10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Таңдаулы, Ұстаздар шығармашылығы

Авторлық бағдарлама «ТАҒЫЛЫМ»

Опубликовал Ризагул Байганат в 19 Сентябрь 2011 – 10:06Пікір жоқ
Бұл мақала 7354 рет оқылды, 30 рет бүгін

Ризагүл  Байғанатқызы
Ақмола  облысы Астрахан  ауданы Жалтыр №2  орта  мектебі математика – информатика пәнінің  мұғалімі

(1-11 сыныптарға  арналған  тәрбие  жүйесінің  бағдарламасы)

«ТАҒЫЛЫМ»
Авторлық  бағдарлама

Алғы  сөз

Отбасы ошақтың үш тағаны  сияқты үш тіреуден түратыны белгілі. Олар әке, ана, бала. Осылардың бірлігі отбасының берекесі. Отбасы қоғамның іргетасы. Мемлекетіміздің мықты болуы осы іргетасқа тікелей байланысты. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата- ананың орны бөлек. Туындаған тәлім- тәрбиедегі жарасылымдылық мектеп пен ата- ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата- анаға, құрбы – құрбастарына, олардың күнделікті іс- әректіне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т. б. қасиеттеріне байланысты. Халық “Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Ата- ана балаға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәкес жас өспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін  жүзеге асыру- педагогикалық ұжымның басты міндеті. Сондықтан ұстаз ретінде, осы қоғамның жанашыр бір мүшесі ретінде ұрпақ тәрбиесін дамытудың жолын іздестіріп өз бағдарламамды ұсынамын.

Тәрбие  жүйесінің  бағдарламасы

ЖОСПАР:

  1. Тәрбиенің  мақсат – міндеттері
  2. Тәрбие  жүйесі
  3. Тәрбие жүйесінің  бағыттары
  4. Тәрбие  жүйесін  іске  асыру  жолдары
  5. Жаңа  педтехнология  тәрбие  ісінде
  6. Тәрбие  түрлері
  7. Тәрбие  сағаттарының  бағыттары
  8. Ата – аналармен  байланыс
  9. Күтілетін нәтижелер
  10. Бағдарлама  негізінде  күтілетін  нәтижелер:
  11. «Жеке тұлға» даярлаудағы оқушы бейнесі
  12. Қорытынды
  13. Қосымшалар

Бал-дәурен   балалық  шақ,  жаңа  отырғызылған  өрімтал  ағаш  сияқты  нәрлі  қорек  пен  аялы  алақанның  жылуын  сезініп,  аналық  мейірім  мен  әкелік  қамқорлықтың  таусылмас  аясында  өрбіп - өсіп,  тәрбиеленуі  тиіс.

Қазақ  халқының  тәрбие  тағылымы,  ізет  пен  әдептен  және  инабат  пен  парасаттылықтан  басталатыны  белгілі.  Бала  тәрбиесі - ана  сүтінен  басталып,  біреудің  біреуге  ықпалы  арқылы  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы  бастамасын  отбасында  алса,  жалғасы  мектеппен  байланысады.

Мектеп – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттік жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін құру керек.

Ал  “мектептің  тәрбие  жүйесі”  дегеніміз  не?  “Мектептің  тәрбие  жүйесі  педагогикада  кең  ұғымды  білдіреді.  “Тәрбие  жұмысының  жүйесі”  дегеніміз – мектептегі,  сыныптан  және  мектептен  тыс  жүргізілетін  тәрбие  жұмысы,  өткізілетін  іс-шаралар. Сондай-ақ ол – белгілі  бір  тұтас  педагогикалық  кешен,  бір  бағыттағы  тәрбиенің  мақсаты,  өзара  қарым – қатынас  орталығы  анықталған,  тиімді  тәрбиенің  бірнеше  бөліктерінен  тұратын  үрдіс. Бұл  үшін  ең   алдымен  “ мектептің  жан  дүниесін”,  яғни  “мектептің  тұжырымдамасын”  жасау  керек.

