:жапырақтың,гүлдің,аяздың терезеге салған өрнектері.Өрнекте сызықтар,пішіндер,түстер көбіне симметриялы болғанымен белгілі бір тәртіп бойынша құйылмайды.Ал оюлар керісінше-графикада,сәулет өнерінде,мүсіндеуде элементтер қатал ереже бойынша симметриялы түрде салынады.

Ою сөзі латын тілінен(ornamentum) аударғанда «безендіру» деген мағынан білдіреді.Безендірулер алу үшін біздер теңіздегі әрбір қиындықтарды жеңе білуіміз керек.

Қазба-байлықтар аралына аттанамыз

Енді сендерге қазба байлықтар аралының дайындаған тапсырмасын берейін.Аралдағы тығылған байлықтарға жету үшін алдарыңыздағы картада байлықтарға апаратын жолды сонымен қатар аралдың атын таба аласыздар.

Тапсырма:

Бірінші бағанда оюлардың түрлері берілген сіздер екінші бағандағы олардың анықтамасын сәйкестендіресіздер.Картадан сурет шығару үшін нүктелерді тізбектеп қосуларыңыз керек.Тапқандарыңыз аралдың кілтін аласыздар.

1 2 3 4 5 6 7 8
А
Б
В
Г
Д
Е

Сіздер алдымен 1 бағандағы түсініктерді 2 бағанмен сәйкестендіру сызықтары арқылы қосасыздар

№1 №2

  1. өсімдік тәріздес

 

  1. аң тәріздес

 

  1. геометрилық

 

  1. геральдикалық

 

  1. адам тұлғасы тәріздес
Е6 Ер адам және әйел тұлғасынан немесе жартылай тұлғадан тұрады. Көбіне орыс тігістерінде пайдаланылады.

В4 Бұл оюға  әр түрлі үйлесіммен тіке және қисық сызықтар қолданылады.

А2 Бұл ою тігу және тоқуда басты образ ретінде белгілі.Ертегідегідей ой қиялдар мен шындықты бейнелейді.

А6 Бұл үшін символдық белгісі бар заттар қолданылады.мыс:фирмалық белгілер,гербтар т.б

Е2 Египетте пайда болып ежелгі Грецияда кеңінен қолданылды.Мұндағы басты элементтер гүлдер,бұтақтар,жапырақтар

Бұл конкурстың қорытындысы төмендегідей болуы қажет:

М әрпі

1 2 3 4 5 6 7 8
А Х Х
Б
В Х
Г
Д
Е Х Х

-Енді біздің саяхатымыз МАТЕМАТИКА елінде жалғасады.

Математикалық тұрғыдан қарағанда ою деген не?Оны білу үшін математика аралына сапар шегеміз.

МАТЕМАТИКА аралы:

Ою барлық өнердің ішіндегі ең жүйелісі және жинақтысы болып табылады.Оның басты айырмашылығы пішінді салу кезінде математикалық жағынан дәлдігі.Оюдың өрнектері ереже бойынша симметрия заңына сәйкес тұрғызылады.Тіпті қарапайым суреттің өзінен немесе түстердің дақтарынан өте әдемі өрнекті тұрғызуға болады.Ол үшін берілген кескінді симметрия заңына сүйене отырып бірнеше рет көшірмесін орналастыру керек.

Симметрия деп—бірдей өлшемділікті,бір типтілігін, ұқсастығын,екі бөліктің белгілі бір ретпен орналасып біріктірілуін айтады.

Symmetria(грек)тілінен аударғанда-үйлесімділік деген мағынаны береді.Кең көлемде айтатын болсақ –инварианттық, құрылымның өзгеріссіздігі,өзіне тән қасиетін айтады.

Геометрияда фигуралардың құрылымын айтуға болады.мысалы:берілген түзуге екі нүкте перпендикуляр орналасқан, осы нүктелерден түзуге дейінгі ара қашықтық осы түзуге симметриялы болады.

Симметрияның екі түрі болады осьтік және центрлік:

Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе,онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады

О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады.

Тапсырма: Берілген оюлардың симметрияның қандай типіне жататындығын анықтап, өздеріңіз таңдаған оюларды қазір салуларыңызды сұраймын

Балалар, біздер осы аралды ҚИЯЛ,ӘДЕМІЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ аралы десек артық болмас еді. Суреттерің арқылы сіздердің шығармашылық қабілеттеріңізді байқаймыз

Үйге тапсырма paint графикалық редакторындағы дайын суретті оюлар арқылы безендіру

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.