Білгір. Интеллектуалдық ойын. 3-сынып.
Мұғалім: Мадибаева Динара Қуандыққызы
Қызылағаш орта мектебі
Мақсаты:
1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі: Тақырып, магнитті тақта, сайыс аттары, сыйлықтары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды ұйымдастыру. Әнұран айту.
2. Кіріспе сөз: Бүгін 3 а сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең білгір оқушысын анықтамақпыз.
Жас жүректе жанған шақ
Талаптың аты арындап
Әр қиямға салған шақ
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.
Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Өжет қыз – Аралбаева Гүлдария
Өнерлі қыз – Сағымбай Мейрамгүл
Қайсар ұл – Қалымбеков Ерсұлтан
Салмақты қыз – Жеңісғожинова Дария
Ерке қыз – Габдулкаримова Көркем
Биязы қыз – Төлеубекова Айгерім
Жүйрік ұл – Қордыбаев Әділ
Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау жасайды. Әділқазы мүшелері: Мұқыжанова А, Исбаева Қ.Д, Қайранов Е.А
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме
Жолама шақырса да, қасына ерме
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға
І кезең «Бәйге»
Шарты: Мен әр оқушыға 2 сұрақтан қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
- Республика күні? (25 қазан)
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т.Мұсабаев)
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
- 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
- Негізгі нота сызығында орналасқан кілт қалай аталады? (скрипка кілт)
- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
- Біздің мектеп директоры? (Садуақасов Ж.Т)
- Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
- Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
- Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
- Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
ІІ кезең «Тіл өнері»
Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша. 1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар - 10 ұпай.
1. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар)
2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз)
3. Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз)
4. Қалқиып 2 құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян)
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық)
6. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
7. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл)
8. Жеп көріп ем өзім мен
Жас шығарды көзімнен (пияз)
9. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды (ағаш)
10.Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық)
11.Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік)
12.Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі)
13.Желден желігеді
Судан шегінеді (от)
14.Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»
Біздің сайысымызда 4 негізгі пән ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Бұл түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл - Қабанбай)
15. «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
IV кезең «Сөз шебері»
Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң
Шарты: әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беруі керек. Әділқазы ұпай саны аз 2 ойыншыны атайды. Олармен де қоштасуға сәт туды. Ешқашан мойымаңдар, Қайса болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс алма – кезек болады.
V кезең «Жорға»
Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.
1. Қыс айларын ата?
2. Қазақ алфавитінде неше сұрақ?
3. Нота сызығындағы ноталарды ата?
4. Күй атасы кім?
5. Суретші ата?
6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
7. 6 х 9 =
8. 4 түлікті ата?
9. Біздің облысымызды ата?
10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды?
11. Біздің ауылдың әкімі кім?
12. «Менің атым Қожа» - ны кім жазды?
13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?
14. Зиянды заттарды ата?
15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.
Білікті бірді
Білімді мыңды жығады
- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау
Ұқсас тақырыптар:
- Инф-8 «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу».
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- “Наурыз - думан”
- Авторлық бағдарлама «ТАҒЫЛЫМ»
- Сабақтар көшіру-2009.
- Қош келдің,Наурыз!
- Сабақтар көшіру-2011
- Файлдар көшіру
- Мұғалім портфолиосы туралы түсінік
- Имя числительное как часть речи. 7 класс.