Білім  беру  ісінде  ұстаз   басты  әрі  шешуші  тұлға.  Ұстаздың  білімділігі,  абырой – беделі  оның  шәкіртінен  көрінеді.  “Шәкірттің  жақсы  болмағы,  ұстазынан”  деп  халық  тегін  айтпаған.  Ұстаз  ұғымы – мағынасы  кең, мәні  тереі,  тарихи  ұғым. Адамзат  баласының  дамуында  білімнің  қажеттілігі  сол  білімді  таратушы, жеткізуші  ұстаздың  қажеттілігімен  бірдей  маңызға  ие  болған.

Ұстаз  өз  шәкіртінен  саналы  да  білімді,  парасатты  тұлға  жасайды.  Белгілі  ағартушы,  қазақ  әдебиетінің  ірі  өкілі  Жүсіпбек  Аймауытов  ұстаз  қызметін былай  сипаттайды: “ Балаларға  сабақ  берумен,  білім  үйретумен  мұғалімнің  қызметін  үгіттеуге  міндетті,  басқаша  айтқанда,  мұғалім  қарапайым  қызметкер  емес,  ол – шәкірттерінің  алдағы  өмірін,  бір  күндерде  зарығатын,  қауіп-қатерге  ұшырайтын  өмірін  көз  алдына  келтіріп,  өз  басынан  кешірген  тәжірибесіне  таянып,  оларға  келешекте  жазатайым  аяғын  шалыс  басып,  өмірден  соққы  жеп,  өкінбеске  күні  бұрын  сақтантыратын  қорғаушысы,  қамқоры”.   Демек,  мен  ұстаз  ретінде

осы  тұжырым  мен  кестеге  қарап,  тәрбие  жүйесіне мынадай  мақсат  қойдым:

Тәрбие  жүйесінің    тақырыбы:

“Қазіргі  заман  мектебі сынып жетекшісінің  қызмет  ету  жүйесі”

Менің  өзекті  тақырыбым:

«Құзыреттілік  тәрбие негізінде оқушыларды  өзінің және қоғамның  мүддесінде өзін -өзі  белсенді  етуге дайын, бәсекеге қабілетті болуға  тәрбиелеу»

Педагогикалық  ұстанымым:

Жеке  тұлғаны  табу,       оған  жетекшілік  ету. Ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін   Азамат тәрбиелеу.

Мақсатым:

Өзінің  және  қоғамның  мүддесінде  өзін-өзі  белсенді  етуге  дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі  ортада  өмір  сүруге  бейім, бәсекеге  қабілетті және  құзіретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру.

«Тағылым»  тәрбие  жүйесінің  бағдарламасы

Тәрбие бағыттары  

Тәрбие  мақсаттары

 

Тәрбие міндеттері

 

Тәрбие  мазмұны

Тақырыбы: “Ұлттық  тәрбие – рухани  байлық”
Ұлттық  тәрбие  негізі  (1-4 сыныптар) Ұлт  алдындағы  үлкен  парызды  терең  түсіндіру -Ұлт  мүддесін  терең  түсінуге  үйрету; 

-Ізденісті  мұрат  еткен  ұлттық  өркениеттің  ең  басты  күш  екенін  сезінуге баулу

-Ұлттық  рухани  көзқарасы  қалыптасады; 

-Ұлтжандылыққа  тәрбиеленеді;

Ұлттық  тарихи  шежірені, салт-дәстүрді  терең  меңгереді.

Тақырыбы:  «Өзіңді  танығаның-бүкіл ғаламды  танығаның»
Өзін-өзі тану  

(5,  6 сыныптар)

Дүниені  танып  білуге  деген  сыни  көзқарастарын  дамыту - өз-өзіне  сын   көзбен қарауға үйрету; 

- рухани  байлықтарын  дамыту.

- Балалардың  дүниетанымы  кеңейеді; 

- қиялын дамыту  арқылы «менің  ойымша» деген жауапқа  дағдыланады

- еркін сөйлеуге  үйренеді;

- басқаларды  тыңдауға үйренеді

Тақырыбы:  «Құндылық  ұғымы  және  мен»
Құндылық 

(7,  8 сыныптар)

Ғылыми  негізделген  көзқарас  қалыптастыру -дүниетанымдық  көзқарасын өзгерте алуға баулу 

- рухани байлықтарын дамыту

- Іскерлік  дағдылары  қалыптасады; 

- практикалық  іс-әрекетте  болады

- қарым-қатынас мәдениеті  болады

- ортақ  идеяға  келеді.

