10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Математика, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар, Физика

Математика, информатика, физика апталығына арналған қорытынды кеш.

Опубликовал inust в 14 Сентябрь 2011 – 15:26Пікір жоқ
Бұл мақала 7060 рет оқылды, 35 рет бүгін

Самал Мажитова.

Солтүстік Қазақстан Облысы.

Павлодар қаласы.

Информатика пәнінің мұғалімі және мектеп директоры.

1- Жүргізуші 

-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып

2- Жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билап барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші

Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.

ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.

«Информатиктер» тобы!

Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене
Бәріңіз  маған  қараңыз!
Ойынымызды  бастайық
Алуан  түрлі  ойларды
Ортамызға  тастайық.
Информатика  пәнінен
Көрсетіп  біздер  батырлық
Ой  толғалық  жүйелі
Таңдайымызға  татырлық 

«Физиктер» тобы

Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.

«Математиктер» тобы

Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Музыкалық номер: «Математика»- Марданова Мадина, Мақсұтова Мөлдір. Математикалық ертегі:

Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты.  Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт.  Сонда:

- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен  сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі есептерді шығарады

Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 

Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.

1 – жүргізуші:

Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.

2-жүргізуші:Көрініс: Ньютон туралыӘн шашау:

ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

2-жүргізуші 

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.

Үшбұрыш:

Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.

Төртбұрыш:

Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.

Тіктөртбұрыш

Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.

Параллелограмм

Қарам-ақарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!

Ромб

Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.

Трапеция

Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.

1- жүргізуші;  Көрініс: «Арифметикалық орта»
Екі оқушы қатысады.

Қыз: Сен не ойлап тұрсың?

Ұл: Сен білесің бе менің не ойлағанымды.  Арифметикалық орта математиктердің керемет жетістіктері емес пе? Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «5» алдың, ал мен «1» алдым. Егер бағаларды қосып, «3»-ке бқлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын арифметикалық орта!

Қыз: Бірақ, өзің әуелі менен сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе?

Ұл: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек, екемізде  мектепке дәл уақытында келдік.  Керемет емес пе?

Қыз: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақшы беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.

Ұл: Ақша берген.

Қыз: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.

Қыз: Мен тез оралды. Саған кеды әкелдім.

Ұл: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?

Қыз: Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і  размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?

2-жүргізуші: әМатематика» әні  Марданова Мадина мен Мақсұтова Мөлдірдің орындауында қыбыл алыңыздар

МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстзады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен қрнек,  теңдеу мен бқлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

1-жүргізуші:

Білімдіден  шығады  алғыр,   шешен,
Шешендіктен  болған  ғой  барлық көсем.
Сайра  шәкірт, суырыл , шарықташы,
Ќалмасыншы  бұл  кеште  сенің  есең.

2-Жүргізуші

Құрметті оқушылар! Ортаға мектебіміздің көңілді жігіттер тобының математика, физика, информатика пәндері  туралы  көңілді көрічстерін тамашалайық.

  • Информатик ағайдың жиында берген батасы:

Ортаға бір топ  оқушы шығады.  Дөңгеленіп отыра калады.  Ішінен біреуі сурылып шығып:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
-  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER!

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.