Тақырыбы:  «Жеке  тұлға  және  қоғам»
Құзырлылық 

(9-11 сыныптар)

Ашық  қоғамда  өмір  сүретін  жеке  тұлғаны  дамыту -         Шығармашылық жұмыс  істеуге  дағдыландыру 

-         салауатты  өмір салтына  бейімдеу

-         Шығармашылық  тұлға  қалыптасады; 

-         Тәуелсіздік, еркіндік қасиеттері қалыптасады;

-         Көшбасшылық ақыл-ой қабілеті қалыптасады.

Заңғар  жазушы  Мұхтар  Әуезовтың  “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім”, - деп атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттікке  жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен  сусындаған ұрпақ қана  болашақты гүлдендіреді. Ата – бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны  қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту – мектептің міндеті.  Осы міндетті орындау барысында “Білім туралы”  заңға сүйенеміз. “Білім туралы” заң- білім беру саласындағықоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндағы ендігі міндет – білім беру ұйымдары, мектептер, негізгі тұлға педагогтар, шәкірттер ата- аналар, бүкіл жұртшылық заңды өмір жүзіне асыру, оның талаптарын орындау үшін еңбек етуі керек.

“Тәуелсіздік елдің ұлы- өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман”, осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал  тарих  шежіресі  қаншалықты  бай  болса,  ұлттық  тәрбиенің  соншалықты  құнды  болатындығы  мәлім.  Сондықтан  да   “Бала тәрбиесі” қашанда  киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі. Ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Егемен елдің келешегі- кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты  болғандықтан  бастауыш  сыныптағы  тәрбие  бағытын  “Ұлттық  тәрбие – рухани  байлық” деп  алдым.

Қазіргі  мектеп  оқушыларға  құбылмалы  әлемге  бейімделуге,  өзін  жеке  өмірінде,  болашақ  кәсіптік  әрекетінде    танытуға  мүмкіндік  беретін  радикалды  өзгерістерді  талап  етеді.  Сондықтан да  5,6  сыныптардағы  тәрбие  бағытының  тақырыбын “Өзіңді  танығаның – бүкіл  ғаламды  танығаның” деп   алып,  қоғамдық  жаңарулар  тұсында  жас  ұрпаққа  саналы  тәрбие,  сапалы  білім  беруге  бағыттадым.

Ғылым  мен  білімнің  тылсымдарын  меңгеру,  өнер  мен  мәдениет  өріне  өрмелеу  өскелең  жастың  тұғырнамасына  айналса,  оған  апарар  жол  тек  қана  жоғары  дәрежелі  тәрбиелік  пен  мәдениеттілік  екені  даусыз.  Қазақ  халқының  тәрбие  тағылымы,  ізеттілік  пен  әдептілік  тәрбиесіне  аса  ыждағаттылықпен  әрі  үлкен  жауапкершілікпен  қарап,  жас  жеткіншектің  ізетті  әрі  әдепті,  инабатты  әрі  парасатты,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсететін,  ақылмен  сөз  астарын  түсініп,  ойлы  да  ұтымды  жауап  бере  алатын,  өз  халқына  қызмет  қылуды  риясыз  мұрат  тұтқан,  егеменді  елдің  азаматын  тәрбиелеу  болмақ.  Срндықтан   да  7 – 8  сыныптардағы  тәрбие  жүйесінің  бағытын  “Құндылық  ұғымы  және  мен” деп  алып,  оқушылардың  ғылыми  негізделген  көзқарасын  қалыптастыруға  бағыттадым.

Қазақстан  қоғамының  қазіргі  геосаяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайы,  әлемдік  білім  негізіне  кірігуі  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  жүйесі  жаңаруды,  білім  мен  тәрбие  жүйесі  мақсаттарын  қайта  қарауды  талап  етіп  отыр.  Сондықтан  да  9 – 11 сыныптарда  тәрбие  жүйесінің  бағытын  “Жеке  тұлға  және  қоғам”  деп  алып, тұлғаның  біртұтас  көзқарасын,  өзін-өзі  анықтауын  қалыптастыруға,  тұлғаның  өзін - өзі  ұйымдастыру  тетіктерін,  кәсіби  және  танымдық  ой – пікірлерінің   туындауына,  теориялық  ойлау  тәсілдері  мен  ғылыми  таным  әдістерін  игеруіне  ықпал  ететін  тәрбие  әрекетін  ұйымдастыруға  бағыттадым.

“Біз өзіміздің  болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді,  осыны айқындап алатын уақыт жетті”, - деп көрсетілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық  бағдарламасында. Ендеше еліміздің  ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы- жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру шарт.

Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды- ұлттық рухты жалғастырады, ұлт бірлігін, басқа ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетін, салт – сана, дәстүрлерін  насихаттау арқылы дәнекерлейді.

Отан сүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақтың ғана емес, әрбір қазақстандықтың бойына  дарыту бағытында жұмыс жасауымыз керек. Сол уақытта біздің халық тамырын  тереңге жаяды, әлемдік өркениетте алдыңғы орында болады.  Оған Н. Ә. Назарбаевтың “Болашақта Қазақстан азаматтары деңгейіне көтеріледі, сөйте тұра олар өздерінің жедел дамып келе жатқан,  күллі әлемге әйгілі де қадірлі бейбіт елдің патриоттары болып қалады”, - деген пікірі дәлел.

(1 қосымшаны қараңыз)

(Тәрбие бағытындағы шығармашылық жұмыстарымды негіз етемін)

Бағдарлама  негізінде  күтілетін  нәтижелер:

  1. Баланың  өзін  тануға  жолдама  алуы.
  2. Өзіндік  пікір, сигналды  ойдың  қалыптасуы.
  3. Тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы  қарым-қатынастың  жоғары деңгейде  болуы.
  4. Оқушының  дүниетанымының, сахналық  шеберлігінің  артуы.
  5. Оқушының  сапалы  білімнің, саналы  тәрбиенің  қажеттілігін  сезінуі.
  6. Қоғамды  танып  білудің, сыртқы  ортамен  байланысының  алға  басуы.
  7. Ең  бастысы - өзіне  деген  сенімнің  артуы, Абай  тілімен  айтқанда,  «болмаса  да  ұқсап  бағуға  тырысу»

Қорытынды:

«Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі: жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа  мазмұндағы  оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары Республика ғылымдары  мен көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының назарында. Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың  рухани –адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлары: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмде, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды  ұйымдастыруда  мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн.

Иә, осылай деп қарастырсақ та тәрбие көзі отбасынан қаланатыны шындық емес пе? Ендеше қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан  басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер  негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар  арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған.

Ал   ұстаздар  қауымына  ең  бастысы, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты  болуды, азаматтық белсенділігін көрсетуді, саяси  жүйені түсінуді, болып жатқан  әлеуметтік жағдайларға баға  бере білуді  қалыптастыру  бағытында  еңбектенуді қажет  етеді.

Қосымша  1

Тақырыбы:  «АҚЫЛ,  ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»

Мақсаты:

Оқушыларды  өмірдің  негізгі  құндылығымен  таныстыра  отырып,  олардың  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруға  көмектесу.

Міндеттері:

а)  Оқушылардың  өзінің  талғамын  анықтау  үшін  жағымды,  жағымсыз  қасиеттерін  зерттеуге  ұмтылады;
ә)  Өз  кемшіліктерін  өзі  реттеп, өзін-өзі  тәрбиелеуге  талпынады.
б) Парасатты, сауатты  да  қарым-қатынас  мәдениетін  үйренген  азамат  қоғамның  құнды  тұлғасы  екендігіне  көз  жеткізеді.

Әдісі: Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  элементтері, «Түс тану», «Галереяда  ой  шарлау»

Көрнекілігі: интерактивті  тақта, плакатта    жазылған оқушылардың  жұмысы, нақыл  сөздер, галереяда  ой  шарлау  парағы, түйінді  сөздер  жазуға  арналған  таратпа  қағаздар.

І  Ой  қозғау. «Түс  тану»

  1. Қай  түспен  жазар  едің?

(Оқушылар  әуелі  түс  таңдайды,  сосын ол түсті  неге  таңдағанын  түсіндіріп  береді)

Мысалы, жасыл – жастықтың  түсі, қызыл – ашық, сигналды  түс,  көк – Отанның  символдық  түсі,  сары – күннің  шуағы.

Оқушыларға  тапсырма:

Берілген  «АҚЫЛ,  ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»  сөздерін  таңдаған  түстеріңмен  жазыңдар№

  1. Оқушылар  өз  ойларын  ортаға  салғаннан  кейін,  оны  мұғалім  қорытындылап, топқа  бөледі.

ІІ  Мағынаны  тану «Галереяда  ой  шарлау»

  1. Сынып  үш  топқа  бөлінеді  де,  әр  топ  берілген  сөздердің  бірін  таңдап  алады. (ақыл, ғылым, бақыт)
  2. Плакаттың  ортасында  басты  мәселе – проблема  жазылады,  топтағы  оқушылар  өздеріне  бір  бұрышын  бөліп  алады  да,  сол  мәселенің  шешу  жолдарын  жазады - өз  ойын  білдіреді.
  3. Әр  топтың  спикері  топ  жұмысын  қорғайды.
  4. Мұғалім  оқушылардың  ойын  қорытындылайды.

Аңыз

Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі  бір-бірінен  артықшылығын  салыстырып  таласып  сарапқа  түсіпті. Сарапшылар  оларға  былай  депті.:

Бірінші – бақытқа: сен, тұрақсыз,  опасызсың, орныңды  таңдамай  қонасың,  қонғаныңды  ісінтесің, тасытасың, ақырында  бір  күні  лақтырып  тастап  кетесің.  Ақылмен  байланыс,  сонда  көп  жасайсың,-депті.

Екінші – ғылымға: дүниеде  сенен  күшті  нәрсе  жоқ, қара  тасты  қайнатасың, дүниежүзін  жайнатасың, сақауды  сайратасың, жоқты  бар, бардан  жоқ  жасайсйң,  бірақ  та  бар  ғаламды  өзіне бағындырғың  келеді, бағынбағанды  демде  әлек  қыласың.  Түзеу  де, бұзу  да  сенен  шығады.  Ақылмен  байланыс.  Сонда  абыроймен  ұзақ  жасайсың,-депті.

Үшінші – ақылға: дүниеде  адамзатқа сенен  артық  дос  жоқ. Бірақ та  ашу  үстіңе  кіріп  келгенде,  орныңды  беріп  шығасың  да, кетесің. Ашу  бүлдіріп – бүлдіріп  кеткен  соң, кіресің  де  ашудың  бүлдіргенін  оңдайсың. Әуелден  орныңнан  тұрмай  отырсаң,  ашу  сенің  үстіңе  кірмеген  болар  еді.

Барыңдар, ақыл, сен  адам  бол, ғылым, сен ат  бол, бақыт, сен қамшы  бол.  Үшеуің  біріксең, ешбір  мұқтаждарың  болмайды,-депті.

ІІІ  Ой   толғау   «Түйінді  сөздер»

Әр  оқушыға  берілген  түйінді  сөзді  бүгінгі  тақырыппен  байланыстырып  өз  ойын  айтуы  керек.

Түйінді  сөздер:

Отан, мектеп,  болашақ,  өркениет, халық, қоғам, адам, тұлға, экономика, әдеп, құрмет, әлем, қазына, байлық, талап  т.б.

(Жоғарыда  көрсетілген  үш фаза  және  нақыл  сөздер  бәрі  де слайдтар   арқылы  интерактивті  тақтада көрсетіліп   отырады.)

Қосымша 2

Тәрбиедегі ата- ананың рөлі

Бала тәрбиесі- ата- ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата- ананың үйдегі іс- әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бала тәбиесінің алтын қазығы – туған ұясы, өз отынын басындағы ата- ана тәрбиесі, өнегсі. Қазақта “Баланың бас ұстазы- ата - анасы” деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс алмаса ,есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді.

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл – Фараби “ Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” – десе, Жан – Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шимайды қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді” деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы ,ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Бала ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі . Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесә. Халықтық педагогикадағы ұрпақ тәрбиесіне келетін болсақ: бұрын қазақ халқының әрбір отбасы өзінің ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуді жеке басының жұмысы деп қарамай, ұлтының, Отанының ертеңі, болашағы тұрғысынан өзнің қоғамдық борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата- ана баласын ар – намысты болуға, адамгершілікке , мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Үмітті ұрпақ деп қараған баланы баулып тәбиелеуге бір ауыл, бір рулы ел ғана емес, тіпті бір тайпалық ел ақсақалдары мен атқа мінерлері, көсемдері мен шешендері тегіс көңіл бөлетін болған. Оны ата – бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін – ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық уйден  тыю болған.

Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп - өркендеп, тәлім- тәрбие алатын қасиетті ұясы. Ал әйел- қасиетті ұяның алтын тірегі отбасының ұйтқысы.

Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар.

Адам болудың парызы тек осы қырық тыйымға ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар ер балаларға да арналған өсиеттер қалдырған. Мысалы,

Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі

Өзіне келер ұятты,
Өзі біліп тұрса игі

Қазақ халқы адамның жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен  түйіндейді.

Олар мыналар:

1. Адамның басшысы- Ақылы                5. Қорғаны- Сабыр
2. Жетекшісі- Талап                                 6. Қорғаушысы- Мінез
3. Жолаушысы- Ой                                  7. Сынаушысы – Халлық
4. Жолдасы- Кәсәп

Сондықтан ата- ана, ұстаздар болып жас ұрпаққа жан- жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

Жалпы диагностикалауды үш бағытта жүргізуге болады:

  1. Оқушының білім сапасын диагностикалау
  2. Мұғалімнің қызметін диагностикалау
  3. Жеке оқушының дамуын диагностикалау

Үшінші бағыт бойынша оқушы  мүмкіндігін терең зерттеп, мінезіндегі ерекшеліктері мен қабілетін, оның  белсенділігі мен талап тілегін және отбасы ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана педагогикалық білім мен психология өз үйлесісін табады.

Отбасының қазіргі кезеңдегі  функциялары

-         тәрбиелік
-         рухани – адамгершілік
-         таным – білімділік
-         тұрмыстық
-         еңбекқорлық
-         мәдени білімділік
-         шығармашылық – демалыс

Отбасының негізгі міндттері:

-         баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыруы
-         бала денсаулығына қамқорлық жасау
-         баланың оқуына көмек беріп отыру
-         еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу
-         баланың жан- жақты дамуына көмектесу
-         баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыиу
-         баланы өзін - өзі тәрбиелеуге, дамытуға бейімдеу
-         балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Отбасының  тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:

-         отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым- қатынас)
-         жанұя өмірінің тәсілі
-         ұрпақтар сабақтастығы (әке, шеше, ата ,апа, балалар)

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары

-         тәрбиелік- дамытушылық
-         қалыптастырушылық
-         бақылаушылық
-         тұрмыстық
-         хабарламалық

Міндеттер:

-         ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру
-         ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру
-         ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру

Сынып жетекшісінің ата – аналармен  қарым – қатынасының формалары

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:

-         ата- аналар жиналысы
-         жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар
-         ұстаздың жеке  ақынл – кеңесі, әңгімесі
-         оқушылардың үйін аралау
-         ата – аналар университеті
-         ашық есік күні

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары:

-         тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме
-         ата –аналар оқуы
-         ата –аналар кеші
-         ата – аналар тренингі

Ата – аналарға кеңес берудің тақырыптық   мысалдары:

-         Бала оқығысы келмейді. Оған қалай көмек көрсету керек?
-         Баланың есте сақтау қабілеті нашар. Қалай дамыту қажет?
-         Жанұядағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиыншылықтарды бөлісу жолдары.
-         Балаларды жазалаудың қандай жолдароы бар?
-         Жанұядағы түсініспеушілік және дөрекілік

Ата – аналар жиналысы- ата –аналарға педагогикалық білім береді, олардың педагогикалық мәдениетін көтереді, баланы тәрбиелеуге көмектеседі, мектептің оқу- тәрбиесіндегі мінбеттерді жүзеге асыруда ата –аналардың белсенділігін көтереді, ынтымақтастықты нығайтады.

Ұйымдастыру ата –ана жиналысы

Жиналыстың мақсаты: Сынып оқушыларының ата –анасымен танысу, ата – аналарды өзара таныстыру, ата – аналарды мектептегі жұмыстарға тарту.

Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:

-         ата- аналардың қызғушылық басымдылықтарын білу
-         ата – аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжымымен өткізетін шығармашылық, белсенді іс - әректтерінің жоспарымен таныстыру
-         ата –аналар комитетінің сайлауын өткізу

Ұйымдастыру ата –аналар жиналысында төмендегі сұрақтарға жауап алынуы тиіс:

  1. Ата –аналардың аты – жөні, тегі
  2. Туған жылдары , білімі
  3. Мекен – жайы, телефоны
  4. Ата – аналардың мамандығы, кәсібі
  5. Жанұядағы бала саны, жас мөлшерлері
  6. Толық немесе толық емес жанұя
  7. Бала дамуындағы ерекшелік (Дәрігерлік есепте, жиі ауырады, т. с.с.)

Ұйымдастыру ата – аналар жиналысының үлгісі

  1. сынып жетекшесінің кіріспе сөзі
  2. оқушылардың ата –анасы өзара танысады
  3. сынып жерекшісі ата – аналарды оқу – тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен, мектеп дәстүрлерімен таныстырады
  4. мектеп бойынша экскурсия
  5. ата – ана комитетін сайлау

Тақырыптық ата –аналар жиналысының үлгісі

Тақырыбы: Адамның тұлғалық мәдени қасиетін дамытудағы кітаптын рөлі

Өткізу формасы: Дөңгелек үстел

Жиналыс оқушыларымен бірге өтеді. Ата –аналар арасында сауалнамалар жүргізіледі. Саулнама қорытындысы сынып жетекшісінің келешегі, жұмысына қажет.

Пікір  алатын сұрақтар:

  1. Мектеп кітапханасының оқырмандар туралы қорытынды сараптамасы. Кітапты көп оқитын оқушыларды марапаттау
  2. Пән мұғалімдерінің оқулықтардың сақталуы, оған қойылатын талаптар тупралы пікірлері
  3. Ата –аналар мен оқушылардың ой пікірлері

-         жанұядағы кітап қоры
-         бідің жанұядағы дәстүр
-         оқушылардың кітап оқуға көзқарасы

  1. Ата –аналарға әзірленген анкеталық сұрақтар

-         балаңыз кітап оқуды сүйе ме?
-         балаңыз жақсы  кітапты сыйлық санай ма?
-         Жанұяда қандай кітаптар оқисыздар?

Қортынды ата – аналар жиналысының үлгісі

Тақырыбы: Өткен оқу жылының қорытындысы “сынып парақтары”

Өткізу формасы: Ауызша журнал

Жиналыс ата – аналар мен оқушылардың бірігуімен өтеді. Кездесу қызықты, ерекше салтанатты түрде өтуі керек.

1-       парақ. “біздің сабақтардағы сәтіміз …” ( сабақтардан фрагмент)
2-       парақ. “біз үзіліс кездерінде…” (сергіту сәттері, ойындары)
3-       парақ. “ сабақтан соңғы уақытта…” ( сыныптағы жыл бойында ең жақсы өткен іс- шаралардан көрініс)
4-       парақ. “біздің шығармашылық …”
5-       парақ. “біз және біздің ата -аналарымыз”
6-       парақ. “біздің жазғы жоспарларымыз”

Ұстаздар мен ата – аналарға кеңес:

-         егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды
-         балаға үнемі күлсе , ол бұйығы болып кетеді
-         баланы мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды
-         баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды
-         бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді
-         бала адалдықта өссе, ол адал болып жетіледі
-         бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды
-         бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі
-         бала түсінікте және сүйіспеншілікте өөссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді

Қолданған  әдебиеттер:

1. «12  жылдық  білім»  журналдары
2. «Дауыс пен  көрініс»  журналдары
3. «Сынып  жетекшісы»  журналдары
4. «Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар»  журналдары
5. «Мектептегі  мерекелер»  журналдары
6. Интернет  желісі

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.